AEG AGS58200F0 Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka
AGS58200F0 KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RUИнструкция по эксплуатации 17
SK Návod na používanie 32
TR Kullanma Kılavuzu 45
UK Інструкція 58
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
6. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
8. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
9. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
10. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
11. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . 16
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш
пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз
бен құрылғыны дұрыс қолдану
мақсатында, пайдаланушыға арналған
бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар
салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы,
қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
апаттардың алдын алу үшін,оны
пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы
нұсқаулықты сақтап қойыңыз және
тоңазытқышты басқа адамдарға
бергеніңізде немесе сатқаныңызда,
оны пайдаланатын әрбір адамның
бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты
пайдалану және қауіпсіздік
шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы
ескертулерді орындаңыз, себебі
қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой
деңгейіне байланысты не пеш
жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар
(балаларды қоса алғанда), пешті
пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға
тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін
оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен
қорабын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның
ашасын розеткадан суырыңыз да,
қорек сымын қиып(құрылғыға
барынша тақата)балалар ішіне кіріп
қамалып не электр тогының қатерлі
әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны,
есігінде не қақпағында серіппелі
құлыбы бар ескі құрылғының
орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның
серіппелі құлыбын жарамсыз етіп
барып тастаңыз. Бұл құрылғыны
бала ішіне қамалып қалатын қауіп
көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық
ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы әдеттегі үй жағдайларында
тамақты және/немесе сусындарды
сақтау үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату
мақсатында ешқандай механикалық
немесе кез келген басқа жасанды
құралды пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне
басқа электр құрылғыларды
(балмұздақ жасайтын құрылғы
сияқты) салып қолданушы
болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге
зақым келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат
ағатын жүйесінде изобутан (R600a)
және қоршаған ортамен
сыйысымдылығы жоғары, бірақ
сонда да жанғыш зат болып
табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және
орнату кезінде салқындатқыш зат
ҚАЗАҚ 3
жүйесіне зақым келтірілмейтініне
көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі
зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері
болмауы тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені
жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның
сипаттарын өзгерту қауіпті.
Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе
тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік
бөлшектерін (қуат сымы, аша,
компрессор), қатерлі жағдай
орын алмас үшін, куәлігі бар
қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға
болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым
қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі
мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол
жетерлік жерде орналасқанына
көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап
тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса,
айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу
немесе өрт шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама
шамының қақпағы (егер бар
болса) жабылмаса іске қосуға
болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан
кезде абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш
бөліктен заттарды алмаңыз және
оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың
терісі сыдырылып кетуі немесе
қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға
арналған арнайы шамдар (егер бар
болса) ғана қолданылған. Олар үйді
жарықтандыру үшін қолдануға
жарамайды.
1.3 Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі
пластик жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен
сұйықты қоймаңыз, себебі олар
жарылып кетуі мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы
қоюға болмайды. (Егер құрылғыға
мұз қатпайтын болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған
соң оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды
мұздатылған тағам өндірушінің
нұқсауларына сай сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң
орындау керек. Тиісті нұсқауларға
қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не
көпіршитін сусындарды тоңазытқыш
камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа
түскен қысым оның жарып,
нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
бетте пайдаланғанда аяз қарып
жіберуі мүмкін.
