Electrolux ESL6810RO Používateľská príručka

Kategória
Umývačky riadu
Typ
Používateľská príručka
ESL 6810RO
................................................ .............................................
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
PL ZMYWARKA INSTRUKCJA OBSŁUGI 20
SR МАШИНА ЗА ПРАЊЕ
ПОСУЂА
УПУТСТВО ЗА УПОТРЕБУ 38
SK UMÝVAČKA NÁVOD NA POUŽÍVANIE 55
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ
немесе қолдана білмейтін адамдарға,
балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар
мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
1.2 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен жерге орнатпаңыз немесе
қолданбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі
қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған.
ҚАЗАҚ 3
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1.3 Қолданылуы
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде
Фермадағы үйлерде
Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде
Төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
немесе өрт қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге
болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш
зат болуы мүмкін.
Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы
есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
1.4 Ішкі жарық шамы
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру үшін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
1.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
4
www.electrolux.com
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1
2
3
4
7
9
5
6
11
8
10
1
Үстіңгі бүріккіш түтік
2
Астыңғы бүріккіш түтік
3
Сүзгілер
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Тұз сауыты
6
Су кермектігі тетігі
7
Шайғыш зат үлестіргіші
8
Жуғыш зат үлестіргіші
9
Ас құралдары себеті
10
Астыңғы себет
11
Үстіңгі себет
2.1 TimeBeam
TimeBeam - құрылғы есігінің астыңғы
жағындағы еденнен көрінетін бейнебет.
Бағдарлама басталған кезде
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Бағдарлама аяқталған кезде 0:00 және
CLEAN индикаторы жанады.
Кешіктіріп бастау функциясы басталған
кезде кері санақ пен DELAY жанады.
Құрылғыда ақау пайда болған кезде
ескерту коды жанады.
Бұл құрылғының есікті ашқан кезде
жанып, есікті жапқан кезде сөнетін
ішкі жарық шамы бар.
ҚАЗАҚ 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
3
4
5
6
MyFavourite 3 sec
1
Қосу/өшіру түймешігі
2
Program түймешігі
3
Бейнебет
4
OK түймешігі
5
Шарлау түймешігі
6
Шарлау түймешігі
3.1 Бейнебет
A
B
C
Бейнебеттің 3 аймағы бар. Шарлау
түймешіктерінің бірін іске қосқыңыз
келген аймақ бөлектенгенше
басыңыз.
Кешіктіріп бастау аумағы (A)
Бағдарламаны 1 сағаттан 24 сағатқа дейін
кешіктіріп бастауға болады.
Егер бағдарламамен бірге
функцияларды орнатқыңыз келсе,
оларды кешіктіріп бастау функциясын
орнатпай тұрып орнату керек.
Кешіктіріп бастау функциясын
MyFavourite бағдарламасымен бірге
орнату мүмкін емес.
Кешіктіріп бастау функциясын қалай орнату
керек
1. Осы аумақты таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
2. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
бағдарламаның мәзірі көрсетіледі.
3. Бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
4. OK түймешігін басып растаңыз.
Бейнебетте 3 баған көрсетіледі:
Кешіктіру : осы бағаннан
бағдарламаның неше сағатқа
кешіктірілетінін көруге болады:
Бастау : осы бағаннан бағдарламаның
басталатын уақытын көруге болады.
Соңы : осы бағаннан бағдарламаның
аяқталатын уақытын көруге болады.
5. Кешіктіру параметрін орнату үшін оң
жақтағы шарлау түймешігін басыңыз.
Уақыт көбейген сайын Бастау және Соңы
бағандарындағы уақыт та көбейе түседі.
Уақытты азайту үшін сол жақтағы шарлау
түймешігін басыңыз.
6. OK түймешігін басып растаңыз.
7. Кешіктіріп бастау функциясының кері
санағын бастау үшін есікті жабыңыз. Кері
санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Бағдарламалар аумағы (B)
Бұл аумақта бағдарлама мәзірі мен әр
бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
Құрылғыны іске қосқан кезде, әдетте осы
аумақ таңдалып тұрады
Бағдарламаны қалай орнатуға болады
1. Егер бұл аумақ автоматты түрде
таңдалмаса, Programs түймешігін
басыңыз.
2. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
бағдарламаның мәзірі көрсетіледі.
3. Бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
4. OK түймешігін басып растаңыз.
5. Есікті жабыңыз, бағдарлама басталады.
Функциялар аумағы (C)
Егер функцияларды бағдарламамен
бірге орнатқыңыз келсе, оларды
бағдарламаны орнатпай тұрып
орнату керек.
6
www.electrolux.com
Функцияны қалай орнату керек
1. Осы аумақты таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
2. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
функция мәзірі көрсетіледі.
3. Функциялар тізімін шарлау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
4. Таңдауды растау және ішкі мәзірді ашу
үшін OK түймешігін басыңыз.
5. Функцияның жаңа шартын таңдау үшін
шарлау түймешіктерінің бірін басыңыз.
6. OK түймешігін басып растаңыз.
7. Бейнебетте қайта 3 аумақ пайда болады.
Егер басқа функцияны орнатқыңыз келсе,
әрекетті қайталаңыз.
4. БАҒДАРЛАМАЛАР
TimeSaver функциясы
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді. Жуу және кептіру
циклдары қысқарақ болады. Бағдарламаның
жалпы уақыты шамамен 50% пайызға азаяды.
Жуу нәтижесі қалыпты уақытты бағдарламаны
пайдаланғанмен бірдей. Кептіру нәтижелері
төмендейді.
Осы функциямен бірге қолдануға болатын
бағдарламаны таңдаған кезде, функцияны
қосуға немесе ажыратып қоюға болады.
1. Бағдарламалар аумағына барыңыз.
2. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
бағдарламаның мәзірі көрсетіледі.
3. Бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
Бағдарламада TimeSaver функциясын
қолдану мүмкіндігі бар болса,
бейнебетте келесі параметрлер
көрсетіледі:
Жылдам : Егер осы параметрді
растасаңыз, TimeSaver функциясы
қосылады.
Қалыпты : Егер осы параметрді
растасаңыз, TimeSaver функциясын
ажыратасыз.
4. Таңдалған параметрді растау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Егер TimeSaver функциясын ECO 50°
бағдарламасымен бірге орнатқыңыз
келсе, әуелі AutoOpen функциясын
ажырату керек.
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдар
Функциялар
ECO 50°
1)
Қалыпты ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C
Шаю циклдары
Құрғату
AutoOpen
AutoFlex 45°-70°
2)
Барлығы
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 45 °C градустан 70
°C дейін
Шаю циклдары
Құрғату
FlexiWash 50°-65°
3)
Аралас ластық
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 50 °C және 65 °C
Шаю циклдары
Құрғату
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
Бағдарлама
циклдар
Функциялар
Intensive 70°
4)
Қатты ластанған
Фарфор ыдыс, ас
құралдары,
кәстрөлдер мен
табалар
Алғашқы жуу
Жуу 70 °C
Шаю циклдары
Құрғату
XtraPower
5)
1 Hour 55° Қалыпты ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 55 °C
Шаю циклдары
Quick Plus 60°
6)
Жаңа ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
пен ас құралдары
Жуу 60 °C
Шаю
Glass Care 45° Қалыпты не шамалы
ластанған
Осал ыдыс-аяқ пен
шыны ыдыс
Жуу 45 °C
Шаю циклдары
Құрғату
Rinse & Hold
7)
Барлығы Алғашқы жуу
1)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су
мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
2)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады.
Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын
автоматты түрде реттейді.
3)
Осы бағдарламамен әр түрлі ластанған ыдыстардағы жууға болады. Астыңғы себеттегі жоғары
температура мен судың қысымы, қатты ластанған ыдыстарды жууға (мысалы, кәстрөлдер мен
табалар) арналған. Үстіңгі себеттегі жоғары температура мен судың қысымы, қалыпты ластанған
ыдыстарды жууға (мысалы, шыны ыдыстар) арналған.
4)
Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада шаю циклы бар.
Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста тұрады.
5)
Егер Жылдам параметрін орнатсаңыз, XtraPower функциясы автоматты түрде ажырайды.
6)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы
нәтиже береді.
