Aeg-Electrolux S83200CMM0 Používateľská príručka

Kategória
Mrazničky
Typ
Používateľská príručka
S83200CMB0
S83200CMM0
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-МҰЗДАТҚЫШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
SK
CHLADNIČKA S MRAZNIČKOU NÁVOD NA POUŽÍVANIE
26
ТАМАША НƏТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген
жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға
мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға
негізделген, əдеттегі тұрмыстық техникада кездесе
бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз
жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз.
Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының
мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен
танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG
құрылғыларыңыздың
барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары
стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен
арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары
салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір
жуғыш машинаға арналған нəзік тор тəрізді заттардың
барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
2
МАЗМҰНЫ
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7 Басқару панелі
12 Бірінші қолдану
12 Əркүндік қолдану
17 Пайдалы нұсқаулар менен
кеңестер
19 Күту менен тазалау
20 Не істерсіңіз, егер...
22 Техникалық сиппатама
23 Орнату
25 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу
туралы мағлұматтар
Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда
көрсетілген белгілер қолданылады:
Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен
бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы
мағлұматтар.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей
пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу
құқығына ие.
Мазмұны
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны
дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың
алдын алу үшін,оны пайдалану тəсілдерімен жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану
туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз жəне тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда,
оны пайдаланатын əрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған
қатысты пайдалану жəне қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты
да қоса беруді ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен
туған ақаулық үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен əлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты
не пеш жұмысына қатысты тəжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың
қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі əсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Сақтандыру туралы ескерту!
Желдету тесіктерін ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы əдеттегі үй жағдайларында тамақты
жəне/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген
басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр
құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып
қолданушы болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) жəне қоршаған
ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау жəне орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым
келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді
немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу жəне/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын
алмас үшін, куəлігі бар қызмет көрсетуші агент немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1. Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2. Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып
қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым
қызып кетіп, өрт шығуына əкелуі
мүмкін.
3. Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4. Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5. Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу
қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
1)
қалпағынсыз қоспаңыз.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз жəне оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн сəулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыдағы шамдар
2)
тек үй құрылғылары үшін пайдаланылуға арналған
арнайы шамдар. Оларды үйді жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамды пештің артқы қабырғасындағы ауа шығатын саңылауға тура қарама-қарсы
жерге қоймаңыз.
3)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай
сақтаңыз.
1) Егер шамның қақпағы бар болса.
2) Егер шамның қақпағы бар болса.
3) Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек.
Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нəтижесінде құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
Күтім жəне тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе,
ток желісін өшіріп қойыңыз.
Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты
пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,
табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша
толып қалған жағдайда су құрылғының
астыңғы жағына жиналады.
Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде
екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын
əрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын
қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана жалғаңыз.
4)
Қызмет
Осы құрылғыны жөндеуге қатысты кез келген электр жұмыстарын білікті маман
немесе құзырлы адам жүзеге асыруға тиіс.
•LED шамының қақпағын алыңыз. LED шамының қақпағын ауыстыру қажет болса,
жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
4) Егер суға қосу қажет болса.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Бұл құрылғыны уəкілетті қызмет көрсету орталығы ғана жөндеуге тиіс жəне тек
фирмалық бөлшектер ғана қолданылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны
тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның
изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш
құралға, əсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Құрылғыда
пайдаланылған белгішесімен белгіленген материалдар қайта өңдеуден
өткізуге жарайды.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
7
6
5
2
3
4
1 Тоңазытқыш температурасының "суығырақ" түймешігі
2 Тоңазытқыш температурасының "жылырақ" түймешігі
3 ON/OFF түймешігі
OK түймешігі
4 Мұздатқыш температурасының "жылырақ" түймешігі
5 Бейнебет
6 Мұздатқыш температурасының "суығырақ" түймешігі
7 Mode түймешігі
Түймешіктердің алдын ала қойылған сигналдарын РЕЖИМ
7
жəне МИНУС
6
түймешіктерін бірнеше секунд қатар басып қатайтуға болады. Осыны қайта
өзгертуге болады.
Басқару панелі
7
Бейнебет
9
8
7
10
1
6
5
3
2
4
1 Тоңазытқыш температурасының индикаторы
2 Демалыс функциясы
3 Қосымша ылғалдылық функциясы
4 Тоңазытқыш сөндірулі
5 Мұздатқыш температурасының индикаторы
6 Ескерту индикаторы
7 Сусын салқындату функциясы
8 FROSTMATIC функциясы
9 COOLMATIC функциясы
10 Балалар құлпы функциясы
Іске қосу
Құрылғыны қосу үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Егер бейнебет сөніп тұрса, құрылғының ON/OFF түймешігін басыңыз.
3. Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы сигнал береді.
Ескерту құралын бастапқы қалпына қайтару үшін, "Жоғары температураны
ескерту" тарауын қараңыз.
4. Егер бейнебетте "dEMo" көрсетілсе, құрылғы демо-режимде тұрады. "Келесі
жағдайларда не істеу керек..." тарауын қараңыз.
5. Температура
индикаторы бастапқы орнатылған температураны көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд басыңыз.
2. Бейнебет сөнеді.
3. Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан суырыңыз.
8
Басқару панелі
Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш индикаторында үзік сызықшалар көрінеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы көрсетіледі.
Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1. Тоңазытқыш температурасын реттеу тетігін басыңыз.
Немесе:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы жыпылықтайды.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы өшеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
Температураны реттеу
Тоңазытқыш пен мұздатқыштың орнатылған температурасын температура түймешігін
басып реттеуге болады.
Орнатылған əдепкі температура:
тоңазытқыш үшін +5°C
мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.
Əдепкі температураны қайта келтіру үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды.
Орнатылған температураның бірнеше градусқа ауытқуы қалыпты жағдай, бұл
құрылғыда ақаулық бар дегенді білдірмейді.
Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады.
Бала қауіпсіздігі функциясы
Түймешіктер байқаусызда іске қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі функциясын
таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.
2. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтайды.
3. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы көрсетіледі.
Басқару панелі
9
Функцияны ажырату үшін:
1. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
3. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы сөнеді.
Қосымша ылғалдылық функциясы
Тоңазытқыштың ылғалдылығын арттыру керек болса, Қосымша ылғалдылық
функциясын іске қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы жыпылықтайды.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Қосымша ылғалдылық индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Қосымша ылғалдылық индикаторы жыпылықтағанша Mode түймешігін басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Қосымша ылғалдылық индикаторы
өшеді.
COOLMATIC функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз
келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, əрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар
жібіп кетпес үшін COOLMATIC функциясын іске қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.
COOLMATIC индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
COOLMATIC индикаторы көрсетіледі.
COOLMATIC функциясы шамамен 6 сағат уақыт өткенде
автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:
1. Mode түймешігін COOLMATIC индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
3. COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы
ажыратылады.
Minute Minder функциясы
Minute Minder функциясы дыбысты сигналды қажетті кезде орнату үшін қолданылады,
мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны белгілі бір уақыт ішінде суытып алу
қажет болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту үшін қойылған шөлмектерді ұмытып
кетпеу үшін ескерту сигналы қажет болған кезде қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.
10
Басқару панелі
Minute Minder индикаторы жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мəнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
2. Таймердің орнатылған мəнін 1 мен 90 минут аралығында өзгерту үшін
Тоңазытқыштың температура түймешігін басыңыз.
3. OK түймешігін басып құптаңыз.
Minute Minder индикаторы көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).
Кері санақ аяқталған кезде Minute Minder индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты
сигнал естіледі:
1. Мұздатқыш камерадағы сусындарды алыңыз.
2. Дыбыстық сигналды сөндіру жəне функцияны
біржола тоқтату үшін OK түймешігін
басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып тұрған кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.
1. Mode түймешігін Minute Minder индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
3. Minute Minder индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып,
уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде жəне аяқталған кезде өзгертуге болады.
FROSTMATIC функциясы
Функцияны іске қосу үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.
FROSTMATIC индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
FROSTMATIC индикаторы көрсетіледі.
Бұл функция 52 сағаттан соң автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:
1. Mode түймешігін FROSTMATIC индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
3. FROSTMATIC индикаторы сөнеді.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды FROSTMATIC себетіне салыңыз.
Функция мұздатқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы
ажыратылады.
Жоғары температураны ескерту сигналы
Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты
өшкен кезде) төмендегідей көрсетіледі:
ескерту сигналының жəне мұздатқыш температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
дыбысты сигнал естіледі.
Ескерту сигналын тоқтату үшін:
1. Кез келген түймешікті басыңыз.
Басқару панелі
11
2. Дыбысты сигнал өшеді.
3. Мұздатқыш температурасының индикаторы, ең жоғары температураны бірнеше
секунд көрсетіп тұрады. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді.
4. Ескерту индикаторы қалыпты жағдай орнағанша жыпылықтап тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде ескерту индикаторы сөнеді.
Есік ашықескерту сигналы
Егер тоңазытқыштың есігі бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық сигнал естіледі.
Есіктің ашық тұрғандығы төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
Ескерту индикаторы жыпылықтайды
дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік жабылғанда), дыбыстық сигнал
тоқтайды.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тəн иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сəл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң
мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына
зиян келтіреді.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар
кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мəндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып
барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.
12
Бірінші қолдану
Ауаны салқындату
ClimaTech технологиясы тағамды жылдам
суытады жəне камера температурасын біркелкі
ұстайды.
Бұл құрал тағамды жылдам суытып, камера
температурасын барынша біркелкі ұстауға
мүмкіндік береді.
CleanAir Control сүзгісі
Құрылғыңыз ауа тарататын қорапшаның артқы қабырғасындағы қалқанның артында
орналасқан көміртекті сүзгімен жабдықталған.
Бұл сүзгі тоңазытқыш камерасындағы жағымсыз иісті тазартады, яғни тағамның
сапасы жақсара түседі.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қажетті қатарға орналастыруға арналған
бірнеше бағыттағыш жолдар бар.
Əркүндік қолдану
13
Бөтелке сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын
ала орналастырылған сөреге қойыңыз.
Сөре көлденең орналастырылған болса, тек
жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз.
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл
нəтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары қарай
бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп қоюға
болады.
Есіктің сөрелерін орналастыру
Əр түрлі мөлшердегі оралған тағамдарды
орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі
биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі əрекеттерді жасаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен
тартып шығарыңыз да, қажетті орынға
қойыңыз.
FreshBox тартпа
Бұл құрал тағамды жылдам суытып, тартпаның
ішіндегі температураны біркелкі ұстауға
мүмкіндік береді.
14
Əркүндік қолдану
Функцияны іске қосу үшін:
1. COOLMATIC функциясын іске қосыңыз.
2. COOLMATIC индикаторы жанады.
3. Қалқанды суретте көрсетілгендей жоғары
жылжытыңыз.
Функцияны ажырату үшін:
1. Қалқанды төмен жылжытыңыз.
2. COOLMATIC функциясын ажыратыңыз.
3. COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция бірнеше сағаттан кейін автоматты
түрде сөнеді.
ProFresh Режим
Егер бөлік FreshBox бөлігі тəрізді қажет
болмаса, оның температурасын төмендету
үшін параметрді өзгертуге болады.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Қалқанды суретте көрсетілгендей жоғары
жылжытыңыз.
Функцияны ажырату үшін:
1. Қалқанды төмен жылжытыңыз.
Əркүндік қолдану
15
QuickChill Сусындар
Бұл функция сусындарды жылдам
салқындатады.
Функцияны іске қосу үшін:
1. FreshBox тартпасын алыңыз немесе
жоғары жылжытыңыз, бөтелке сөресін
суретте көрсетілгендей QuickChill
ұяшықтарының алдына қойыңыз.
2. COOLMATIC функциясын іске қосыңыз.
3. COOLMATIC индикаторы жанады.
4. Қалқанды суретте көрсетілгендей жоғары
жылжытыңыз.
Функцияны ажырату үшін:
1. Қалқанды төмен жылжытыңыз.
2. COOLMATIC функциясын ажыратыңыз.
3. COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция бірнеше сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді.
MAXIBOX тартпа
Бұл суырма жеміс-жидек пен көкөністі сақтау
үшін қолайлы.
Суырманың ішін бөлуге арналған, қажеттілікке
қарай əр түрлі орынға қоюға болатын
бөлгіштер бар.
Суырманың астында құрылғының астыңғы
бетінде түзілуі мүмкін ылғалдан жеміс-жидек
пен көкөністі бөліп тұратын тор (егер бар
болса) бар.
Суырманың ішіндегі бөлшектердің барлығын
тазалау үшін алуға болады
16
Əркүндік қолдану
Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу
1
2
2
1
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін
тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті өзіңізге қарай
тартыңыз да, шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа
салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз орындарына қарай
итеріңіз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Қалыпты жұмыс шуылы
Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде, сылдыраған немесе көпіршіген
тəрізді əлсіз шуыл естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,
компрессордан сылдырлаған, сондай-ақ дірілдеген дыбыс естисіз. Бұл дұрыс.
Жылу əсерінен кеңею кезінде кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай, қауіпті
физикалық құбылыс емес. Бұл дұрыс.
Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса жəне тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы
мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын құрылғы электр қуатын
үнемдей отырып өздігінен жібу үшін
төменгі көрсеткішке қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нəтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, əсіресе ол өткір иісті болса
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
17
тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы
шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға
болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу
қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий
қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға
қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды
кеңестер берілген:
•24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс
ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа жəне мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
тағамды
жылдам əрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды əлдеқашан мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы əрі
ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның əрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;
Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес
Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:
сатылып алынатын тағамдардың бөлшек сауда орнында тиісті түрде сақталғанын
тексеріп алыңыз;
мұздатылған тағамдардың тағам дүкенінен тоңазытқышқа мүмкіндігінше қысқа
уақыт ішінде жеткізілуін қадағалаңыз;
есікті жиі-жиі ашып не қажетті уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.
18
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Тағамды бірден жібітіп алған соң оның сапасы төмендей бастайды жəне қайта
тоңазытуға келмейді.
Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан артық уақыт сақтамаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да,
жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уəкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып
отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер жəне/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып
не бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош
иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,
себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай
істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын
азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды əсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде
жойылып отырады. Еріген су құрылғының артындағы, мотор компрессорының үстіндегі
арнайы контейнерге түтікше арқылы жиналады да, осы жерде буға айналады.
Күту менен тазалау
19
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас үшін
тоңазытқыш камераның ортасындағы
каналдағы еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-
мезгіл тазалап отырған дұрыс. Арнайы
берілген тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге
жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштің көмегімен құрылғы
ішінде үздіксіз айналыстағы суық ауаның болуына байланысты.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін анықтамас бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықты тек электрші маман немесе білікті адам
ғана анықтауға тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш
сұйықтықтың айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс орнықпаған. Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс).
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана ашыңыз,
ұзақ ашып қоймаңыз.
20
Не істерсіңіз, егер...
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52

Aeg-Electrolux S83200CMM0 Používateľská príručka

Kategória
Mrazničky
Typ
Používateľská príručka