Electrolux EWF127570W Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka
Қолдану туралы
нұсқаулары
návod na používanie
Кір жуғыш машина
Práčka
Steam System
EWF 127570W
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 4
Басқару панелі 5
Бірінші қолдану 9
Жеке талаптарға сай лайықтау 9
Әркүндік қолдану 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
13
Жуу бағдарламалары 15
Күту менен тазалау 18
Не істерсіңіз, егер... 22
Техникалық сиппатама 25
Пайдалану көлемі 26
Орнату 26
Электртоғына қосу 30
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 30
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Нұсқаулықты мұқият
оқыңыз да келешекте пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркәсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде
қауіпсіздікке қатысты төмендегі
ақпараттарды беруді өз міндетіміз деп
санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны келешекте
де пайдалану үшін құрылғымен бірге
сақтап қою қажет. Құрылғы сатылса не
басқа пайдаланушыға берілсе не
өзіңіз көшіп құрылғыны қалдыратын
болсаңыз, оның жаңа иесі құрылғының
функциялары мен оған қатысты
ескертулерден хабардар болу үшін
осы кітапшаны құрылғымен бірге
қалдырудың маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын бұл ақпараттарды мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
еш жерінің бүлінбегендігін тексеріп
алыңыз. Бүлінген машинаны ешқашан
қоспаңыз. Құрылғы бөлшектері
бүлінген жағдайда оны сатушыға
хабарласыңыз.
Құрылғы қыстың минус
температуралы айларында жеткізілсе:
Кір жуғыш машинаны ең алғаш
пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
Орнату
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда, оның еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмәндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді. Осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті
тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын және кір суды ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
әрқашан тексеріп отырыңыз.
2 electrolux
Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза және кір су
құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кәсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кәсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл өнім сипатына өзгеріс енгізу не
өзгеріс енгізуге әрекеттену қатерлі
жағдайға ұшыратады.
Жоғарғы температурада жуу және бу
бағдарламаларын пайдаланған кезде,
пеш есігінің шынысы қызып кетуі
ықтимал. Оған қол тигізбеңіз!
Кішкене үй жануарларының барабанға
өрмелеп кіріп кетуіне жол бермеңіз.
Бұның алдын алу үшін машинаны
пайдаланбас бұрын барабанның ішін
тексеріп алыңыз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда
шеге, тас не басқа да қатты, өткір
заттар шексіз зиян келтіретіндіктен
оларды машинаға салмау керек.
Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты
тек көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Бұл заттарды
шамадан тыс көп мөлшерде
пайдалану матаға зиян келтіреді. Бұл
заттардың пайдаланылатын мөлшерін
анықтау үшін өндіруші нұсқаулығын
қараңыз.
Шұлық, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы және ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң оны әрқашан
электр желісінен ағытып, суды
тоқтатып қойыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Әрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
Пайдалану
Құрылғы тұрмыстағы стандартты кір-
қоңды кептіру мен бумен күтім
көрсетуге арналған. Құрылғыны басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
Тек ғана машинада жууға болатын
матадан жасалған заттарды ғана
жуыңыз. Әр киімнің затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың салынып
тұрғандығын тексеріңіз. Тозығы
жеткен не жыртық заттарды жумаңыз,
сыр, сия, тот, шөп нілінен қалған
дақтарды алдын ала кетіріңіз. Сым
өткізілген төс тартқыштарды
машинада жууға БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; әрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі жағы
ашық қалған кір жуғыш машинаны
ешқашан пайдаланбаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой
кемістігі бар, немесе осы құрылғыны
қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамның (соның
ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін
electrolux 3
жауап беретін адам қадағаламаса
немесе құрылғыны пайдалану
бойынша нұсқау бермесе, олардың
бұл құрылғыны қолдануына
болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін
оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Орам материалдары (мысалы,
пластик таспа, полистирол) балалар
үшін қауіпті болуы мүмкін – тұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардың
қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Барлық жуғыш заттарды балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін машина арнайы
функциямен жабдықталған. Бұл
құралды іске қосу үшін есіктің ішкі
жағындағы түймешікті ойығы көлденең
қалыпқа келгенше сағат тілінің
бағытымен бұраңыз (баспаңыз).
Қажет болса шақаны пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып, есікті
қайтадан жабылатындай қалыпқа
келтіру үшін, түймешікті ойығы тік
қалыпқа келгенше сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтынады және кірді
аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың
барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш затты толықтай
пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып шығындалатын қуатты да
азайтуға мүмкіндік береді.
БУ жүйесі матаның түріне қарай, әр түрлі бу бағдарламасымен кептірілген
киімдердің бырысуын азайтып, кепкен кірдің иісін кетіруге көмектеседі.
1 2
3
4
5
6
4 electrolux
1 Жуғыш зат үлестіргіш
2 Басқару панелі
3 Есіктің тұтқасы
4 Техникалық ақпарат тақтайшасы
5 Кір су сорғышы
6 Өзгермелі сирақ
Жуғыш зат үлестіргіші
Алдын ала жуу және кірді жібіту
циклдары кезінде жуғыш зат салынатын
немесе дақты кетіру (егер болса) циклы
кезінде дақ кетіргіш салынатын бөлімше.
Алдын ала жууға және кірді жібіту ге
арналған жуғыш зат жуу бағдарламасы
басталған кезде қосылады. Дақ кетіргіш
зат дақты кетіру барысында қосылады.
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат салуға
арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш
зат қолдансаңыз, оны бағдарлама
басталарға сәл уақыт қалғанда
салыңыз.
Сұйық ұстемелерге арналған
бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал).
Бұл заттарды қолдану мөлшері
бойынша өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз және оны жуғыш зат
үлестіргіштегі «MAX» таңбасынан
асырмай салыңыз. Кез келген мата
жұмсартқыш не крахмалдайтын
үстемелерді бөлімшеге жуу
бағдарламасын бастамай тұрып құю
керек.
Бағдарлама кестесі
Құрылғымен бірге әртүрлі тілдерде
жазылған бағдарлама кестелері
беріледі. Олардың бірі жуғыш зат
үлестіргіш суырмасының алдыңғы
жағына, қалғандары құрылғыны орнату
бойынша нұсқаулыққа жапсырылған.
Суырмадағы кестені оңай ауыстыруға
болады: суырмадағы кестені оң жаққа
қарай тартып алыңыз да, оның орнына
өзіңізге қажетті тілде жазылған кестені
жапсырыңыз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Төменде басқару панелінің суреті берілген. Суретте бағдарлама таңдау тетігі,
сондай-ақ түймешіктер, сигнал шамдары және бейнебет көрсетілген. Бұлар
келесі беттерде тиісті нөмірлермен белгіленіп көрсетілген.
electrolux 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Бағдарлама таңдау тетігі
2 Бейнебет
3 ТЕМПЕРАТУРА түймешігі
4 АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
5 АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі
6 ҚОСЫМША ШАЮ түймешігі
7 КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
8 БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
9 ТАЙМЕР түймешіктері
Бағдарламаны таңдайтын түймеше
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру мен/
не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
Температура
Бұл түймешік жуу температурасын
көбейту мен азайту үшін қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын азайту
Осы түймешікті басу арқылы таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгерте аласыз.
Алдын ала жуу
Бұл функцияны таңдаған кезде машина
негізгі жуу циклін орындамас бұрын
алдын ала жуу циклін орындап шығады.
Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл
функцияны қатты кірлеген заттарды жуу
үшін пайдалану ұсынылады.
Экстра шаю
Бұл құрылғы қуатты үнемдеу үшін
арнайы жасалған. Кірді қосымша сумен
(қосымша шаю) шаю қажет болса, осы
параметрді таңдаңыз. Бірнеше қосымша
шаю циклдері орындалады. Бұл функция
жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдар үшін, сондай-ақ суы аса тұщы
жерлерде қолдану үшін ұсынылады.
Кешіктіріп бастау
Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30
мин.- 60 мин. - 90 мин., 2 сағат, содан соң
1 сағаттан қоса отырып, максимум 20
сағатқа дейін кешіктіруге болады.
Бастау Үзіліс
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
Таймер
Бұл түймешіктер бағдарламаның
құрылғы ұсынып отырған ұзақтығын
автоматты түрде өзгертуге көмектеседі.
Бейнебет
2.1 2.2 2.3 2.4 2.5 2.6 2.7 2.8 2.9
2.12 2.11 2.10
6 electrolux
Бейнебетте төмендегі ақпараттар
көрсетіледі:
2.1: Температура мәні
2.2: Температура белгішелері
, суық
.
Жуу циклі орындалып тұрған кезде
бейнебетте температура белгішесі
жыпылықтап, құрылғының барабан
ішіндегі суды қыздыру циклін бастағанын
көрсетіп тұрады.
2.3: Айналдыру мәні
2.4: Айналдыру жылдамдығының
белгішелері.
Айналдырмау
Шаюды кідірту
Түнгі цикл
Айналдыру циклі орындалып тұрған
кезде спираль қозғалыста болады.
Айналдырмау параметрі айналдыру
циклдерінің ешбірін болдырмай, кейбір
бағдарламалардың шаю циклдерінің
санын көбейтеді.
Шаюды кідірту: бұл параметрді
таңдағанда, соңғы шаю циклінің суы,
киімдер мыжылып қалмас үшін
толығымен төгілмейді. Бағдарлама
аяқталғанда бейнебетте
белгіше
жыпылықтап, 2.8 көрсетілген қалпы
тұрады да, 8 түймешігінің индикаторы
сөніп, есік бекітіліп, ол суды төгу қажет
екендігін білдіреді. Суды төгу үшін
«Бағдарламаның соңы» тарауын
қараңыз.