7)
Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың ыдыстарға
жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Тұтыну мәндері
Бағдарлама
1)
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
ECO 50° 195 0.82 10.2
AutoFlex 45°-70° 40 - 150 0.6 - 1.4 7 - 14
FlexiWash 50°-65° 130 - 140 1.3 - 1.5 14 - 15
Intensive 70° 150 - 160 1.4 - 1.6 13 - 15
1 Hour 55° 55 - 65 1.0 - 1.2 10 - 11
Quick Plus 60° 30 0.8 9
Glass Care 45° 70 - 80 0.8 - 0.9 11 - 12
8
www.electrolux.com
Бағдарлама
1)
Ұзақтық
(мин)
Қуат
(кВт)
Су
(л)
Rinse & Hold 14 0.1 4
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс-
аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
5.1 Параметрлер мәзірі
Мәзір Ішкі мәзір Функцияның сипаттамасы
AutoOpen Қосу
Өшіру
Бұл функция қуатты аз
пайдаланып, жақсы кептіру
нәтижелеріне қол жеткізуге
көмектеседі. Осы тараудың тиісті
бөлімін қараңыз.
XtraPower Қосу
Өшіру
Бұл параметр алдын ала жуу
және жуу циклдарындағы судың
қысымын 40%-ға көбейтеді.
Қатты кірлеген затты жусаңыз
да, жуу нәтижесі өте жақсы
болады.
MyFavourite
орнатыңыз
Бейнебетте бағдарламаның
мәзірі көрсетіледі.
Осы функцияның көмегімен жиі
пайдаланылатын бағдарламаны
орнатуға және жадыға сақтауға
болады.
Осы тараудағы тиісті бөлімді
қараңыз.
Уақыт Сағат және минут мәндерін
орнатыңыз.
Тәулік уақытын орнатыңыз.
Аяқтау сигналы Қосу
Өшіру
Бағдарлама аяқталған кезде
естілетін дыбыстық сигналды
орнатыңыз.
Зауытта орнатылған параметр:
Өшіру .
Үнділік 0-ден 10-ға дейінгі деңгейлерді
орнатуға болады.
Дыбыстық сигналдардың
үнділігін реттеңіз.
0 деңгей: сигнал сөндірулі.
Ажыратымдылық 1-ден 9-ға дейінгі деңгейлерді
орнатуға болады.
Бейнебеттің ажыратымдылығын
көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
ҚАЗАҚ 9
Мәзір Ішкі мәзір Функцияның сипаттамасы
Контраст 1-ден 9-ға дейінгі деңгейлерді
орнатуға болады.
Хабарлар мен бейнебеттің
арасындағы контраст мәнін
көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
Судың кермектігі 1-ден 10-ға дейінгі деңгейлерді
орнатуға болады.
Су жұмсартқыштың деңгейін
электрондық жолмен реттеу.
Тілдер Әртүрлі тілдерді таңдауға
болады.
Бейнебеттегі хабарлардың тілін
орнатыңыз.
Зауытта орнатылған параметр:
Ағылшынша.
Едендегі бейнебет Әртүрлі түстерді таңдауға
болады.
Өшіру
Time Beam түсін таңдаңыз.
Параметр. баст.
қалп. қою
Қалпына келтіру
Болдырмау
Зауыттық параметрлерді
қалпына келтіруге арналған.
Multitab Қосу
Өшіру
Қосу+Шайғыш зат
Бұл параметрді аралас жуғыш
таблеткаларды қолданғанда
ғана іске қосыңыз. Осы
тараудағы тиісті бөлімді
қараңыз.
MyFavourite бағдарламасын қалай
сақтау керек
Қолжетімді функцияларды бағдарламамен
бірге орнату мүмкін болмаса, функцияларды
бағдарламаны жадыға сақтамай тұрып
орнатыңыз.
Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны ғана
сақтауға болады. Жаңа параметр алдыңғы
параметрді өшіреді.
MyFavourite бағдарламасын кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес,
1. Функциялар мәзірін ашыңыз.
2. MyFavourite орнатыңыз параметріне
барыңыз.
3. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
бағдарламаның мәзірі көрсетіледі.
4. Бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз.
5. OK түймешігін басып растаңыз.
Multitab
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Қайта толтыруға қатысты
хабарлар сөндірулі тұрады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Қосу : Multitab қосылады.
Өшіру : Multitab ажыратылған.
Қосу+Шайғыш зат : Multitab және шайғыш
зат үлестіргіші қосылады.
AutoOpen
Бұл функция ECO 50° бағдарламасын
орнатқан кезде автоматты түрде іске
қосылады.
Бұл функцияны басқа бағдарламаларда
орнату мүмкін емес.
10
www.electrolux.com
Кептіру циклы жұмыс жасап тұрған кезде,
тетік құрылғының есігін ашып, оны
ашыңқырап ұстап тұрады.
Бағдарламаның соңында тетік пен
құрылғының есігі тартыла бастайды.
Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тетік құрылғының есігін ашып ұстап
тұрған кезде, құрылғының есігін
жаппауға тырысыңыз. Бұл құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
Егер AutoOpen функциясын ажыратқыңыз
келсе, функция мәзіріне барыңыз да,
сөндіріңіз.
Бұндай жағдайда бағдарлама пайдаланатын
қуаттың мөлшері көбейе түседі.
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Тілді орнатыңыз. Ағылшын тілі әдепкі тіл
болып табылады.
Ағылшын тілін растау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Басқа тілді таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз да,
содан кейін OK түймешігін басып
растаңыз.
3. Тәулік уақытын орнатыңыз. OK түймешігін
басып растаңыз.
4. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
хабарласып біліңіз.
5. Тұз сауытын толтырыңыз.
6. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
7. Су құятын шүмекті ашыңыз.
8. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары
қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты
қолданбаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
6.1 Су жұмсартқышты реттеу
Су қысымы
Су жұмсартқыш
реттеу
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
Қолдан Электр
онды
тәсілме
н
51 - 70 91 - 125 9.1 - 12.5 64 - 88
2
1)
10
43 - 50 76 - 90 7.6 - 9.0 53 - 63
2
1)
9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
2
1)
8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
2
1)
7
ҚАЗАҚ 11
Су қысымы
Су жұмсартқыш
реттеу
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
Қолдан Электр
онды
тәсілме
н
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
2
1)
6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
2
1)
5
1)
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1
2)
1
2)
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және
электрондық тәсілмен реттеу қажет.
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші орынға
бұраңыз.
Электондық жолмен реттеу
Функция мәзірін ашыңыз да, су
жұмсартқышты судың кермектігі кестесіне
қарап, тиісті деңгейге қойыңыз. Функция
мәзірінің кестесіне қараңыз.
12
www.electrolux.com
6.2 Тұз сауытын толтыру
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең
алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды
тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұз сауытын толтырған кезде одан су
және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі
бар. Бұндай жағдайға жол бермеу
үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін
бағдарламаны бастаңыз.
Тұз сауытын толтыру қажет болған
кезде, бейнебетте хабар пайда
болады. Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде хабар көрінбей тұрады.
6.3 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
D
C
1.
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз,
'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты
көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен
тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін ретеу тетігін (B) 1
(ең аз мөлшер) және 4 (ең көп
мөлшер) аралығына қоюға болады.
Шайғыш зат сауытын толтыру қажет
болған кезде, бейнебетте хабар
пайда болады. Бағдарлама жұмыс
істеп тұрған кезде хабар көрінбей
тұрады.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз. 2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Бейнебетте тұзға қатысты хабар
көрсетілсе, тұз сауытын толтырыңыз.
Бейнебетте шайғыш затқа қатысты
хабар көрсетілсе, шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды
қолдансаңыз, Multitab функциясын
қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
A
B
C
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Бағдарламаны орнату және
бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін
азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда
бірнеше минуттан кейін автоматты түрде
сөндіреді:
Бағдарламаны бастау үшін есікті
жаппасаңыз.
Бағдарлама аяқталғанда.
Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
3. Қолжетімді функцияларды орнатыңыз.
4. Бағдарламаны орнатыңыз.
Бағдарлама мәзірін шарлау және
бағдарламаны таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз. OK
түймешігін басып растаңыз.
Егер MyFavourite бағдарламасын
бастағыңыз келсе, OK түймешігін
бірнеше секунд басыңыз. Бейнебетте
MyFavourite бағдарламасының
орнатылғанын растайтын хабар
көрсетіледі.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Егер кешіктіріп бастау функциясы
орнатылып тұрса, құрылғының есігін
жапқан кезде кері санақ басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ кезінде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Program түймешігін басыңыз.
3. Бейнебетте Жууды тоқтатайық па?
хабары көрсетіледі
4. Кешіктіріп бастауды біржола тоқтату үшін
шарлау түймешіктерінің біреуін басып
Тоқтату параметрін, немесе кері санақты
жалғастыру үшін Жалғастыру параметрін
таңдаңыз. Егер кері санақты
жалғастырғыңыз келсе, құрылғының есігін
жабыңыз.
14
www.electrolux.com
Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде
бағдарламаны қайта орнату керек.
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
біржола тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Program түймешігін басыңыз.
3. Бейнебетте Жууды тоқтатайық па?
хабары көрсетіледі
4. Бағдарламаны біржола тоқтату үшін
шарлау түймешіктерінің біреуін басып
Тоқтату параметрін, немесе
бағдарламаны жалғастыру үшін
Жалғастыру параметрін таңдаңыз. Егер
бағдарламаны жалғастырғыңыз келсе,
құрылғының есігін жабыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
TimeBeam 0:00 және CLEAN параметрін
көрсетеді.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе
Auto Off функциясының құрылғыны
автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Маңызды
Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне су
тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі
мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.
Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан
маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс
жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
8.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш
затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай
құрғатуға көмектеседі.
Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында
жуғыш зат, шайғыш зат және басқа
қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Егер осы таблеткаларды судың басқа
кермектігі үшін пайдаланғыңыз келсе, ыдыс
жуғыш машина тұзын да пайдалану керек.
Әуелі Multitab функциясын іске қосыңыз,
содан кейін су жұмсартқышты өз
аймағыңыздағы судың кермектігіне
лайықтап орнатыңыз да, ыдыс жуғыш
машина тұзын пайдаланыңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш
заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып
қалмас үшін жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды
қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
8.3 Аралас таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз келсе
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 15
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап реттеңіз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
8.4 Себеттерді толтыру
Себеттерді толтыру мысалдары
көрсетілген парақшаны қараңыз.
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға
болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және
мыстан жасалған заттарды құрылғыға
салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
үй шүберектері) салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын
алыңыз.
Күйіп жабысып қалған тағамды оңай
тазалау үшін кәстрөлдер мен табаларды
құрылғыға салмай тұрып, суға салып
жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан
және кәстрөл) аузын төмен қаратып
салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып
кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа
ас құралдарымен араластырып салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
Кішкене заттарды ас құралдары себетіне
салыңыз.
Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз.
Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш
түтіктердің еркін айнала алатынына көз
жеткізіңіз.
8.5 Бағдарламаны бастау алдында
Мынаны ескеріңіз:
Сүзгілердің таза екенін және орнатылып
тұрғанын.
Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне
және ластану дәрежесіне сай екенін.
Жуғыш зат дұрыс мөлшерде
қолданылғанын.
Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш
заттың (егер аралас жуғыш таблетканы
қолданбасаңыз) бар екенін.
Тұз сауытының қақпағының мықтап
жабылғанын.
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш
түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді.
Уақытылы тексеріп, қажет болса
тазалаңыз.
9.1 Сүзгілерді тазалау
A
B
C
C
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап алыңыз.
16
www.electrolux.com
A1
A2
2.
(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және (A2)
бөліктерін ажыратыңыз.
3.
(B) сүзгісін алыңыз.
4.
Сүзгілерді сумен жуыңыз.
5.
(B) сүзгісін әдепкі орнына салыңыз.
Сүзгінің екі бағыттағыштың (C) астына
дұрыс кірігіп орналасқанына көз
жеткізіңіз.
6.
(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіндегі
орнына қойыңыз. Сырт етіп орнына
түскенше сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу
нәтижесі қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
9.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,
қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
9.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
Қызмет көрсету орталығына хабарласпай
тұрып, ақаулықты шешуге қатысты
ұсыныстарды орындаңыз.
Кей мәселелер орын алғанда, бейнебетте
хабар және Time Beam ескерту кодын
көрсетеді.
Бейнебет Time Beam Ақаулық
Назар аударыңыз: су құю
мүмкін емес.
Құрылғыға су құйылмай тұр.
Назар аударыңыз. су ақпай
жатыр.
Құрылғыдан су ақпайды.
Назар аударыңыз: тасқынға
қарсы құрал іске қосылған.
Тасқынға қарсы құрал
қосулы.
ҚАЗАҚ 17
Назарыңызда болсын!
Тексеріп көру алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарлама басталмай тұр. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
OK түймешігін басыңыз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып
тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ
аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су құйылмай тұр. Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының
өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл
ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласып алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына
көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыдан су ақпайды. Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы. Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тексеріп болғаннан кейін, құрылғыны іске
қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бейнебетте басқа хабарлар пайда болса,
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
10.1 Егер жуу және құрғату
нәтижелері қанағаттанарлықтай
болмаса
Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар
немесе көк дақтар пайда болған.
Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылады.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең
төменгі деңгейге қойыңыз.
Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және
кепкен су тамшыларының ізі қалған.
Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде
үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру
мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
Бұл жуғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Ыдыстар су болып тұр
Кептіру циклы жоқ немесе төмен
температурада кептіру циклы бар
бағдарлама таңдалған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Бұл аралас жуғыш таблеткалардың
сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа
түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат
үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен аралас
жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
18
www.electrolux.com
Басқа ықтимал себептерді "АҚЫЛ-
КЕҢЕС" тарауынан қараңыз.
10.2 Шайғыш зат үлестіргішін іске
қосу
1. Multitab функция мәзіріне барып, Қосу
+Шайғыш зат функциясын таңдаңыз.
2. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі (мм) 596 / 818 - 898 / 550
Электртоғына қосу Техникалық ақпарат тақтайшасына қараңыз.
Кернеу 220-240 В
Жиілік 50 Гц
Сумен жабдықтау қысымы Ең аз / ең көп (бар / мПа) (0.5 / 0.05 ) / (8 / 0.8 )
Сумен жабдықтау
1)
Суық су немесе ыстық су
2)
макс. 60 °C
Сыйымдылығы Орналастыру параметрлері 12
Қуат тұтынуы Қосылған қалпы қалдыру
режимінде
0.10 Вт
Сөндірулі режимде 0.10 Вт
1)
Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
2)
Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты) алынса, тұтыну қуатын
азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі
салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына
өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 19
SPIS TREŚCI
1. WSKAZÓWKI DOTYCZĄCE BEZPIECZEŃSTWA . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2. OPIS URZĄDZENIA . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
3. PANEL STEROWANIA . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
4. PROGRAMY . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
5. OPCJE . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
6. PRZED PIERWSZYM UŻYCIEM . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
7. CODZIENNA EKSPLOATACJA . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
8. WSKAZÓWKI I PORADY . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
9. KONSERWACJA I CZYSZCZENIE . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
10. ROZWIĄZYWANIE PROBLEMÓW . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35
11. DANE TECHNICZNE . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36
Z MYŚLĄ O TOBIE
Dziękujemy za zakup urządzenia Electrolux. Jest ono owocem dziesięcioleci doświadczeń i innowacji. To
pomysłowe i stylowe urządzenie zaprojektowano z myślą o Tobie. Użytkując je masz zawsze pewność uzyskania
wspaniałych efektów.
Witamy w świecie marki Electrolux!
Odwiedź naszą witrynę internetową, aby uzyskać:
Wskazówki dotyczące użytkowania, broszury, pomoc w rozwiązywaniu problemów oraz informacje
dotyczące serwisu:
www.electrolux.com
Zarejestruj swój produkt, aby uprościć jego obsługę serwisową:
www.electrolux.com/productregistration
Kupuj akcesoria, materiały eksploatacyjne i oryginalne części zamienne do swojego urządzenia:
www.electrolux.com/shop
OBSŁUGA KLIENTA
Zalecamy stosowanie oryginalnych części zamiennych.
Kontaktując się z serwisem, należy przygotować poniższe dane.
Informacje można znaleźć na tabliczce znamionowej. Model, numer produktu, numer seryjny.
Ostrzeżenie/przestroga – informacje dotyczące bezpieczeństwa.
Informacje i wskazówki ogólne
Informacje dot. ochrony środowiska
Producent zastrzega sobie możliwość wprowadzenia zmian bez wcześniejszego powiadomienia.
20
www.electrolux.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

Electrolux ESL6810RO Používateľská príručka

Kategória
Umývačky riadu
Typ
Používateľská príručka

v iných jazykoch