1.4 Күтім көрсету және
тазалау
Құрылғыны тазалар алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда,
арнайы бөлімдерде берілген
нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
4
www.aeg.com
Құрылғы орамын ашып, оның еш
жерінің бүлінбегенін тексеріп
алыңыз. Құрылғының бір жері
бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда,
құрылғыны сатып алған жерге дереу
хабарлаңыз. Бұндай жағдайда
қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның
майы компрессорға ағып құйылу
үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті
түрде айналуға тиіс, ауа айналымы
жеткіліксіз болса құрылғы қызып
кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін
орнатуға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы
тұратын бөлшектерін (компрессор,
конденсатор) ұстап қалып не оларға
қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін
тоңазытқыштың арт жағын әрқашан
қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің
қасына жақын орналастыруға
болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның
ашасының қол оңай жететін жерде
болуын қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз
(егер суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет
электр жұмыстарын электр маманы
не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек
уәкілетті қызмет көрсету орындары
жүзеге асыру керек және
құрылғының нағыз өз бөлшектері
ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының
салқындатқыш сұйығының
құрамында да, изоляция
материалдарында да озон
қабатына зиян келтіретін
газдар жоқ. Бұл құрылғыны
тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге
тастауға болмайды. Оның
изоляция қабаттамасында
тұтанғыш газдар бар:
құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын
жарамды ережелерге сай
тастау қажет. Салқындатқыш
құралға, әсіресе оның қызу
алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Құрылғыда пайдаланылған
белгішесімен белгіленген
материалдар қайта өңдеуден
өткізуге жарайды.
ҚАЗАҚ 5
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2 34
56
1
Тартпа (мұздатылған тағамды
сақтауға және жаңа тағамды
мұздатуға арналған)
2
Тартпа (мұздатылған тағамды
сақтауға және жаңа тағамды
мұздатуға арналған)
3
Тартпа (сақтауға ғана арналған)
4
Тартпа (сақтауға ғана арналған)
5
Басқару панелі
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
(ішінде)
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
11 12 13 14 15
1
Сигнал шамы
2
Температура тетігі
3
FROSTMATIC шамы
4
FROSTMATIC тетігі
Дыбыстық сигналды бастапқы
қалпына қою тетігі
5
Дабыл шамы
3.1 Іске қосу
1.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2.
Температура тетігін сағат тілінің
бағытымен бұрап орташа
температураға қойыңыз.
3.
Сигнал шамы жанады да,
құрылғының қуат көзіне
қосылғанын көрсету үшін 2 секунд
ғана сигнал береді.
4.
Сигнал шамы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигналы іске қосылып,
құрылғының ішіндегі
температураның тым жоғары
екенін көрсетеді.
5.
FROSTMATIC тетігін басыңыз,
дыбыстық сигнал сөнеді.
6.
FROSTMATIC тетігін қайта
басыңыз, FROSTMATIC шамы
жанады. Мұздатқыш жұмыс істей
бастайды.
3.2 Өшіру
1.
Құрылғыны сөндіру үшін
Температура тетігін "O" қалпына
бұраңыз, сигнал 2 секунд ғана
естіледі.
2.
Сигнал шамы өшеді.
6
www.aeg.com
3.3 Температураны реттеу
Құрылғының ішкі температурасы
корпусының астыңғы жағында
орналасқан температура тетігі арқылы
реттеледі.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
суықтықты азайту үшін температура
тетігін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
суықтықты жоғары деңгейге қою
үшін температура тетігін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа параметрді
таңдаған дұрыс.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының
ішіндегі температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді болатынын
ескеріп таңдау керек:
бөлме температурасы
есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
сақталатын тағамның мөлшері
құрылғы орналасқан жер.
3.4 FROSTMATIC функциясы
FROSTMATIC функциясы жаңа
тағамды тездетіп мұздатумен қатар,
сақталып тұрған тағамдарды жылудың
әсерінен қорғайды.
FROSTMATIC функциясын
FROSTMATIC тетігін басып іске
қосуыңызға болады.
FROSTMATIC шамы жанады.
Функцияны кез келген уақытта
FROSTMATIC тетігін басып сөндіруге
болады.
FROSTMATIC шамы сөнеді.
3.5 Артық температураны
ескерту сигналы
Егер мұздатқыштың ішіндегі
температура мұздатылған
тағамдарды қауіпсіз сақтау мүмкін
емес деңгейге дейін көтерілсе,
(мысалы, тоқ сөніп қалған кезде)
Ескерту шамы жыпылықтап, дыбыстық
сигнал естіледі.
1.
Ескерту сигналын FROSTMATIC
тетігін басып сөндіріңіз.
FROSTMATIC шамы жанады.
Ескерту шамы қажетті
температура қайта қалпына
келгенше жыпылықтайды.
2.
FROSTMATIC тетігін Ескерту
шамы өшкеннен кейін дереу
босатуға болады.
FROSTMATIC шамы сөнеді.
Мұздатқышты бірінші қосқан
кезде Ескерту шамы,
мұздатылған тағамды сақтауға
ыңғайлы температура
қалыптасқанша
жыпылықтайды.
3.6 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік 90 секундтан ұзақ уақыт ашық
қалса, дыбыстық сигнал естіледі.
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда), дыбыстық
сигнал тоқтайды.
Қандай жағдай орын алса да,
дыбыстық сигналды сөндіру үшін
Дыбыстық сигналды бастапқы
қалпына қою тетігін басыңыз.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-
жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
ҚАЗАҚ 7
Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз,
бұл құрылғының сыртқы
қабатына зиян келтіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Fast
Freeze функциясын, мұздатылатын
тағамды мұздатқыш камераға
қоярдың алдында, кем дегенде 24
сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі
екі камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
24 сағаттан кейін мұздату үрдісі
аяқталғаннан кейін қажетті
температураға ("Температураны
реттеу" тармағын қараңыз) қайта
оралыңыз.
5.2 Мұздатылған тағамды
сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
қосқан кезде, камераға тамақ салмас
бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2
сағат ең жоғарғы параметрлерге
қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы
электр қуаты өшіп, ток
техникалық сипаттамалар
кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мәндерден
де ұзақ уақыт бойы қосылмай
тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу
пісіріп алып барып қайта
тоңазыту (салқындатқан соң)
қажет.
5.3 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды қолданар
алдында бөлме температурасында
жібітіп алуға болады.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру
ұзаққа созылады.
5.4 Суық аккумуляторы
Мұздатқыш бір не бірнеше суық
аккумуляторымен жабдықталған; бұл
электр қуаты өшкенде не құрылғы
сынып қалған жағдайда оның ішіндегі
тағамды ұзағырақ сақтауға
көмектеседі.
6. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
6.1 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын
ең көп тағам мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында
тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша
тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
8
www.aeg.com
тағамды жылдам әрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап,
орамының ауа өткізбейтіндігіне көз
жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды
әлдеқашан мұздаған тағамға, оның
температурасы көтеріле бастамас
үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы
тағамдарға қарағанда жақсы әрі
ұзақ сақталады; тұз тағамның
сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш
камерадан алған бетте тура
пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі
мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының
кестесін жасау үшін, тағамның әрбір
жеке орамасына оның
тоңазытылған ай-күнін жазып қою
ұсынылады;
6.2 Тоңазытылған
тағамдарды сақтауға қатысты
ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес
бұрын құрылғыны электр
желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының
салқындатқыш құралында
сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу
жұмыстары мен оны қайта
толтыруды тек уәкілетті маман
ғана жүзеге асыруға тиіс.
7.1 Мерзімді тазалау
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап
отыру керек:
ішкі жағы мен керек-жарақтарын ас
содасы (0,5 литр суға 5 мл)
қосылған жылы сумен жуыңыз
есіктің тығыздағыштарын мезгіл-
мезгіл тексеріп, қоқыстан арылту
үшін тазалап сүртіп отырыңыз
шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.
Камераның ішіндегі түтікше
және/немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға, қозғауға
немесе бүлдіруге болмайды.
Жуғыш заттар, жеміргіш ұнтақ,
әтір иісі қатты шығатын
тазалағыш зат немесе
жылтыратқыш балауызбен
тазаламаңыз, себебі бұндай
заттар құрылғының ішкі бетін
бүлдіріп, қатты иіс қалдырады.
Құрылғының түбінде орналасқан
желдеткіш торды жылына бір рет
алып, ауа өткізетін саңылауларын
шаңсорғышпен тазалаңыз. Желдеткіш
торды бұлай тазалау құрылғының
жұмысын жақсартып, электр қуатын
тұтынуды азайтуға көмектеседі.
Сақтандыру туралы ескерту!
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп
алудан сақтаныңыз.
ҚАЗАҚ 9
Ас үй құрылғыларының бетін
тазалауға арналған көпшілік
заттардың құрамында осы құрылғы
үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы
корпусының сыртын, тек аздаған
жуғыш зат салынған жылы сумен
тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
7.2 Мұздатқыш камераның
мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш камераның қырауының
қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған
кезде, оны жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1.
Температура тетігін "0" қалпына
қойыңыз да, ашаны розеткадан
суырыңыз.
2.
Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да,
салқын жерге қойыңыз.
3.
Есікті ашық қалдырыңыз.
4.
Үш үлкен тартпаны алыңыз.
5.
Жібіту аяқталған кезде астыңғы
кішкене тартпаға жиналған суды
төгіп, ішін мұқият құрғатыңыз.
Ашаны розеткаға сұғыңыз да,
термостатты басқару тетігін орташа
параметрге қойыңыз. Содан кейін
құрылғыны кем дегенде екі сағат
"Жылдам жібіту" режиміне қойып
қосып, алдында алынған тағамдарды
қайта салыңыз.
7.3 Ауа өткізетін саңылауларды тазалау
CAB
1.
Жақтаушаны (A), содан кейін
желдеткіш торды (B) алыңыз.
2.
Желдеткіш торкөзді тазалаңыз.
3.
Ауа дефлекторын (C) еппен
тартып шығарыңыз, онда еріген
мұздың суы жиналмағанын
тексеріңіз.
4.
Құрылғының астыңғы жағын
шаңсорғышпен тазалаңыз.
7.4 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1.
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
2.
барлық тағамдарды шығарыңыз
3.
құрылғыны жібітіп, оны керек-
жарақтарымен қоса тазалаңыз
4.
Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз, электр
қуаты өшіп қалған жағдайда
ішіндегі тағам бұзылып кетпес
үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
10
www.aeg.com
8. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулықты анықтамас бұрын
ашаны розеткадан суырыңыз.
Осы нұсқаулықта
көрсетілмеген ақаулықты тек
электрші маман немесе білікті
адам ғана анықтауға тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп
тұрған кезде шуыл естіледі
(компрессор, салқындатқыш
сұйықтықтың айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемей тұр. Бақылау
шамы
жыпылықтамайды.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға
дұрыстап сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада
тоқ жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып
көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Сигнал шамы
жыпылықтайды.
Құрылғы дұрыс жұмыс
істемей тұр.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Ескерту шамы
жыпылықтайды.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
"Артық температураны
ескерту сигналы"
тарауын қараңыз
Дыбыстық сигнал
естіледі
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
"Артық температураны
ескерту сигналы"
тарауын қараңыз
Есік ашық қалған. Есікті жабыңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ
температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып
қоймаңыз.
Тағамның
температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Бөлменің
температурасын
азайтыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Жылдам мұздату
функциясы қосылған.
"Жылдам мұздату
функциясы" тарауын
қараңыз.
Мұздатқыштың
ішіндегі температура
тым төмен.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Жоғарырақ
температураға қойыңыз.
Жылдам мұздату
функциясы қосылған.
"Жылдам мұздату
функциясы" тарауын
қараңыз.
Мұздатқыштың
ішіндегі температура
тым жоғары.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Төменірек температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Тағамның
температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға
қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
тағам мөлшерін
азайтыңыз.
Тағамдар бір-біріне өте
жақын қойылған.
Тағамдарды суық ауа
айнала алатындай етіп
сақтаңыз.
Қырау тым көп
қатқан.
Тағам дұрыс оралмаған. Тағамды дұрыстап
ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Температура тетігі
дұрыс мәнге
қойылмаған.
Жоғарырақ
температураға қойыңыз.
8.1 Есікті жабыңыз
1.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2.
Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
12
www.aeg.com
9. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемі
Биіктігі 815 мм
Ені 596 мм
Тереңдігі 550 мм
Температураны көтеру
уақыты
29 сағ
Кернеу 230-240 В
Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі
сол жағында орналасқан техникалық
ақпарат тақтайшасында және қуат
мәндері берілген жапсырмада
көрсетілген.
10. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнатпай тұрып
"Қауіпсіздік туралы ақпаратты"
жеке басыңыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін және
құрылғыны дұрыс пайдалану
үшін мұқият оқып шығыңыз.
10.1 Орналастыру
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы
желдетілетін (гараж немесе қойма)
тәрізді жабық жерге орнатуға болады,
бірақ құрылғының жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін оны,
температурасы құрылғының
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген ауа-райы санатына сай
келетін жерге орнатыңыз:
Ауа-
райы
санаты
Бөлме температурасы
SN +10°C бастап + 32°C
дейін
N +16°C бастап + 32°C
дейін
ST +16°C бастап + 38°C
дейін
T +16°C бастап + 43°C
дейін
10.2 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі
электр желісінің қуатына сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы
мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге
қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге
сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
ҚАЗАҚ 13
жауапкершілікті өз мойнына алудан
бас тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
11. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған
кезде түрлі шуыл естіледі
(компрессор, салқындатқыш
сұйықтықтың айналуы).
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRRR!
OK
CLICK!
CLICK!
BRRR!
BRRR!
14
www.aeg.com
BLUBB!
BLUBB!
HISSS!
HISSS!
SSSRRR!
SSSRRR!
CRACK!
CRACK!
ҚАЗАҚ 15
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге
тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз.
Электрлік және электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта
өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған
ортаға және адамның
денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті
қайта өңдеу орталығына өткізіңіз
немесе жергілікті мекемеге
хабарласыңыз.
16
www.aeg.com
СОДЕРЖАНИЕ
1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
2. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
3. ПАНЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
4. ПЕРВОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
5. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
6. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ И РЕКОМЕНДАЦИИ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
7. УХОД И ОЧИСТКА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
8. ЧТО ДЕЛАТЬ, ЕСЛИ ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
9. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
10. УСТАНОВКА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
11. ШУМЫ ПРИ РАБОТЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
12. ОХРАНА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
ДЛЯ ОПТИМАЛЬНЫХ РЕЗУЛЬТАТОВ
Благодарим Вас за выбор данного продукта AEG. Этот продукт будет безупречно
служить Вам долгие годы – ведь мы создали его с помощью инновационных технологий,
которые облегчат Вашу жизнь и создадут качества, которые Вы не найдете в привычных
приборах. Потратьте немного времени на чтение, чтобы получить максимальную пользу
от своей покупки.
На нашем веб-сайте Вы сможете:
Найти рекомендации по использованию изделий, руководства по эксплуатации,
мастер устранения неисправностей, информацию о техническом обслуживании:
www.aeg.com
Зарегистрировать свое изделия для улучшения обслуживания:
www.aeg.com/productregistration
Приобрести дополнительные принадлежности, расходные материалы и
фирменные запасные части для своего прибора:
www.aeg.com/shop
ПОДДЕРЖКА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ И СЕРВИСНОЕ
ОБСЛУЖИВАНИЕ
Мы рекомендуем использовать оригинальные запчасти.
При обращении в сервис-центр следует иметь под рукой следующую информацию.
Данная информация находится на табличке с техническими данными. Модель, код
изделия (PNC), серийный номер.
Внимание / Важные сведения по технике безопасности.
Общая информация и рекомендации
Информация по защите окружающей среды
Право на изменения сохраняется.
РУССКИЙ 17
1.
СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
Для обеспечения собственной безо‐
пасности и правильной эксплуатации
прибора, перед его установкой и пер‐
вым использованием внимательно
прочитайте данное руководство, не
пропуская рекомендации и предупре‐
ждения. Чтобы избежать нежелатель‐
ных ошибок и несчастных случаев,
важно, чтобы все, кто пользуется дан‐
ным прибором, подробно ознакоми‐
лись с его работой и правилами тех‐
ники безопасности. Сохраните настоя‐
щее руководство и в случае продажи
прибора или его передачи в пользова‐
ние другому лицу передайте вместе с
ним и данное руководство, чтобы но‐
вый пользователь получил соответ‐
ствующую информацию о правильной
эксплуатации и правилах техники
безопасности.
В интересах безопасности людей и
имущества соблюдайте меры пред‐
осторожности, указанные в настоя‐
щем руководстве, так как производи‐
тель не несет ответственности за
убытки, вызванные несоблюдением
указанных мер.
1.1 Безопасность детей и лиц
с ограниченными
возможностями
Данное изделие не предназначено
для эксплуатации лицами (в том
числе детьми) с ограниченными фи‐
зическими, сенсорными или ум‐
ственными способностями или с не‐
достаточным опытом или знаниями
без присмотра лица, отвечающего
за их безопасность, или получения
от него соответствующих инструк‐
ций, позволяющих им безопасно эк‐
сплуатировать его.
Необходимо следить за тем, чтобы
дети не играли с прибором.
Держите все упаковочные материа‐
лы в недоступном для детей месте.
Существует опасность удушения.
Если прибор больше не нужен, вы‐
ньте вилку из розетки, обрежьте
шнур питания (как можно ближе к
прибору) и снимите дверцу, чтобы
дети, играя, не получили удар током
или не заперлись внутри прибора.
Если данный прибор (имеющий маг‐
нитное уплотнение дверцы) пред‐
назначен для замены старого холо‐
дильника с пружинным замком (за‐
щелкой) дверцы или крышки, перед
утилизацией старого холодильника
обязательно выведите замок из
строя. Это позволит исключить пре‐
вращение его в смертельную лову‐
шку для детей.
1.2 Общие правила по
технике безопасности
ВНИМАНИЕ!
Не перекрывайте вентиляционные от‐
верстия в корпусе прибора или в ме‐
бели, в которую он встроен.
Настоящий прибор предназначен
для хранения продуктов питания и
напитков в бытовых условиях, как
описано в настоящем руководстве.
Не используйте механические прис‐
пособления и другие средства для
ускорения процесса разморажива‐
ния.
Не используйте другие электропри‐
боры (например, мороженицы) внут
ри холодильных приборов, если
производителем не допускается
возможность такого использования.
Не допускайте повреждения конту‐
ра холодильника.
Холодильный контур прибора со‐
держит хладагент изобутан (R600a)
– безвредный для окружающей сре‐
ды, но, тем не менее, огнеопасный
природный газ.
При транспортировке и установке
прибора следите за тем, чтобы не
допустить повреждения компонен‐
тов контура холодильника.
В случае повреждения контура хо‐
лодильника:
не допускайте использования от‐
крытого пламени и источников
возгорания;
18
www.aeg.com
тщательно проветрите помеще‐
ние, в котором установлен при‐
бор.
Изменение характеристик прибора и
внесение изменений в его конструк‐
цию сопряжено с опасностью. Лю‐
бое повреждение кабеля может при‐
вести к короткому замыканию, воз‐
никновению пожара и/или пораже‐
нию электрическим током.
ВНИМАНИЕ!
Во избежание несчастных слу‐
чаев замену любых электро‐
технических деталей (шнура
питания, вилки, компрессора)
должен производить сертифи‐
цированный представитель
сервисного центра или квали‐
фицированный обслуживаю‐
щий персонал.
1.
Запрещается удлинять сетевой
шнур.
2.
Убедитесь, что вилка сетевого
шнура не раздавлена и не по‐
вреждена задней частью прибо‐
ра. Раздавленная или повре‐
жденная вилка сетевого шнура
может перегреться и стать при‐
чиной пожара.
3.
Убедитесь в наличии доступа к
вилке сетевого шнура прибора.
4.
Не тяните за сетевой шнур.
5.
Если в розетке плохой контакт,
не вставляйте в нее вилку кабе‐
ля питания. Существует опас‐
ность поражения электрическим
током или возникновения пожа‐
ра.
6.
Запрещается эксплуатировать
прибор без плафона (если он
предусмотрен конструкцией)
лампы внутреннего освещения.
Прибор имеет большой вес. Будьте
осторожны при его перемещении.
Не вынимайте и не трогайте пред‐
меты в морозильнике мокрыми или
влажными руками: это может приве‐
сти к появлению на руках ссадин
или ожогов от обморожения.
Не подвергайте прибор длительно‐
му воздействию прямых солнечных
лучей.
В приборе используются специаль‐
ные лампы (если предусмотрено
конструкцией), предназначенные
только для бытовых приборов. Они
не подходят для освещения поме‐
щений.
1.3 Ежедневная эксплуатация
Не ставьте на пластмассовые части
прибора горячую посуду.
Не храните в холодильнике воспла‐
меняющиеся газы и жидкости, так
как они могут взорваться.
Не помещайте продукты, перекры‐
вая вентиляционное отверстие у
задней стенки (если прибор отно‐
сится к виду приборов «Без образ‐
ования инея»).
Замороженные продукты после раз‐
мораживания не должны подвер‐
гаться повторной заморозке.
При хранении расфасованных замо‐
роженных продуктов следуйте реко‐
мендациям производителя.
Следует тщательно придерживать‐
ся рекомендаций по хранению, дан‐
ных изготовителем прибора. См. со‐
ответствующие указания.
Не помещайте в холодильник гази‐
рованные напитки, т.к. они создают
внутри емкости давление, которое
может привести к тому, что она лоп‐
нет и повредит холодильник.
Ледяные сосульки могут вызвать
ожог обморожения, если брать их в
рот прямо из морозильной камеры.
1.4 Чистка и уход
Перед выполнением операций по
чистке и уходу за прибором выклю‐
чите его и выньте вилку сетевого
шнура из розетки.
Не следует чистить прибор метал‐
лическими предметами.
Не пользуйтесь острыми предмета‐
ми для удаления льда с прибора.
Используйте пластиковый скребок.
1.5 Установка
Для подключения к электросе‐
ти тщательно следуйте ин‐
струкциям, приведенным в со‐
ответствующих параграфах.
РУССКИЙ 19
Распакуйте изделие и проверьте,
нет ли повреждений. Не подключай‐
те к электросети поврежденный
прибор. Немедленно сообщите о
повреждениях продавцу прибора. В
таком случае сохраните упаковку.
Рекомендуется подождать не менее
четыре часа перед тем, как вклю‐
чать холодильник, чтобы масло вер‐
нулось в компрессор.
Необходимо обеспечить вокруг хо‐
лодильника достаточную циркуля‐
цию воздуха, в противном случае
прибор может перегреваться. Что‐
бы обеспечить достаточную венти‐
ляцию, следуйте инструкциям по ус‐
тановке.
Если возможно, изделие должно
располагаться обратной стороной к
стене так, чтобы во избежание ожо‐
га нельзя было коснуться горячих
частей (компрессор, испаритель).
Данный прибор нельзя устанав‐
ливать вблизи радиаторов отопле‐
ния или кухонных плит.
Убедитесь, что к розетке будет до‐
ступ после установки прибора.
Подключайте прибор только к пить‐
евому водоснабжению (если такое
подключение предусмотрено кон‐
струкцией прибора).
1.6 Обслуживание
Любые операции по техобслужива‐
нию прибора должны выполняться
квалифицированным электриком
или уполномоченным специали‐
стом.
Техобслуживание данного прибора
должно выполняться только специа
листами авторизованного сервисно‐
го центра с использованием исклю‐
чительно оригинальных запчастей.
1.7 Защита окружающей
среды
Ни холодильный контур, ни
изоляционные материалы на‐
стоящего прибора не содержат
газов, которые могли бы повре‐
дить озоновый слой. Данный
прибор нельзя утилизировать
вместе с бытовыми отходами и
мусором. Изоляционный пено‐
пласт содержит горючие газы:
прибор подлежит утилизации в
соответствии с действующими
нормативными положениями, с
которыми следует ознакомить‐
ся в местных органах власти.
Не допускайте повреждения
холодильного контура, особен‐
но, вблизи теплообменника.
Материалы, использованные
для изготовления данного при‐
бора, помеченные символом
, пригодны для вторичной
переработки.
20
www.aeg.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

AEG AGS58200F0 Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka