AEG S83200CMB0 Používateľská príručka

Kategória
Mrazničky
Typ
Používateľská príručka
S83200CMB0
S83200CMM0
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
SR Упутство за употребу 22
SK Návod na používanie 41
UK Інструкція 60
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
8. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
9. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып, ең алғаш
пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз
бен құрылғыны дұрыс қолдану
мақсатында, пайдаланушыға арналған
бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар
салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы,
қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
апаттардың алдын алу үшін,оны
пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы
нұсқаулықты сақтап қойыңыз және
тоңазытқышты басқа адамдарға
бергеніңізде немесе сатқаныңызда,
оны пайдаланатын әрбір адамның
бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты
пайдалану және қауіпсіздік
шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы
ескертулерді орындаңыз, себебі
қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой
деңгейіне байланысты не пеш
жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар
(балаларды қоса алғанда), пешті
пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға
тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін
оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен
қорабын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның
ашасын розеткадан суырыңыз да,
қорек сымын қиып(құрылғыға
барынша тақата)балалар ішіне кіріп
қамалып не электр тогының қатерлі
әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны,
есігінде не қақпағында серіппелі
құлыбы бар ескі құрылғының
орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның
серіппелі құлыбын жарамсыз етіп
барып тастаңыз. Бұл құрылғыны
бала ішіне қамалып қалатын қауіп
көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық
ұстаңыз.
Бұл құрылғы тағамдар мен/немесе
сусындарды үйде және сол сияқты
басқа жерлерде сақтауға арналған,
мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және
басқа жұмыс орындарының
қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде;
фермадағы үйлерде және қонақ
үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде;
төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін жерлерде;
қоғамдық тағам және сол сияқты
бөлшек сауда жасамайтын
орындарда.
Жібіту үдерісін жылдамдату
мақсатында ешқандай механикалық
немесе кез келген басқа жасанды
құралды пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне
басқа электр құрылғыларды
(балмұздақ жасайтын құрылғы
ҚАЗАҚ 3
сияқты) салып қолданушы
болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге
зақым келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат
ағатын жүйесінде изобутан (R600a)
және қоршаған ортамен
сыйысымдылығы жоғары, бірақ
сонда да жанғыш зат болып
табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және
орнату кезінде салқындатқыш зат
жүйесіне зақым келтірілмейтініне
көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі
зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері
болмауы тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені
жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның
сипаттарын өзгерту қауіпті.
Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе
тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік
бөлшектерін (қуат сымы, аша,
компрессор), қатерлі жағдай
орын алмас үшін, куәлігі бар
қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға
болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым
қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі
мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол
жетерлік жерде орналасқанына
көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап
тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса,
айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу
немесе өрт шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама
шамының қақпағы (егер бар
болса) жабылмаса іске қосуға
болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан
кезде абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш
бөліктен заттарды алмаңыз және
оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың
терісі сыдырылып кетуі немесе
қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға
арналған арнайы шамдар (егер бар
болса) ғана қолданылған. Олар үйді
жарықтандыру үшін қолдануға
жарамайды.
1.3 Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі
пластик жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен
сұйықты қоймаңыз, себебі олар
жарылып кетуі мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы
қоюға болмайды. (Егер құрылғыға
мұз қатпайтын болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған
соң оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды
мұздатылған тағам өндірушінің
нұқсауларына сай сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң
орындау керек. Тиісті нұсқауларға
қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не
көпіршитін сусындарды тоңазытқыш
камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа
түскен қысым оның жарып,
нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
бетте пайдаланғанда аяз қарып
жіберуі мүмкін.
1.4 Күтім және тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді
бастамас бұрын құрылғыны өшіріп,
ашаны электр желісіндегі
розеткадан суырып алыңыз.
4
www.aeg.com
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны
мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
Қажет болса, табақшаны тазалап
отырыңыз. Табақша толып қалған
жағдайда су құрылғының астыңғы
жағына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда,
арнайы бөлімдерде берілген
нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш
жерінің бүлінбегенін тексеріп
алыңыз. Құрылғының бір жері
бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда,
құрылғыны сатып алған жерге дереу
хабарлаңыз. Бұндай жағдайда
қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның
майы компрессорға ағып құйылу
үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті
түрде айналуға тиіс, ауа айналымы
жеткіліксіз болса құрылғы қызып
кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін
орнатуға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы
тұратын бөлшектерін (компрессор,
конденсатор) ұстап қалып не оларға
қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін
тоңазытқыштың арт жағын әрқашан
қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің
қасына жақын орналастыруға
болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның
ашасының қол оңай жететін жерде
болуын қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз
(егер суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
Осы құрылғыны жөндеуге қатысты
кез келген электр жұмыстарын
білікті маман немесе құзырлы адам
жүзеге асыруға тиіс.
LED шамының қақпағын алыңыз.
LED шамының қақпағын ауыстыру
қажет болса, жақын жердегі қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғыны уәкілетті қызмет
көрсету орталығы ғана жөндеуге
тиіс және тек фирмалық бөлшектер
ғана қолданылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының
салқындатқыш сұйығының
құрамында да, изоляция
материалдарында да озон
қабатына зиян келтіретін
газдар жоқ. Бұл құрылғыны
тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге
тастауға болмайды. Оның
изоляция қабаттамасында
тұтанғыш газдар бар:
құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын
жарамды ережелерге сай
тастау қажет. Салқындатқыш
құралға, әсіресе оның қызу
алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Құрылғыда пайдаланылған
белгішесімен белгіленген
материалдар қайта өңдеуден
өткізуге жарайды.
ҚАЗАҚ 5
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
2 54 7 9
11
1
10
3 86
1
MaxiBox тартпасы
2
FreshBox тартпасы
3
Корпустың сөрелері
4
Ауамен үздіксіз салқындату
5
Шөлмек сөресі
6
Басқару панелі
7
Сүт өнімдерінің сөресі
8
Есіктің сөресі
9
Шөлмек қоятын сөре
10
Мұздатқыш себеттер
11
Техникалық ақпарат тақташасы
6
www.aeg.com
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
7
6
5
2
3
4
1
Тоңазытқыш температурасының
"суығырақ" түймешігі
2
Тоңазытқыш температурасының
"жылырақ" түймешігі
3
ON/OFF түймешігі
OK түймешігі
4
Мұздатқыш температурасының
"жылырақ" түймешігі
5
Бейнебет
6
Мұздатқыш температурасының
"суығырақ" түймешігі
7
Mode түймешігі
Түймешіктердің алдын ала
қойылған сигналдарын РЕЖИМ
7
және МИНУС
6
түймешіктерін
бірнеше секунд қатар басып
қатайтуға болады. Осыны қайта
өзгертуге болады.
3.1 Бейнебет
A
B
C
D
E
F
G
H
I
J
A)
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
B)
Демалыс функциясы
C)
Қосымша ылғалдылық функциясы
D)
Тоңазытқыш сөндірулі
E)
Мұздатқыш температурасының
индикаторы
F)
Ескерту индикаторы
G)
Сусын салқындату функциясы
H)
FROSTMATIC функциясы
I)
COOLMATIC функциясы
J)
Балалар құлпы функциясы
3.2 Іске қосу
Құрылғыны қосу үшін мына
әрекеттерді орындаңыз:
1.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2.
Егер бейнебет сөніп тұрса,
құрылғының ON/OFF түймешігін
басыңыз.
3.
Бірнеше секундтан кейін ескерту
құралы сигнал беруі мүмкін.
Ескерту құралын бастапқы
қалпына қайтару үшін, "Жоғары
температураны ескерту" тарауын
қараңыз.
4.
Егер бейнебетте көрсетілсе,
"dEMo" құрылғы демо-режимде
тұр. "Ақаулықты түзету..." тарауын
қараңыз.
5.
Температура индикаторлары
орнатылған әдепкі температураны
көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
3.3 Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін, мына
әрекеттерді орындаңыз:
1.
Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд
басыңыз.
2.
Бейнебет сөнеді.
3.
Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін, ашаны розеткадан
суырыңыз.
3.4 Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1.
Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
ҚАЗАҚ 7
"Тоңазытқыш сөндірулі"
индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш индикаторында үзік
сызықшалар көрінеді.
2.
Құптау үшін OK түймешігін
басыңыз.
3.
"Тоңазытқыш сөндірулі"
индикаторы көрсетіледі.
3.5 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1.
Тоңазытқыш температурасын
реттеу тетігін басыңыз.
Немесе:
1.
Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі"
индикаторы жыпылықтайды.
2.
Құптау үшін OK түймешігін
басыңыз.
3.
"Тоңазытқыш сөндірулі"
индикаторы өшеді.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
3.6 Температураны реттеу
Тоңазытқыш пен мұздатқыштың
орнатылған температурасын
температура түймешігін басып
реттеуге болады.
Орнатылған әдепкі температура:
тоңазытқыш үшін +5°C
мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Әдепкі температураны қайта
келтіру үшін құрылғыны
сөндіріңіз.
Таңдалған температура 24 сағат
ішінде орнайды.
Орнатылған температураның бірнеше
градусқа ауытқуы қалыпты жағдай,
бұл құрылғыда ақаулық бар дегенді
білдірмейді.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
3.7 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Түймешіктер байқаусызда іске
қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі
функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тиісті белгіше пайда болғанша,
Mode түймешігін басыңыз.
2.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жыпылықтайды.
3.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жыпылықтағанша,
Mode түймешігін басыңыз.
2.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
3.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы сөнеді.
3.8 Қосымша ылғалдылық
функциясы
Тоңазытқыштың ылғалдылығын
арттыру керек болса, Қосымша
ылғалдылық функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тиісті белгіше пайда болғанша
Mode түймешігін басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы
жыпылықтайды.
2.
Құптау үшін OK түймешігін
басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы
көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Қосымша ылғалдылық индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2.
Құптау үшін OK түймешігін
басыңыз.
3.
Қосымша ылғалдылық индикаторы
өшеді.
3.9 COOLMATIC функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
8
www.aeg.com
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпес үшін COOLMATIC функциясын
іске қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
COOLMATIC индикаторы
жыпылықтайды.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
COOLMATIC индикаторы
көрсетіледі.
COOLMATIC функциясы шамамен 6
сағат уақыт өткенде автоматты түрде
өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін COOLMATIC
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдау арқылы ажыратылады.
3.10 Minute Minder функциясы
Minute Minder функциясы дыбысты
сигналды қажетті кезде орнату үшін
қолданылады, мысалы, рецепт
бойынша пісіргенде қоспаны белгілі
бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе мұздатқышқа жылдам
суыту үшін қойылған шөлмектерді
ұмытып кетпеу үшін ескерту сигналы
қажет болған кезде қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
Minute Minder индикаторы
жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мәнді (30
минут) бірнеше секунд көрсетіп
тұрады.
2.
Таймердің орнатылған мәнін 1
мен 90 минут аралығында өзгерту
үшін Тоңазытқыштың температура
түймешігін басыңыз.
3.
OK түймешігін басып құптаңыз.
Minute Minder индикаторы
көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды
(min).
Кері санақ аяқталған кезде Minute
Minder индикаторы жыпылықтайды да,
дыбысты сигнал естіледі:
1.
Мұздатқыш камерадағы
сусындарды алыңыз.
2.
Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
OK түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып
тұрған кезде, кез келген уақытта
ажыратуға болады.
1.
Mode түймешігін Minute Minder
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
Minute Minder индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі
мен "Жылырақ температура"
түймешігін басып, уақытты кері санақ
орындалып тұрған кезде және
аяқталған кезде өзгертуге болады.
3.11 FROSTMATIC
функциясы
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
FROSTMATIC индикаторы
жыпылықтайды.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
FROSTMATIC индикаторы
көрсетіледі.
Бұл функция 52 сағаттан соң
автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін FROSTMATIC
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
FROSTMATIC индикаторы сөнеді.
Мұздатылуға тиіс жаңа
тағамды FROSTMATIC
себетіне салыңыз.
Функция мұздатқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдау арқылы ажыратылады.
ҚАЗАҚ 9
3.12 Жоғары температураны
ескерту сигналы
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны
(мысалы, электр қуаты өшкен кезде)
төмендегідей көрсетіледі:
ескерту сигналының және
мұздатқыш температурасының
индикаторлары жыпылықтайды
дыбысты сигнал естіледі.
Ескерту сигналын тоқтату үшін:
1.
Кез келген түймешікті басыңыз.
2.
Дыбысты сигнал өшеді.
3.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы, ең жоғары
температураны бірнеше секунд
көрсетіп тұрады. Содан кейін
қайта орнатылған температураны
көрсетеді.
4.
Ескерту индикаторы қалыпты
жағдай орнағанша жыпылықтап
тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде
ескерту индикаторы сөнеді.
3.13 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Егер тоңазытқыштың есігі бірнеше
минут ашық қалса, дыбыстық сигнал
естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы
төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
Ескерту индикаторы жыпылықтайды
•дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда), дыбыстық
сигнал тоқтайды.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
4.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FROSTMATIC функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем
дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды
FROSTMATIC бөлігіне салыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
4.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2
сағатқа қосыңыз.
Мұздатқыштың тартпалары оралған
тағамдарды оңай және жылдам
табатын етіп жасалған. Егер өте көп
мөлшерде тағам сақтау қажет болса,
астыңғы тартпадан басқа
тартпалардың барлығын алыңыз,
астыңғы тартпа ауаның жақсы
айналып тұруын қамтамасыз ету үшін
қажет. Сөрелердің барлығына есіктен
15 мм шығып тұратын тағам салуға
болады.
Мысалы, электр қуаты өшіп
қалып құрылғы мұзы кездейсоқ
жібіп кетсе және электр қуаты,
техникалық параметрлер
кестесінің "температураның
жоғарылау уақыты" бөлімінде
көрсетілген шамадан да ұзақ
уақыт жоқ болса, тағамды
дереу тауысу не пісіріп барып
қайта тоңазыту керек
(салқындатқан соң).
4.3 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған
тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы
жұмысқа арналған уақыттың
шамасына қарай отырып, оны
10
www.aeg.com
тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
4.4 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
4.5 Шөлмек сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып)
алдын ала орналастырылған сөреге
қойыңыз.
Сөре көлденең
орналастырылған болса, тек
жабық бөтелкелерді ғана
қойыңыз.
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін
осы бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға
болады. Бұл нәтижеге қол жеткізу
үшін сөрені жоғары қарай бұрып,
келесі жоғарғы деңгейге көтеріп қоюға
болады.
4.6 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді
жасаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша
еппен тартып шығарыңыз да, қажетті
орынға қойыңыз.
2
1
3
4.7 Ауаны салқындату
ClimaTech технологиясы тағамды
жылдам суытады және камера
температурасын барынша біркелкі
ұстайды
Бұл құрал тағамды жылдам суытып,
камера температурасын барынша
біркелкі ұстауға мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚ 11
4.8 Көміртекті сүзгі
Құрылғыңыз мұздатқыш камераның
артқы қабырғасындағы қалқанның
артында орналасқан көміртекті
CLEANAIR CONTROL cүзгімен
жабдықталған.
CLEANAIR CONTROL
Бұл сүзгі тоңазытқыш пен
LONGFRESH бөліміндегі жағымсыз
иістен тазартады, яғни тағамның
сапасы жақсара түседі.
Жұмыс барысында ауа
желдеткішінің қалқанын
әрқашан жабық ұстаңыз.
4.9 FreshBox тартпасы
Бұл құрал тағамды жылдам суытып,
тартпаның ішіндегі температураны
барынша біркелкі ұстауға мүмкіндік
береді
Функцияны іске қосу үшін:
1.
COOLMATIC функциясын іске
қосыңыз.
2.
COOLMATIC индикаторы жанады.
3.
Қалқанды суретте көрсетілгендей
жоғары сырғытыңыз.
Функцияны сөндіру үшін:
1.
Қалқанды төмен жылжытыңыз.
2.
COOLMATIC функциясын
ажыратыңыз.
3.
COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция бірнеше сағаттан
кейін автоматты түрде сөнеді.
4.10 ProFresh Режим
Егер бөлік FreshBox ретінде керек
болмаса, төмен температуралы
тартпа ретінде пайдалану үшін
параметрлерді өзгертуге болады.
Функцияны қосу үшін қалқанды
суретте көрсетілгендей жоғары
сырғытыңыз:
Функцияны сөндіру үшін қалқанды
суретте көрсетілгендей төмен
сырғытыңыз.
4.11 Сусындарды тез
салқындату (QuickChill)
Бұл функция сусындарды жылдам
салқындатады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
FreshBox тартпасын алыңыз
немесе жоғары жылжытыңыз,
шөлмек сөресін суретте
көрсетілгендей QuickChill
ұяшықтарының алдына қойыңыз.
2.
COOLMATIC функциясын іске
қосыңыз.
3.
COOLMATIC индикаторы жанады.
4.
Қалқанды суретте көрсетілгендей
жоғары жылжытыңыз.
12
www.aeg.com
Функцияны сөндіру үшін:
1.
Қалқанды төмен жылжытыңыз.
2.
COOLMATIC функциясын
ажыратыңыз.
3.
COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция бірнеше сағаттан
кейін автоматты түрде сөнеді.
4.12 MaxiBox тартпасы
Бұ тартпа жеміс-жидек пен көкөніс
сақтауға қолайлы.
4.13 Мұздатқыш себеттерді
мұздатқыштан алу
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ
алынып қалуға немесе құлап кетуге
жол бермейтін тіреуішпен
жабдықталған. Оны мұздатқыштан алу
үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз
да, шегіне жеткен кезде себеттің
алдыңғы жағын жоғары көтеріп
қалыңыз.
2
1
Қайта орнына қою үшін, себеттің
алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп
мұздатқышқа салыңыз. Шеткі
жақтарын келтіріп салғаннан кейін,
себеттерді өз орындарына қарай
итеріңіз.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
5.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Тоңазытқыш сұйық түтікшелер
арқылы аққан кезде, сылдыраған
немесе көпіршіген тәрізді әлсіз
шуыл естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа
таралады да, компрессордан
сылдырлаған, сондай-ақ дірілдеген
дыбыс естисіз. Бұл дұрыс.
Жылу әсерінен кеңею кезінде кенет
тырс-тырс еткен шуыл естілуі
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті
физикалық құбылыс емес. Бұл
дұрыс.
5.2 Қуатты үнемдеуге
қатысты ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті
уақыттан артық уақыт ашып
тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және
тоңазытқыш ішіне тамақ
толтырылса салынса, компрессор
ҚАЗАҚ 13
буландырғыш құралдың үстіне мұз
қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы
мүмкін. Бұндай жағдай орын алса,
температура регуляторын құрылғы
электр қуатын үнемдей отырып
өздігінен жібу үшін төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
5.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны
орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті
болса
тағамды ауа оның айналасында
еркін айнала алатындай етіп
орналастырыңыз
5.4 Тоңазытуға қатысты
ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен
қалтаға орап көкөніс суырмасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге
қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды
осылайша тек бір, көп дегенде екі күн
ғана сақтау керек.
Піскен тағамдар, салқын тағамдар,
т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып, кез
келген сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға
салыңыз. Тоңазытқышқа лимон
шырыны тиіп кетсе, пластик бөліктің
өңі кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан,
цитрустарды бөлек сауыттарға салып
сақтау керек.
Сарымай мен ірімшік: бұларды
арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға
салып не алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап,
мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу
қажет.
Шөлмектер: бұлардың қақпақтарын
жауып, есіктегі бөтелке қойғыш торға
қою керек.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
5.5 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын
ең көп тағам мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында
тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша
тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап,
орамының ауа өткізбейтіндігіне көз
жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды
әлдеқашан мұздаған тағамға, оның
температурасы көтеріле бастамас
үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы
тағамдарға қарағанда жақсы әрі
ұзақ сақталады; тұз тағамның
сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш
камерадан алған бетте тура
пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі
мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының
кестесін жасау үшін, тағамның әрбір
жеке орамасына оның
тоңазытылған ай-күнін жазып қою
ұсынылады;
5.6 Тоңазытылған
тағамдарды сақтауға қатысты
ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
14
www.aeg.com
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
6.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-
жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз,
бұл құрылғының сыртқы
қабатына зиян келтіреді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес
бұрын құрылғыны электр
желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының
салқындатқыш құралында
сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу
жұмыстары мен оны қайта
толтыруды тек уәкілетті маман
ғана жүзеге асыруға тиіс.
6.2 Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап
отыру қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап
нейтрал сабын салынған жылы
сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін
сүртіп алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер
және/не сымдардың
ешқайсысын тартпаңыз,
жылжытып не бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін
жуғыш заттарды, жеміргіш
ұнтақтар мен аса хош
иістендірілген тазалағыш
заттарды не балауыз
жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай
заттар құрылғының беткі
қабатын бүлдіріп, онда ерекше
иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор
(қара гриль) мен компрессорды шөтке
не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай
істеу құрылғы жұмысын жақсартып,
электр шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш
нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін
тазалауға арналған көпшілік
заттардың құрамында осы құрылғы
үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы
корпусының сыртын, тек аздаған
жуғыш зат салынған жылы сумен
тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
6.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су құрылғының
артындағы, мотор компрессорының
ҚАЗАҚ 15
үстіндегі арнайы контейнерге су
шығатын саңылау арқылы жиналады
да, осы жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін
тоңазытқыш бөліктегі науаның
ортасындағы еріген су ағатын
саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап
тұрған маңызды.
Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы
тазалағыш құралды пайдаланыңыз,
оны су ағатын тесіктен аласыз.
6.4 Тоңазытқыш қырауын
еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау
тұрмайтын" түрге жатады. Бұл
құрылғы пайдаланылып тұрғанда
құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау
тұрмайды дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы
суық ауаның болуына байланысты.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін
анықтамас бұрын құрылғыны
тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта
көрсетілмеген ақаулықты тек
электрші маман немесе білікті
адам ғана анықтауға тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп
тұрған кезде шуыл естіледі
(компрессор, салқындатқыш
сұйықтықтың айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс
орнықпаған.
Құрылғының орнықты
тұрған-тұрмағанын
тексеріңіз (төрт аяғы да
еденге тиіп тұруға тиіс).
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура тетігі
дұрыс орнатылмаған
болуы мүмкін.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
16
www.aeg.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып
қоймаңыз.
Тағамның
температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Бөлменің
температурасын
азайтыңыз.
FROSTMATIC
функциясы қосылған.
"FROSTMATIC "
функциясы" тарауын
қараңыз.
COOLMATIC функциясы
қосылған.
"COOLMATIC "
функциясы" тарауын
қараңыз.
Су тоңазытқыштың
артқы тақтасына
қарай ағады.
Мұзды автоматты түрде
еріту барысында еріген
су артқы тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың
ішіне ағады.
Су ағатын түтікше
бітеліп қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың су
жинағыш науаға
құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы
тақтаға тигізбей
орналастырыңыз.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
ақпайды.
Еріген су ағатын
түтікшені буландырғыш
науаға жалғаңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Тағамдар дұрыс
оралмаған.
Тағамдарды жақсылап
ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі
температура тым төмен.
Жоғарырақ
температураға қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Тағамның
температурасы тым
жоғары.
Тағамды сақтардың
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға
қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
тағам мөлшерін
азайтыңыз.
Тоңазытқыштың
ішіндегі температура
тым жоғары.
Құрылғының ішінде суық
ауа айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық
ауаның айналуын
қамтамасыз етіңіз.
Мұздатқыштың
ішіндегі температура
тым жоғары.
Тағамдар бір-біріне өте
жақын қойылған.
Тағамдарды суық ауа
айнала алатындай етіп
сақтаңыз.
Құрылғы жұмыс
істемей тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға
дұрыстап сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада
тоқ жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып
көріңіз. Электрші
маманға хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде
тұр.
Есікті жауып, қайта
ашыңыз.
"dEMo" бейнебетте
көрсетіледі.
Құрылғы демо-режимде
тұр.
Ұзақ дыбыстық сигнал
естіліп, бейнебет аз
уақытқа сөнген кезде OK
түймешігін шамамен 10
сек. басып ұстап
тұрыңыз: құрылғы
қалыпты жұмыс істей
бастайды.
Егер ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге
көмектеспесе, жақын жердегі
фирмалық қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз
7.1 Есікті жабыңыз
1.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2.
Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
8. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнатпай тұрып
"Қауіпсіздік туралы ақпаратты"
жеке басыңыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін және
құрылғыны дұрыс пайдалану
үшін мұқият оқып шығыңыз.
8.1 Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы
құрылғының техникалық ақпараттар
тақтайшасында көрсетілген климат
санатына сай келетін жерге
орналастыру қажет:
18
www.aeg.com
Климат
санаты
Қоршаған орта
температурасы
SN +10°C бастап + 32°C
дейін
N +16°C бастап + 32°C
дейін
ST +16°C бастап + 38°C
дейін
T +16°C бастап + 43°C
дейін
8.2 Орналасуы
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер,
тура түскен күн жарығы сияқты жылу
көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату
қажет. Құрылғының артқы жағында
ауаның еркін айналып тұруын
қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы
жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы
қабырғаға ілулі заттың астына
қойылса, құрылғының үсті мен
қабырғаға ілулі заттың арасында кем
дегенде 100 мм орын қалуға тиіс.
Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны
қабырғаға ілінетін заттың астына
қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының
астындағы бір немесе бірнеше аяғын
реттеу арқылы оны бір деңгейлеп
орнатуға болады.
A
B
100 mm
min
20 mm
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны электр желісінен
ағытатындай етіп орналастыру
керек; сондықтан оны
орнатқаннан кейін оның ашасы
қол оңай жететін жерде тұруға
тиіс.
8.3 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі
электр желісінің қуатына сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы
мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге
қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге
сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан
бас тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
8.4 Сүзгіні CleanAir Control
орнату
CleanAir Control сүзгісі жағымсыз
иістерді сіңіріп, тағамның иісін, дәмін,
бір-біріне сіңірмей өз қалпында
сақтайтын, белсендірілген
көміртегіден жасалған сүзгі болып
табылады
Көміртекті сүзгінің қолданыс мерзімін
және қасиеттерін сақтау үшін, ол
пластик қалтаға салынып жеткізіледі.
Сүзгіні құрылғыны іске қоспай тұрып,
қалқанның артына орнату керек.
1.
Қалқанның қақпағын ашыңыз.
2.
Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз.
3.
Сүзгіні қалқан қақпағының
артында орналасқан саңылауға
салыңыз.
4.
Қалқанның қақпағын жабыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Сүзгіні беткі фрагменттері
босап кетпес үшін абайлап
ұстау керек. Сүзгіні алты ай
сайын бір рет ауыстырып
отыру керек.
8.5 Артқы тығыздағыштар
Құжаттар салынған қалтадан екі
тығыздағышты таба аласыз.
Тығыздағыштарды орнату үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1.
Бұранданы босатыңыз.
2.
Тығыздағышты бұранданың
астына салыңыз.
3.
Тығыздағышты дұрыс жаққа
бұраңыз.
4.
Бұрандаларды қатайтыңыз.
2
4
3
1
8.6 Сөре тіреуіштерін алу
Құрылғы тасымал кезінде сөрелерді
орнынан жылжыптай ұстауға арналған
тіреуіштермен жабдықталған.
Тіреуіштерді алу үшін мына
әрекеттерді орындаңыз:
1.
Сөре тіреуіштерін көрсеткі (A)
бағытымен жылжытыңыз.
2.
Сөрені артқы жағынан көтеріңіз
де, әбден босағанша алға итеріңіз
(B).
3.
Тіреуіштерді алыңыз(C).
A
B
C
8.7 Деңгейін келтіру
Құрылғыны орналастырған кезде
орнықты болуын қадағалаңыз. Оны
алдының төменгі жағындағы
реттемелі екі аяғының көмегімен
орнықты етуге болады.
8.8 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
Егер есіктің ашылатын жағын
өзгерткіңіз келсе, жақын жерде
орналасқан қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Қызмет
көрсету орталығының маманы есіктің
орнын төлемақыға ауыстырып береді.
20
www.aeg.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

AEG S83200CMB0 Používateľská príručka

Kategória
Mrazničky
Typ
Používateľská príručka