AEG HK894400FS Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Пісіру алаңы
SK Návod na používanie 24
Varný panel
HK894400FS
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 13
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 16
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................17
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 20
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................22
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ...........................................................................................23
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіндіктерін барынша толық
пайдалану үшін бірнеше минут уақытыңызды бөліп оқып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.aeg.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің
элементін, ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның
басқару тетігімен сөндіріңіз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз
Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатыңыз.
www.aeg.com4
Жұмыс алаңы мен оның астындағы
құрылғының алдыңғы жағында 2 мм
ауа алмасып тұратын саңылаудың
бар екеніне көз жеткізіңіз. Ауа
алмасып тұруға қажетті
саңылаудың жеткіліксіз болуына
байланысты орын алған ақауларға
өндіруші жауапты емес.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы
немесе ашасы (бар болса) ыстық
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпес үшін абай болыңыз
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Ең алғаш пайдалану алдында
барлық орам материалын,
жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан
кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
www.aeg.com6
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі
2 11
11
1
Индукциялық пісіру алаңы
2
Басқару панелі
3.2 Басқару панелінің көрінісі
1
7
8
9
10
2
3
4
5
6
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер,
индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
Сенсо
рлық
өріс
Функция Түсіндірме
1
ҚОСУ / СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
арналған.
2
Grill Function Функцияны іске қосады және сөндіреді.
ҚАЗАҚ 7
Сенсо
рлық
өріс
Функция Түсіндірме
3
STOP+GO Функцияны іске қосады және сөндіреді.
4
Cook Assist Функцияны қосуға арналған.
5
Power Boost Функцияны іске қосады және сөндіреді.
6
- Дисплей Жұмыс істейтін функцияларды көрсетуге
арналған.
7
- Басқару жолағы Қызу параметрін орнатуға арналған.
8
Minute Minder / Automatic
Counter / Power-off timer
Функцияны орнатуға және басқару
панелін бұғаттауға / құрсауын ағытуға
арналған.
9
/
- Параметрді орнатуға арналған.
10
- Параметрлерді растауға арналған.
3.3 Дисплей
0:48
A
B
C D
E
A) Құлып функциясы
B) STOP+GO функциясы
C) Пісіру алаңдары
D) Power-off timer
E) Minute Minder индикаторы
Бейнебеттегі пісіру алаңы Сипаттама
Пісіру алаңы жұмыс істейді. Жоғары: қызу параметрі,
төмен: таймер.
Keep Warm / STOP+GO функциясы жұмыс істейді.
Power Boost жұмыс істейді.
www.aeg.com8
Бейнебеттегі пісіру алаңы Сипаттама
Power Boost жұмыс істейді.
Алаң параметрі реттеліп тұр.
Пісіру алаңында ешбір ыдыс жоқ.
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
OptiHeat Control. Пісіру алаңы сөндірулі. Өлшемі мен
түстері қалдық қызуды көрсетеді:
Үлкен қызыл - әлі пісіп жатыр
Үлкен ашық қызыл - жылы ұстау
Кішкене ашық қызыл - әлі ыстық
Кішкене ақ - пісіру алаңы суық
3.4 Қалдық қызу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қалдық қызуға күйіп қалу
қаупі бар.
Индукциялық пісіру алаңдары тағам
пісіру үшін қажет қызуды ыдыс түбінен
тура жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу
пештің керамика бетін қыздырады.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
4.2 Автоматты түрде
сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
барлық пісіру алаңдары сөндірулі
болса,
пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
басқару панеліне бір нәрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан
артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық
қалса. Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
пештің үсті қатты қызып кетсе
(мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі
сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін
қайта қолдану алдында пісіру
алаңын салқындатыңыз.
егер сай келмейтін ыдыс
пайдаланылса. ? белгісі жанып,
пісіру алаңы 2 минуттан кейін
автоматты түрде сөнеді.
пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз.
Біраз уақыт өткеннен кейін пеш
сөнеді.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі
уақыт пен қызу параметрінің
арасындағы байланыс:
ҚАЗАҚ 9
Қызу параметрі Пештің үсті мына
уақыттан кейін
сөнеді:
1 - 3 6 сағаттан кейін
4 - 7 5 сағаттан кейін
8 - 9 4 сағаттан кейін
10 - 14 1,5 сағаттан кейін
4.3 Тілді таңдау
Тілді өзгерту үшін пешті арқылы
іске қосып, содан кейін белгісін
түртіңіз. Тіл мәзірін көрсеткінің
көмегімен орнатыңыз. Растау үшін
түймешігін басыңыз. Бейнебетте
тілдер тізімі көрсетіледі. Тілді орнату
үшін немесе түймешігін
басыңыз. Растау үшін
түймешігін
басыңыз.
4.4 Қызу параметрі
Қызу параметрін өзгертуге немесе
орнатуға арналған:
Басқару панеліндегі дұрыс қызу
параметрін басыңыз немесе басқару
панелін саусағыңызбен дұрыс қызу
параметрі орнағанға дейін түртіңіз.
4.5 Пісіру алаңдарын
пайдалану
Ыдысты пісіру алаңының бетіндегі
айқышқа / текшеге қойыңыз.
Айқышты / текшені ыдыспен толық
жабыңыз. Индукциялық пісіру
алаңдары, ыдыс табанының өлшеміне
автоматты түрде бейімделеді. Үлкен
ыдысты екі пісіру алаңына қатар
қойып, оларды бір уақытта
қолдануыңызға болады.
4.6 Grill Function
Бұл функцияны Maxisense
Plancha Grill
1)
керек-
жарақтар.
Бұл функция ыдыстың астындағы екі
сол жақ пісіру алаңын біріктіріп, бір
пісіру алаңы ретінде жұмыс істеткізеді.
Әуелі сол жақ пісіру алаңдарының
біріне қызу параметрін орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: түймешігін
басыңыз. Қызу параметрін орнату
немесе өзгерту үшін сол жақ басқару
жолақтарының бірін түртіңіз.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Пісіру алаңдары
дербес жұмыс істейді.
4.7 Автоматты түрде
қыздыру
Егер осы функцияны іске қоссаңыз,
қысқа уақыт ішінде қажетті қызу
параметріне қол жеткізесіз. Бұл
функция біраз уақыт қыздыру
параметрінің ең жоғары мәнін
орнатады да, содан кейін дұрыс
қыздыру параметріне дейін түсіреді.
Бұл функцияны іске қосу
үшін, пісіру алаңы суық
болуы керек.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе:
түймешігін
басыңыз. Жарамды қыздыру
параметрін дереу басыңыз. A жанады.
1)
құралдарымен бірге қолданыңыз. Керек-жарағы құрылғымен бірге жеткізілмейді. Қосымша
ақпаратты жергілікті жабдықтаушыдан алыңыз.
www.aeg.com10
Функцияны сөндіру үшін: қызу
параметрін өзгертіңіз.
4.8 Power Boost
Бұл функция индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Бұл
функцияны индукциялық пісіру алаңы
үшін уақытын шектеп қосуға болады.
Осы уақыт аяқталғаннан кейін,
индукциялық пісіру алаңы автоматты
түрде ең үлкен қызу параметріне
қойылады.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе: түймешігін
басыңыз. Шеңбер ішінде P жанады.
Пісіру алаңы қыза түскен кезде,
шеңбердің түсі өзгереді.
Функцияны сөндіру үшін: қызу
параметрін өзгертіңіз.
4.9 Cook Assist
Бұл функция ыдыстың
температурасын анықтайтын үш қуыру
деңгейінің бірін орнатуға көмектеседі.
Пеш тағам қуырған кезде көрсетілген
температураны автоматты түрде
сақтайды. Функцияны құрылғының сол
жақ алдыңғы пісіру алаңына орнатуға
болады.
Белгіше Қуыру
деңгейі
Ұсынылат
ын тағам
Төмен
деңгей
Жұмыртқа
Орта
деңгей
Құймақ
Жоғары
деңгей
Стейк
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қаптамасы бар ыдыстарға
нұқсан келмеу үшін және
қатты қызып кетпеу үшін
төмен және орташа пісіру
деңгейлерін ғана
пайдаланыңыз.
Функцияны пайдаланғанда
қақпақ пайдаланбаңыз.
Функцияны қосу үшін:
1. Бос ыдысты пісіру алаңының сол
жақ алдына қойыңыз.
2. түймешігін басыңыз.
3. Қуыру деңгейін таңдау үшін
және түймешігін
пайдаланыңыз. Таңдауыңызды
түймешігімен растаңыз.
4. Құрылғы ыдысты анықтағанша
күтіңіз.
5. Біраз уақыт өткеннен кейін
және көмегімен, егер Plancha
Гриль табағы функциясын
пайдаланғыңыз келсе таңдай
аласыз.
6. Таңдауыңызды
түймешігімен
растаңыз.
7. Ыдыс таңдалған қуыру деңгейінің
(дисплейде ақпарат көрсетіледі)
температурасына жеткенше күтіңіз.
8. Ыдысқа тағам салыңыз.
Функцияны сөндіру үшін:
1. Сол жақ алдыңғы пісіру алаңының
0 түймешігін басыңыз.
2. Егер функцияны сөндіргіңіз келсе,
және түймешігін
пайдаланыңыз.
3. Таңдауыңызды түймешігімен
растаңыз.
Температураны реттеу үшін:
Егер нәтижелері күткендей болмаса,
қуыру температурасын реттеуге
болады. Пеш келесі жолы
пайдаланғанда, қойылған
температураны жадында сақтап
тұрады.
Температураны көбейту үшін:
түймешігін басыңыз. жанады.
Температураны азайту үшін:
түймешігін басыңыз. жанады.
Plancha Гриль табағы функциясы
Бұл функция Cook Assist функциясын
Infinite Plancha Electrolux немесе AEG
керек-жарақтарымен бірге қолдануға
мүмкіндік береді. Бұл функция Cook
Assist функциясы үшін екі сол жақ
ҚАЗАҚ 11
пісіру алаңын өзара қосады да, олар
бір пісіру алаңы ретінде жұмыс істейді.
Үлкен ыдысты қыздыруға
сәл көбірек уақыт кетеді.
Функция Infinite Plancha
функциясын шамамен 12
минут қыздырады да,
дайын болған кезде
хабарлайды.
4.10 Таймер
Функцияның 3 түрі бар: Automatic
Counter, Power-off timer және Minute
Minder.
Automatic Counter
Пісіру алаңының қанша уақыт жұмыс
істейтінін бақылау үшін осы
функцияны қолданыңыз. Бұл функция
автоматты түрде басталады да,
бейнебеттегі пісіру алаңының қызу
параметрінің астыңғы жағынан
көрсетіледі.
Функцияны бастапқы қалпына қою
үшін: түймешігін түртіп Automatic
Counter функциясына қол жеткізіңіз .
Содан кейін меңзерлері бар тізімнен
пісіру алаңын таңдаңыз да, растау
үшін белгісін түртіңіз.
Power-off timer
Бұл функцияны қолданып пісіру
алаңының бір пісіру циклы кезінде
қанша уақыт жұмыс істейтінін
көрсетіңіз.
Функцияны қосу үшін: түймешігін
екі рет түртіп Power-off timer құралына
қол жеткізіңіз . Содан кейін
меңзерлері бар тізімнен пісіру алаңын
таңдаңыз да, растау үшін белгісін
түртіңіз. Уақытты меңзерлердің
көмегімен орнатыңыз да, растау үшін
белгісін түртіңіз. Уақыт аяқталған
кезде, дыбыстық сигнал естіліп, пісіру
алаңы жұмысын тоқтатады.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Minute Minder
Пеш сөніп тұрғанда функцияны қосу
үшін: пештің үстін көмегімен
қосыңыз.
түймешігін бір рет түртіп
Minute Minder функциясына қол
жеткізіңіз .
Пісіру алаңдары жұмыс істеп
тұрғанда функцияны қосу үшін:
түймешігін үш рет түртіп Minute Minder
функциясына қол жеткізіңіз .
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Бұл функция пісіру
алаңдарының жұмысына
еш әсер етпейді.
4.11 STOP+GO
Бұл функция ең төмен қыздыру
параметрі бойынша жұмыс істейтін
пісіру алаңдарының барлығын
орнатады.
Функция жұмыс істеп тұрғанда, қызу
параметрін өзгерте алмайсыз.
Функция таймер функцияларын
тоқтатпайды.
Функцияны қосу үшін: белгішесін
басыңыз. жанады.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
4.12 Құлып
Басқару панелін пісіру алаңдары
жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға
болады. Ол қызу параметрінің
кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін
орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін: дисплейде
құлып функциясы пайда болғанша
белгісін қайта - қайта түртіңіз. Растау
үшін түймешігін түртіңіз.
жанады. Таймер қосулы күйде қалады.
www.aeg.com12
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да сөнеді.
4.13 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: Пештің үстін
көмегімен сөндіріңіз. Пеш үсті сөніп
жатқанда белгісін түртіңіз.
Бейнебетте функция қосулы деген
хабар көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пештің
үстін көмегімен қосыңыз.
белгісін, содан кейін белгісін
түртіңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін
ғана қайта орнату: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. және
белгілерін қатар түртіңіз. Қызу
параметрін 10 секунд ішінде
орнатыңыз. Пештің үстін іске қосуға
болады. Пешті
көмегімен сөндірген
кезде, функция қайта жұмыс істейді.
4.14 Сигналдарды сөндіру
және іске қосу
Пешті қосыңыз. белгісін түртіп,
содан кейін меңзерлі түймешіктің
көмегімен сигналдар мәзірін таңдаңыз.
Растау үшін түймешігін басыңыз.
Параметрді меңзерлердің көмегімен
орнатыңыз. Растау үшін
түймешігін
басыңыз.
Функция жұмыс істеп тұрғанда,
төмендегі жағдайларда ғана дыбыстық
сигнал естіледі:
түрткенде
Minute Minder сөнгенде
Power-off timer сөнгенде
басқару панеліне бір нәрсе
қойылғанда.
4.15 Қуатты басқару
функциясы
Пісіру алаңдары пештегі фаза
санымен және орналасқан
орындарына қарай
топтастырылған. Суретке қараңыз.
Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр
жүктемесін көтере алады.
Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының арасындағы
қуат мөлшерін бөледі.
Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының жалпы электр
жүктемесі 3700 Вт-тан артқанда іске
қосылады.
Бұл функция бір фазаға қосылған
басқа пісіру алаңдарының қуат
мөлшерін төмендетеді.
Қуаты азайған алаңдардың қызу
параметрін көрсететін дисплейде
екі деңгей кезек-кезек көрсетіліп
тұрады.
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру
алаңдарында, электр-
магнитті өріс ыдыс ішінде
жылдам қызу пайда
болдырады.
ҚАЗАҚ 13
Индукциялық пісіру
алаңына дұрыс ыдыс
қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын
темір, табаны көп қабаттан тұратын
ыдыс (өндіруші тарапынан
жарамдылығы көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары
мыс, шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына
сай келеді, егер:
жоғары қызу параметрі орнатылған
пісіру алаңына аз су қойылса,
жылдам қайнап кетеді.
ыдыстың түбіне магнит жабысса.
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Ыдыстардың өлшемдері
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс
табанының өлшеміне белгілі бір
шамада автоматты түрде бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай
алады.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
5.2 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер келесі шуыл естілсе:
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс
әр түрлі материалдардан жасалған
(көп қатпарлы құрылым).
ысқырған дыбыс: сіз пісіру алаңын
жоғары қуат деңгейлерінде
пайдаланасыз, және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш
жұмыс істейді.
Бұл шуыл қалыпты болып
есептеледі және пештің ақаулығына
жатпайды.
5.3 Öko Timer (Эко таймері)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді.
Жұмыс істеу уақытының әр түрлі
болуы қызу параметріне және пісіру
уақытына байланысты.
5.4 Тағам пісіру
бағдарламаларының
үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының
қуатты тұтыну мәні өзара тура
байланысты емес. Қызу параметрінің
мәнін көбейткен кезде, пісіру алаңы
пайдаланатын қуаттың мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан да, орташа қызу
параметрін қолданатын пісіру алаңы,
өз қуатының жартысынан азын
жұмсайды.
Кестедегі деректер
жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
1 Піскен тағамды жылы
ұстаңыз.
қажетін
е орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
www.aeg.com14
Қызу
параметрі
Пайдалану: Уақыт
(мин.)
Ақыл-кеңес
1 - 3 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин.
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
1 - 3 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
3 - 5 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды жылыту.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
мөлшерінен екі есе артық су
құйыңыз, сүт тағамдарын
арасында араластырыңыз.
5 - 7 Буға піскен көкөністер,
балық, ет.
20 - 45 Бірнеше ас қасық су
қосыңыз.
7 - 9 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л су
пайдаланыңыз.
7 - 9 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру.
60 - 150 3 литрге дейін су және
құраластар.
9 - 12 Баппен қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті,
котлет, риссоль, шұжық,
бауыр, майға қуырылған ұн,
жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажетін
е орай
Орта тұсында аударыңыз.
12 - 13 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет, бифштекстер.
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
14 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып
пісіру), фри қуыру үшін.
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.
5.5 Функцияға арналған
Cook Assist ақыл-кеңес
Функцияның көмегімен жақсы
нәтижеге жету үшін:
Функцияны пештің үсті суық тұрған
кезде бастаңыз (ыдыстарды қолдан
жылытудың қажеті жоқ).
Табаны сэндвич қабаттамадан
жасалған, тот баспайтын болат
ыдыстарды пайдаланыңыз.
Табанының ортасы безендірілген
ыдыстарды пайдаланбаңыз.
Функцияның көмегімен тағам пісіру
мысалдары
Кестедегі мысалдарда әр қуыру
деңгейіне сай келетін тағамдар
көрсетілген. Тағамның мөлшері,
қалыңдығы, сапасы және
температурасы (мысалы,
мұздатылған), дұрыс пісіру деңгейіне
әсер етеді. Тағам пісіру дағдыңызға
және ыдыстарға барынша сай келетін
қуыру деңгейін және параметрлерді
таңдаңыз.
ҚАЗАҚ 15
Қуыру
деңгейі
Ұсынылат
ын тағам
Дайындау үшін
Жұмыртқа Қуырылған
жұмыртқалар,
омлет, француз
тост нандары,
балық филесі,
көкөніс
Құймақтар Құймақ, балық
таяқшалары,
мұздатылған
тағамдар, нанға
аунатылған
тағам, орташа
стейк
Стейк Шала пісірілген
стейк
Ыдыс өлшемдерінің әр
түрлі болуы, қыздыру
уақыттарының әр түрлі
болуына әкеледі. Ауыр
ыдыстар жеңіл ыдыстарға
қарағанда қызуды көп
тартады, бірақ ұзақ уақыт
қызады.
5.6 Функцияға арналған
Cook Assist дұрыс ыдыстар
Табаны тегіс ыдыстарды ғана
пайдаланыңыз. Ыдыстың
жарамдылығын тексеру үшін:
1. Табаны төңкеріп қойыңыз.
2. Табаның астына сызғыш төсеңіз.
3. 1,2 еуро немесе 5 еуро центін
(немесе қалыңдығы осымен
шамалас) сызғыш пен ыдыс
табанының арасына салыңыз.
a. Егер сызғыш пен ыдыс
табанының арасына тиын
қоюға болатын болса, ыдыс
жарамсыз болып табылады.
b. Егер сызғыш пен ыдыс
табанының арасына тиын қою
мүмкін болмаса, ыдыс
жарамды болып табылады.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ақпарат
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
Шыныға арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
6.2 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және
қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Қырғышты шыны бетке арнайы
www.aeg.com16
сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пешті
дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе теріс
қосылған.
Пештің электр көзіне
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз. Қосылым
сызбасын қайта қараңыз.
Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта
босап кетсе, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Пешті қайта іске қосыңыз
да, қызу параметрін 10
секундтан аз уақыт ішінде
орнатыңыз.
Бір уақытта 2 немесе одан
да көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
STOP+GO функциясы
жұмыс істейді.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
Басқару панеліне су
немесе май шашыраған.
Басқару панелін
тазалаңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді.
Пеш сөнген кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
затты алыңыз.
Пештің үсті сөнеді.
Сенсорлық өріске бір
зат қойылған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Қалдық қызу индикаторы
түсі өзгермейді.
Алаң ыстық емес, себебі
ол аз уақыт ғана қосылып
тұрған.
Егер алаң қызу үшін едәуір
ұзақ жұмыс істесе,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Автоматты түрде қыздыру
функциясы жұмыс
істемейді.
Алаң ыстық. Алаңды әбден
салқындатып алыңыз.
Қызу параметрінің ең
жоғары мәні орнатылған.
Ең жоғары қызу
параметрінің қуаты,
функциясының қуатымен
бірдей.
Екі қызу параметрі ауысып
көрсетіледі.
Қуатты басқару функциясы
жұмыс істейді.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс
қолданылған немесе
ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Үлкен ыдыстарды артқы
пісіру алаңдарына
қойыңыз.
Өңдік жарық қосулы, бірақ
бейнебеттің контрасты
нашар.
Бейнебетке ыстық ыдыс
қойылған.
Затты алыңыз да, пешті
әбден суытыңыз. Контраст
айқындалмаса, уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Сенсорлық өрістерді
түрткен кезде ешбір сигнал
естілмейді.
Дыбыстық сигналдар
өшірулі.
Дыбыстық сигналдарды
қосыңыз.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
II және жазу пайда болады. Автоматты түрде сөндіру
жұмыс істейді.
Пешті ажыратыңыз да,
қайта қосыңыз.
жанады.
Бала қауіпсіздігінің құралы
немесе Құлып функциясы
жұмыс істейді.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
? жанады. Алаңда ешбір ыдыс жоқ. Алаңға ыдыс қойыңыз.
Ыдыс дұрыс
қолданылмаған.
Дұрыс ыдысты
пайдаланыңыз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын
қараңыз.
www.aeg.com18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Ыдыс түбінің диаметрі
алаң үшін тым кішкене.
Өлшемі сай келетін
ыдысты пайдаланыңыз.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
Ыдыс айқыштың / текшенің
үстіне қойылмаған.
Айқышты / текшені
ыдыспен толық жабыңыз.
E және сан жанады. Пеште ақау бар. Пешті электр желісінен
біраз уақыт ажырата
тұрыңыз. Сақтандырғышты
электр желісінен ағытып
қойыңыз. Қайта қосыңыз.
Егер E қайта көрініс берсе,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
E4 жанады. Пеште ақау бар, себебі
ыдыстың ішіндегісі қайнап,
таусылып қалады.
Автоматты түрде сөндіру
және пешті қатты қызудан
қорғайтын құрал іске
қосылады.
Пешті сөндіріңіз. Ыстық
ыдысты алыңыз. Шамамен
30 секунд өткеннен кейін
алаңды қайта қосыңыз.
Егер мәселе ыдысқа
байланысты болса, ақау
хабары көрінбей кетеді.
Қалдық қызу индикаторы
жанып тұрады. Ыдысты
әбден салқындатып
алыңыз. Ыдыстың пештің
үстіне сай келетін-
келмейтінін тексеріңіз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын
қараңыз.
7.2 Ақаулықты түзету
шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы деректерді беріңіз.
Сонымен қоса, шыны керамиканың үш
саннан тұратын нөмірін, (шынының
бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын
алғанда көрсетілген хабарды беріңіз.
Пештің дұрыс қолданылғанына көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет,
кепілдік мерзімі кезінде де ақылы
болуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығына қатысты нұсқаулар мен
кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
ҚАЗАҚ 19
8. ОРНАТУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
жағында орналасқан.
Сериялық
нөмірі ...........................
8.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
8.3 Қосылым сымы
Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
Зақымданған қуат сымын ауыстыру
үшін келесі сымның түрлерін
(немесе жоғары) қолданыңыз:
H05BB-F Tmax 90°C. Жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8.4 Құрастыру
min.
50mm
min.
500mm
min.
2mm
www.aeg.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48

AEG HK894400FS Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka