Electrolux EMC28950S Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka
EMC2895
................................................ .............................................
KK МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RO CUPTOR CU MICROUNDE MANUAL DE UTILIZARE 22
RU МИКРОВОЛНОВАЯ ПЕЧЬ ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
41
SK MIKROVLNNÁ RÚRA NÁVOD NA POUŽÍVANIE 62
SL MIKROVALOVNA PEČICA NAVODILA ZA UPORABO 81
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
7. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
10. РЕЦЕПТІЛЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Құрылғы мен оның қуат сымын 8 жасқа толмаған
балалардан алыс ұстаңыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының қызметкерлерге арналған ас бөлмелерінде;
ҚАЗАҚ 3
–ферма үйлерінде;
қонақ үй, мотель және басқа тұрғынды жерлердегі
пайдаланушылар;
төсек және таңғы ас ұсынатын қонақжайларда.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына зақым келсе,
құрылғыны білікті маман жөндегенше пайдалануға
болмайды.
Тек білікті маман ғана микротолқын қуатынан қорғайтын
қақпақты алуды қажет ететін техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу жұмыстарын іске асыруға тиіс.
Сұйық заттарды және басқа тағамдарды тұмшаланған
сауытта қыздыруға болмайды. Жарылып кетуі мүмкін.
Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын ыдыстарды
ғана пайдаланыңыз.
Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам қыздырған кезде,
құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз, тұтанып кетуі
мүмкін.
Бұл тағамдарды және сусындарды қыздыруға ғана арналған
құрылғы. Тағам немесе киім кептіру және қыздырғышты,
жөкелерді, дымқыл шүберекті және сол сияқты затты
қыздыру, жарақат алу, тұтану немесе өрт пайда болуға
әкелуі мүмкін.
Егер түтін шыққаны байқалса, жалынды тоқтату үшін
құрылғыны сөндіріп немесе розеткасын ағытып, есігін жабық
ұстаңыз.
Сусындарды микротолқынмен қыздырған кезде кенет тасып
төгілуі мүмкін. Сауытты абайлап ұстау керек.
4
www.electrolux.com
Баланы тамақтандыратын шөлмектердің және баланың
тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер алдында
араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін
температурасын тексеру керек.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды немесе бітеулей
пісірілген жұмыртқаларды құрылғыда қыздырмау керек,
себебі олар микротолқынмен пісіріп болғаннан кейін де
жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғыны уақытылы тазалап, тағамның қалдықтарын алып
отыру керек.
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне теріс әсер етуі
және қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Пешті ас бөлменің ішіндегі кез келген жерге
орналастыруға болады. Пешті жазық әрі
тегіс бетке орналастырыңыз және пештің
астыңғы бетінің желдеткіш
саңылауларының (жеткілікті түрде
желдетілуі үшін) бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш сыммен
жалғанса, сымның жерге тұйықталуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
ҚАЗАҚ 5
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат
сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына
тағамның шашырауына немесе тазартқыш
зат қалдығының жиналуына жол бермеңіз.
Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
8 67 5
1 2 3 4
1
Шам
2
Қауіпсіздік бекітпесінің жүйесі
3
Бейнебет
4
Басқару панелі
5
Есік ашқыш
6
Толқын бағыттағыштың қақпағы
7
Гриль
8
Бұрылмалы табақтың білікшесі
3.1 Керек-жарақтары
Бұрылмалы табақтың жинағы
Шыны пісіру науасы және айналмалы
бағыттағыш.
Құрылғыда тағам пісіру үшін үнемі
бұрылмалы табақ жинағын
пайдаланыңыз.
6
www.electrolux.com
Гриль торы
Тағамнан гриль жасауға және аралас
режиммен пісіруге арналған.
Пісіруге арналған жинақ
Нан пісіру үшін зат жабыспайтын қаптамасы
бар шара және миксер.
Өлшегіш құралдар жинағы
Мөлшерін анықтауға арналған.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
4.2 Уақытты орнату
Құрылғыны электр желісіне қосқаннан
кейін немесе электр қуаты өшіп
қалғаннан кейін бейнебетте 0:00
пайда болады және дыбыстық сигнал
естіледі.
1.
түймешігін қайта-қайта басып, сағат
жүйесін орнату үшін 24 немесе 12 сағат
жүйесін орнатыңыз.
2.
Сағатты енгізу үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4.
Минутты енгізу үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
5.
түймешігін басып растаңыз.
ҚАЗАҚ 7
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Белгіше Функция Сипаттама
1
Бейнебет
Параметрлер мен ағымдық
уақытты көрсетеді.
2
Нан пісіру түймешігі
Нан пісіретін бағдарламаларды
бастауға арналған.
3
Функция түймешігі
Микротолқын / гриль / аралас
пісіру режимін таңдауға
арналған.
4
Конвекциямен пісіру
түймешігі
Конвекциямен пісіруге арналған.
5
Жібіту түймешігі
Тағамды салмағы немесе
уақыты бойынша жібітуге
арналған.
6
Сағат түймешігі Сағатты қоюға арналған.
7
Тоқтату / Өшіру
түймешігі
Құрылғыны сөндіруге немесе
пісіру параметрлерін жоюға
арналған.
8
Бастау / +30 сек.
түймешігі
Құрылғыны іске қосуға немесе
пісіру уақытын ең үлкен қуатты
пайдаланып, 30 секундқа
көбейтуге арналған.
8
www.electrolux.com
Белгіше Функция Сипаттама
9
Параметр тетігі
Пісіру уақытын, салмақ
параметрін орнатуға немесе авт.
пісіру бағдарламаларын қосуға
арналған.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
6.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Қосқыңыз келген функциясы бар
түймешікті пайдаланыңыз.
2.
Қажетті функцияны орнату үшін
түймешікті қайта-қайта басыңыз немесе
Параметр тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4.
Қажетті уақытты орнату үшін Параметр
тетігін бұраңыз.
5.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
6.
Құрылғыны сөндіру үшін:
уақыт аяқталып, құрылғы автоматты
түрде сөнгенше күтіңіз.
есікті ашыңыз. Құрылғы автоматты
түрде тоқтайды. Пісіруді жалғастыру
үшін есікті жабыңыз. Тағамды қарау
үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
түймешігін басыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам болмаса
іске қоспаңыз.
6.2 Құрылғыны пайдалануға
қатысты жалпылама ақпарат
Жалпы:
Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз.
Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
Егер мүмкін болса, тағамды микротолқынға
сай келетін материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе,
қақпақ жаппай пісіріңіз
Қуат және уақыт параметрлерін тым
жоғары мәнге қойып, тағамды қатты
пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп немесе оның
кей жерлері жанып кетуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны немесе шырышты
қабықтарымен пісіру үшін пайдаланбаңыз,
себебі жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны
қуыру үшін әуелі сарысын тесіп алыңыз.
"Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тәрізді тағамдарды
пісіретін кезде, жарылып кетпес үшін
бірнеше рет шанышқымен тесіп қойыңыз.
Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ тәрізді
тығыз тағамдарды суға салып пісіру керек.
Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
Егер мүмкін болса, көкөністерді кішкенелеп
тураңыз.
Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене тесігі
бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып жіберуі
мүмкін.
Шыны пісіру науасы тағам мен сусындарды
қыздыруға арналған. Бұл микротолқынды
пештің жұмысы үшін қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
Мұздатылған, оралмаған тағамды ыдыстың
үстіне төңкерілген кішкене табаққа
қойыңыз, сонда жібіген сөлі ыдысқа
жиналады.
Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін болса,
ҚАЗАҚ 9
жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де, алып
қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін, кваркты
жібіту:
Тағамды құрылғының ішінде әбден
жібітпеңіз, бөлме температурасында
жібітіңіз. Сонда барынша біркелкі жібиді.
Жібіту алдында темір немесе алюминий
орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту:
Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда әбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ микротолқын
қуатын пайдалануға болады.
Дайын тағамдар:
Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға жараса
ғана, құрылғыда дайындауға болады.
Орам материалында көрсетілген өндіруші
нұсқауларын (мысалы, темір қақпақты алу
және пластик таспаны тесу) орындаңыз.
Жарамды ыдыстар мен материалдар
Ыдыс-аяқ/Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау /
Конвекци
я
Жібіту Қыздыру Пісіру
Тұмшапешке төзімді шыны және
керамика (ешбір бөлігі металл емес,
мысалы, пирекс, қызуға төзімді шыны)
X X X X
Тұмшапешке төзімді емес шыны және
керамика
1)
X -- -- --
Тұмшапешке/аязға төзімді материалдан
(мысалы, аркофлам) жасалған шыны
және керамика ыдыс, гриль сөресі
X X X X
Керамика
2)
, фарфор ыдыстар
2)
X X X --
200 °C градусқа дейін қызуға төзімді
пластик
3)
X X X --
Картон, қағаз X -- -- --
Таспа X -- -- --
Микротолқынға төзімді қаптамасы бар,
қуыруға арналған таспа
3)
X X X --
Металдан, мысалы. эмаль, құйылған
шойыннан жасалған, тағам қуыруға
арналған ыдыстар
-- -- -- X
Қара лак немесе силиконмен қапталған
пісірме қалбырлар
3)
-- -- -- X
Пісірме табақ -- -- -- X
Жұқа табақ немесе кранч табағы тәрізді
браунинг ыдыстары
-- X X --
Орамы бар дайын тағамдар
3)
X X X X
1)
Ешбір күміс, алтын, платина қоспасы жоқ немесе металмен жалатылмаған/безендірілмеген ыдыстар
10
www.electrolux.com
2)
Кварц немесе темір бөліктері жоқ немесе темір қосылып безендірілмеген
3)
Өндірушінің ең үлкен температураға қатысты нұсқауларын орындау керек.
X жарамды -- жарамсыз
6.3 Қуат параметрін орнату кестесі
Функция
түймешігін
басыңыз
Қуат параметрлері
Қуаттың пайызбен берілген болжалды
мөлшері
1 рет P100 100 %
2 рет P 80 80 %
3 рет P 50 50 %
4 рет P 30 30 %
5 рет P 10 10 %
Басқа функциялар
Функция
түймешігін
басыңыз
Қуат параметрлері Функция режимі
6 рет G – 1 Бүтін қақтама
Аралас пісіру режимі
7 рет C – 1 Микротолқындар, Конвекция
8 рет C – 2 Микротолқындар, Гриль
9 рет C – 3 Гриль, Конвекция
10 рет C – 4 Микротолқындар, Гриль, Конвекция
6.4 Жылдам бастау
түймешігін басып, құрылғыны ең үлкен
қуатпен 30 секунд қосыңыз. Түймешікті
қосымша басқан сайын пісіру уақыты 30
секундқа көбейеді. Ең үлкен пісіру уақыты
95 минут.
Күту режимінде Параметр тетігін сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап пісіру
уақытын орнатыңыз, содан кейін
құрылғыны толық микротолқын қуатына
қойып бастау үшін
түймешігін
басыңыз.
6.5 Жібіту
2 жібіту режимінің біреуін таңдауға болады:
Салмақ бойынша жібіту
•Уақыт бойынша жібіту
Салмақ және уақыт бойынша жібіту
1.
Салмақ бойынша жібіту үшін
түймешігін бір рет, уақыт бойынша жібіту
үшін екі рет басыңыз.
2.
Қажетті салмақты немесе уақытты орнату
үшін Параметр тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
Салмақ бойынша жібіту
функциясында уақыт өздігінен
қойылады. Салмақ бойынша жібіту
функциясын мұздатқыштан 20
минуттан бұрын алынған немесе
мұздатылған дайын тағамдар үшін
пайдаланбаңыз.
Салмақ бойынша жібіту функциясын
қосу үшін 100 гр-нан көп және 2000
гр-нан аз тамақ пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 11
200 гр-нан аз тағамды жібіту үшін,
тағамды бұрылмалы табақтың шетіне
қойыңыз.
6.6 Пісіру
Тағамды ең көбі 3 қадамды пайдаланып
пісіруге болады. Егер қадамдардың бірі жібіту
қадамы болса, оны бірінші қадам ретінде
орнатыңыз.
Көп циклды пісіру:
1.
түймешігін басып, жібіту режимін
орнатыңыз.
2. Жібіту уақытын немесе тағам салмағын
орнату үшін Параметр тетігін басыңыз.
3. Қажетті қуат деңгейін таңдау үшін
Функция түймешігін басыңыз немесе
Параметр тетігін бұраңыз.
4.
түймешігін басып растаңыз.
5. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
6.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
Әр циклдан кейін дыбыстық сигнал естіледі.
6.7 Конвекциямен пісіру
Жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін
құрылғыны дұрыс температураға дейін алдын
ала қыздырыңыз.
Алдын ала қыздыру функциясын пайдаланып,
конвекциямен пісіру:
1.
түймешігін басыңыз.
2.
Температураны орнату үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз немесе
Параметр тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4.
Алдын ала қыздыра бастау үшін
түймешігін басыңыз. Дыбыстық сигнал
естілген кезде, температура орнайды
және дисплейде жыпылықтайды.
5. Тағамды салыңыз.
6. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
7.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
Пісіру уақытын құрылғы алдын ала
қыздырылған кезде ғана кіргізе
аласыз. Егер пісіру уақытын 5 минут
бойынша енгізбесеңіз, 5 дыбыстық
сигнал естіледі де, құрылғы күту
режиміне ауысады.
Алдын ала қыздыру функциясын пайдаланбай
пісіру үшін 4 циклын өткізіңіз.
6.8 Гриль жасау немесе Аралас
режиммен пісіру
1. Функция түймешігін басыңыз.
2. Қажетті функцияны орнату үшін Параметр
тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4. Уақытты орнату үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
5.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
6.9 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы құрылғыны
кездейсоқ іске қосуға жол бермейді.
Бала қауіпсіздігінің құралын қосу немесе
сөндіру үшін
түймешігін дыбыстық сигнал
естілгенше 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Бала қауіпсіздігінің құралы қосылған кезде
бейнебетте
пайда болады.
7. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
7.1 Auto Cooking (Автоматты пісіру)
Тағамды оңай пісіру үшін Автоматты пісіру
функциясын пайдалануға болады.
1. Күту режимінде тұрғанда қажетті мәзірді
таңдау үшін Параметр тетігін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
2.
түймешігін басып растаңыз.
3. Мәзірдің салмағын орнату үшін Параметр
тетігін бұраңыз.
12
www.electrolux.com
4.
түймешігін басып растап, құрылғыны
іске қосыңыз.
Мәзір Салмағы Қуаттың пайызбен
берілген болжалды
мөлшері
A1
Ысыту
150 г
250 г
350 г
450 г
600 г
100 %
A2
Картоп
1 (шамамен 230 г)
2 (шамамен 460 г)
3 (шамамен 690 г)
100 %
A3
Ет
150 г
330 г
450 г
600 г
100 %
A4
Көкөніс
150 г
350 г
500 г
100 %
A5
Балық
150 г
250 г
350 г
450 г
650 г
80 %
A6
Макарон
50 г (450 мл су қосыңыз)
100 г (800 мл су қосыңыз)
150 г (1200 мл су қосыңыз)
80 %
A7
Сорпа
200 г
400 г
600 г
100 %
A8
Торт
475 г
160 градуста алдын ала
қыздырыңыз
A9
Пицца
200 г
300 г
400 г
C - 2
A10
Тауық еті
500 г
750 г
1000 г
1200 г
C - 4
Торт мәзірі үшін алдын ала қыздыру
қажет.
7.2 Кешіктіріп бастау
Құрылғыны ең көбі 3 циклға алдын ала
бағдарламалауға болады.
1. Функция түймешігін басып, қуат деңгейін
орнатыңыз.
2. Пісіру уақытын орнату үшін Параметр
тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны бастауды бағдарламалау үшін
түймешігін басыңыз.
4. Сағатты енгізу үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
5.
түймешігін басып растаңыз.
ҚАЗАҚ 13
6. Минутты енгізу үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
7.
Параметрді аяқтау үшін
түймешігін
басыңыз.
Орнатылған уақытқа жеткен кезде
құрылғы автоматты түрде басталады.
7.3 Нан пісіру
Нан пісіру функциясын пайдаланбай
тұрып бұрылмалы табақ пен
бұрылмалы табақтың білікшесін
алып, содан кейін пісіруге арналған
жинақты орнатыңыз.
1.
түймешігін басыңыз.
2. Нан пісіру үшін қажет бағдарламаны
орнату үшін
түймешігін қайта-қайта
басыңыз немесе Параметр тетігін
бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4.
Нанның қажетті салмағын орнату үшін
түймешігін қайта-қайта басыңыз немесе
Параметр тетігін бұраңыз.
5.
түймешігін басып растаңыз.
6. Нанды қызарту үшін қажет параметрді
орнату үшін
түймешігін қайта-қайта
басыңыз немесе Параметр тетігін
бұраңыз.
7.
түймешігін басып растаңыз.
8.
Құрылғыны бастау үшін
түймешігін
басыңыз.
Пісіруді болдырмау үшін
түймешігін басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз.
Нан пісіруге арналған бағдарламалар
b - 1 Ақ нан
b - 2 Турбо нан
1)
b - 3 Таза бидай наны
b - 4 Тәтті нан
b - 5 Француз наны
b - 6 Қамыр наны
2)
1)
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ.
2)
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ. Қызарту
функциясы жоқ.
Нанның салмағы
800 г
1000 г
1200 г
Нанды қызарту
COL1 Шамалы қызарту
COL2 Орташа қызарту
COL3 Қатты қызарту
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
14
www.electrolux.com
8.1 Бұрылмалы табақ жинағын орнату
1.
Бұрылмалы табақ білікшесінің
айналасына айналмалы бағыттағышты
салыңыз.
2.
Шыны пісірме науаны айналмалы
бағыттағышқа орнатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тағамды бұрылмалы табақ жинағын
пайдаланбай пісіруге болмайды. Осы
құрылғымен бірге жеткізілген
бұрылмалы табақ жинағын ғана
пайдаланыңыз.
Тағамды ешқашан шыны пісіру
науасына тура салып пісірмеңіз.
8.2 Гриль торын салу
Гриль торын бұрылмалы табақ жинағына
орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 15
8.3 Пісіруге арналған жинақты орнату
A
B
C
1.
Қамыр миксерін (A) зат жабыспайтын
қаптамасы бар шараның білікшесіне
жиектерін (B) келтіріп орнатыңыз.
2.
Қоспалардың барлығын салу үшін
мөлшер өлшегіш құралдар жинағын
пайдаланыңыз.
3.
Шараны бұрылмалы табақ білікшесінің
(C) астындағы ұяшыққа салыңыз.
Шараның астындағы тесіктердің
құрылғының ұстағыштарына келгеніне
көз жеткізіңіз.
4.
Пісіруге арналған жинақты сағат тілінің
бағытымен бекітілгенше бұраңыз.
Шараның көрсеткі тәрізді белгісінің,
құрылғының көрсеткісіне сай келгеніне
көз жеткізіңіз.
Пісіруге арналған жинақты
пайдаланбай тұрып, дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
9.1 Микротолқынға қатысты ақыл-кеңес
Ақаулық Шешімі
Дайындалған тағамның мөлшеріне
қатысты мәліметті таба алмадыңыз.
Ұқсас тағамды іздеңіз. Келесі ережеге сүйеніп
тағам пісіру уақытын созыңыз немесе
азайтыңыз. Мөлшері екі есе болса = уақытты екі
есе көбейтіңіз, Жарты тағамға = уақыттың
жартысы қажет
Тағам тым кебір болып кетті. Қысқа пісіру уақытын қолданыңыз немесе
төменірек микротолқын қуатын таңдаңыз.
Уақыт аяқталған кезде тағам жібіген
жоқ, ыстық емес немесе піспеді.
Ұзағырақ пісіру уақытын қолданыңыз немесе
жоғары қуатты таңдаңыз. Көп тағамға ұзағырақ
уақыт қажет.
Пісіру уақыты аяқталған кезде
тағамның шеттері қатты қызып кетеді,
бірақ ортасы әлі піскен жоқ.
Келесі жолы төменірек қуат мәнін және ұзағырақ
уақытты таңдаңыз. Сұйық тағамды, мысалы,
сорпаны пісіру уақытының ортасына келгенде
араластырыңыз.
Жалпақ, кең ыдысты қолдансаңыз, күріш
жақсы піседі.
9.2 Жібіту
Қуырылатын тағамның майлы жағын үнемі
төмен қаратып жібітіңіз.
Етті жауып жібітпеңіз, себебі ет жібімей, пісіп
кетуі мүмкін.
Әрқашан бүтін тауықтың төс жағын төмен
қаратып жібітіңіз.
16
www.electrolux.com
9.3 Пісіру
Тоңазытылған ет пен құс етін пісірерден кем
дегенде 30 минут бұрын алып қойыңыз.
Етті, құс етін, балықты және көкөністерді
пісіріп болғаннан кейін қақпақ жауып қойыңыз.
Балықтың үстіне шамалы көкөніс майын
немесе еріген сары май жағыңыз.
Әр 250 г көкөніске 30 - 45 мл суық су қосыңыз.
Жас көкөністерді пісірер алдында біркелкі етіп
тураңыз. Көкөністердің барлығын қақпағы бар
сауытқа салып пісіріңіз.
9.4 Қыздыру
Орамдағы дайын тағамдарды қыздырған
кезде, әрқашан орамдағы нұсқауларды
орындаңыз.
9.5 Гриль жасау
Жайпақ тағам түрлерін гриль торының
ортасына қойып қуыруға арналған.
Орнатылған уақыттың ортасына келгенде
тағамды аударып, қуыруды жалғастырыңыз.
9.6 Конвекциямен пісіру
Тағамды дәстүрлі тұмшапеште пісірген тәрізді
пісіре аласыз.
Ешбір микротолқындар пайдаланылмайды.
9.7 Аралас пісіру режимі
Кей тағамдарды қытырлақ күйде ұстау үшін
Аралас пісіру режимін пайдаланыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткенде
тағамдарды аударып, пісіруді жалғастырыңыз.
Аралас пісіру функциясына арналған 4 режим
бар. Әр режим әр түрлі уақытта және әр түрлі
қуат деңгейлерінде, микротолқын, гриль және
конвекция функцияларын біріктіріп
пайдаланады.
9.8 Нан пісіру
Пісіру бағдарламасын пайдаланғанда, нанды
бастапқы 30 минут ішінде ғана қарауға
болады. Әйтпесе, қамыр дұрыс көтерілмеуі
мүмкін.
10. РЕЦЕПТІЛЕР
Барлық қоспаларды дұрыс өлшеп, кестеде
көрсетілген ретпен қосыңыз.
Ақ нан
b - 1
Қоспалар Кішкене
800 г
Орташа
1000 г
Үлкен
1200 г
Жылы су 205 мл 310 мл 360 мл
Күнбағыс майы 1 ас қасық 1,5 ас қасық 2 ас қасық
Тұз 1 шай қасық 1,5 шай қасық 2 шай қасық
Қант 1,5 ас қасық 2 ас қасық 3 ас қасық
Ұнтақ сүт 1 ас қасық 1,5 ас қасық 2 ас қасық
Ұн 350 г 525 г 675 г
Ұнтақ ашытқы 1,5 шай қасық 2 шай қасық 3 шай қасық
Турбо нан
b - 2
Қоспалар Кішкене
800 г
Орташа
1000 г
Үлкен
1200 г
Жылы су 240 мл 350 мл 400 мл
ҚАЗАҚ 17
Қоспалар Кішкене
800 г
Орташа
1000 г
Үлкен
1200 г
Күнбағыс майы 1,5 ас қасық 2 ас қасық 2,5 ас қасық
Тұз 1 шай қасық 1,5 шай қасық 2 шай қасық
Қант 1,5 ас қасық 2 ас қасық 3 ас қасық
Ұнтақ сүт 1 ас қасық 1,5 ас қасық 2 ас қасық
Ұн 310 г 500 г 650 г
Ұнтақ ашытқы 1,5 шай қасық 2 шай қасық 3 шай қасық
Таза бидай наны
b - 3
Қоспалар Кішкене
800 г
Орташа
1000 г
Үлкен
1200 г
Жылы су 250 мл 375 мл 425 мл
Ерітілген сары май 20 г 30 г 40 г
Тұз 1 шай қасық 1,5 шай қасық 2 шай қасық
Қоңыр қант 2 ас қасық 3 ас қасық 4 ас қасық
Ұнтақ сүт 1,5 ас қасық 2 ас қасық 3 ас қасық
Таза бидай ұны 300 г 500 г 625 г
Ұнтақ ашытқы 1,5 шай қасық 2 шай қасық 3 шай қасық
Тәтті нан
b - 4
Қоспалар Кішкене
800 г
Орташа
1000 г
Үлкен
1200 г
Жылы су 180 мл 240 мл 300 мл
Шайқалған
жұмыртқа
1 2 3
Ұнтақ сүт 2 ас қасық 2,5 ас қасық 3 ас қасық
Ерітілген сары май 25 г 35 г 45 г
Тұз 1 шай қасық 1,5 шай қасық 2 шай қасық
Ұн 225 г 300 г 375 г
Ұнтақ ашытқы 1,5 шай қасық 2 шай қасық 3 шай қасық
Нанды жасай бастағаннан кейін 15 минут өткенде, төменде көрсетілген қоспаларды
қосып, қамыр илеп, есігін жауып пісіруді жалғастырыңыз.
Бадам жаңғағы 45 г 50 г 55 г
Мейіз 35 г 40 г 45 г
Құрғақ жеміс
қоспасы
35 г 40 г 45 г
Даршын 0,5 ас қасық 0,75 ас қасық 1 ас қасық
18
www.electrolux.com
Француз наны
b - 5
Қоспалар Кішкене
800 г
Орташа
1000 г
Үлкен
1200 г
Жылы су 165 мл 250 мл 290 мл
Күнбағыс майы 1 ас қасық 1,5 ас қасық 2 ас қасық
Тұз 1 шай қасық 1,5 шай қасық 2 шай қасық
Қант 1 ас қасық 1,25 ас қасық 1,75 ас қасық
Ұн 350 г 400 г 425 г
Ұнтақ ашытқы 1,5 шай қасық 2 шай қасық 2,5 шай қасық
Қамыр наны
1)
b - 6
Қоспалар Кішкене
800 г
Орташа
1000 г
Үлкен
1200 г
Жылы су 165 мл 290 мл 330 мл
Күнбағыс майы 1 ас қасық 1,5 ас қасық 2 ас қасық
Тұз 1 шай қасық 1,5 шай қасық 2 шай қасық
Қант 1,5 ас қасық 2 ас қасық 2,5 ас қасық
Ұнтақ сүт 1 ас қасық 1,5 ас қасық 2 ас қасық
Ұн 350 г 500 г 650 г
Ұнтақ ашытқы 1,5 шай қасық 2 шай қасық 3 шай қасық
1)
Қалаған рецептілеріңіз үшін қамырды пайдалануға болады.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін әдетте
қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
тазалағыштармен тазалаңыз.
Барлық керек-жарақтарды уақытылы
тазалап, құрғатыңыз. Шүберекті, жылы су
мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
Қатып қалған қоқыстарды жібіту үшін,
стакан суды ең жоғары микротолқын
қуатымен 2-3 минут қайнатыңыз.
Иістерді кетіру үшін стакандағы суға 2 шай
қасық лимон шырынын құйып, 5 минут ең
үлкен микротолқын қуатымен қайнатыңыз.
ҚАЗАҚ 19
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы тоққа қосылмаған. Құрылғыны тоққа қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
жанып кетсе, білікті электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Есік дұрыс жабылмаған. Есікке ешнәрсенің кедергі
келтірмей тұрғанын тексеріңіз.
Шам жанбайды. Шамда ақау бар. Шамды ауыстыру керек.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Темір ыдыстар немесе темір
жиекті ыдыстар
пайдаланылған.
Ыдысты құрылғыдан алыңыз.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Ішкі қабырғаларға темір істіктер
немесе алюминий жұқалтыр
тиіп тұр.
Темір істіктердің немесе
алюминий жұқалтырдың ішкі
қабырғаларға тимей тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Бұрылмалы табақ
жинағынан егеп
немесе сызғылап
жатқан дыбыс
шығады.
Шыны пісіру науасының
астында зат немесе қоқыс тұр.
Шыны пісіру науасының
астыңғы жағын тазалаңыз.
Құрылғы ешбір нақты
себепсіз жұмыс істеуін
тоқтатты.
Ақаулық орын алды. Егер осы жағдай қайталанса,
тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилерге немесе тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
қажет ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында жазылған.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық өмірі (S.N.) .........................................
20
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98
  • Page 99 99
  • Page 100 100

Electrolux EMC28950S Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka

V iných jazykoch