Түнгі цикл: бұл параметрді таңдаған
кезде, машина жуылған кір мыжылып
қалмас үшін соңғы шаю циклінің суын
төкпейді. Айналдыру циклдерінің ешбірі
орындалмайтындықтан, бұл жуу циклі
ешбір шуылсыз орындалады, сондықтан
да оны, түнгі уақытта не электр қуатын
неғұрлым үнемдеу қажеттігі туған
кездері таңдауға болады. Кейбір
бағдарламалардың шаю циклдарына
көбірек су пайдаланылады. Бағдарлама
аяқталғанда бейнебетте
белгіше
жыпылықтап, 2.8 көрсетілген қалпы
тұрады да, 8 түймешігінің индикаторы
сөніп, есік бекітіліп, суды төгу қажет
екендігін білдіреді. Суды төгу үшін
«Бағдарламаның соңы» тарауын
қараңыз.
2.5: Функция белгішелері : Қосымша шаю
немесе жеңіл үтіктеу .
2.6: Кешіктіріп бастау белгішесі
Бейнебетте қажетті түймешіктерді басу
арқылы таңдалған кешіктіріп бастау
уақыты бірнеше секунд пайда болып
тұрады да, содан соң алдын ала
таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі. Тиісті белгіше жанады.
Кешіктіріп бастау уақыты әр сағат өткен
сайын бір сағатқа кеміп отырады да, ең
соңғы 1 сағат қалғанда, минут сайын
азая бастайды.
2.7: Бала қауіпсіздігі құралы
(«Жеке
талапқа сай лайықтау» тарауын
қараңыз).
2.8: Есік құлыптаулы белгішесі
Мына түймешікті басқаннан кейін 8
машина іске қосылып, осы белгіше
жанады және тек қана орындалып тұрған
цикл белгішесі ғана жанған қалпы
тұрады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін
бейнебетте үш нөл (
)
жыпылықтайды да, мына белгіше
көрінбей қалады.
2.9:
Таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарламаны таңдағаннан кейін,
бейнебетте оның ұзақтығы сағат пен
минут арқылы (мысалы,
)
көрсетіледі. Ұзақтық матаның әрбір
түрі үшін ұсынылатын, ең үлкен салмақ
негізінде автоматты түрде есептеледі.
Бағдарлама басталғаннан кейін, оның
соңына дейін қалған уақыт әрбір минут
сайын жаңартылып көрсетіліп
отырады.
Бағдарлама соңы
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
бейнебетте үш нөл (
)
жыпылықтап, 2.8 көрінбей қалады да,
есікті аша беруге болады.
Қате таңдалған функция
Орнатылған жуу бағдарламасына сай
келмейтін функция таңдалса,
бейнебеттің астыңғы жағында Err
жазуы бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады да, 8 түймешігінің қызыл шамы
жыпылықтай бастайды.
Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты
ақаулықтар орын алса, ақаулық
electrolux 7
кодтары көрсетіледі, мысалы,
(«Келесі жағдайда не істеу керек...»
тарауын қараңыз).
Кешіктіріп бастау уақыты
2.10: Кірдің деңгейі
Қарқынды
Қалыпты
Күнделікті
Шам
Жылдам
Аса жылдам
Жаңарту
Қатты жаңарту
(«Таймер параметрін таңдау» тарауын
қараңыз).
2.11: Сағат белгішесі
Бағдарлама басталған соң бейнебетте
оның ұзақтығы пайда болады да, сағат
белгішесі жанданады.
2.12: Жуу бағдарламасының циклдерінің
белгішелері
Жуу бағдарламасын таңдаған кезде,
бейнебеттің үстіңгі жағында жуу
бағдарламасын құрайтын әртүрлі
циклдерге қатысты белгішелер пайда
болады. Мына түймешікті басқаннан
кейін 8 тек орындалып тұрған цикл
белгішесі ғана жанған қалпы қалады:
Алдын ала жуу
(бұл белгіше тиісті
параметр түймешігі басылған кезде де
жанады)
Жуу
Шаю циклдері
Суды ағызу
Айналдыру
БЕЛГІШЕЛЕР КЕСТЕСІ
Бағдарлама таңдау тетігі
= Таймер бағдарламалары
= Мақта мата
= Синтетика
= Нәзік мата
= Жүн мата/Қолмен жуу
= Шаю
= Суын төгу
= Айналдыру
+
= Мақта мата, үнемді
= Арнайы бағдарламалар
= Көрпе
= 5 жейде
= Жеңіл үтіктеу
= Бу бағдарламалары
= Жақсарту
Параметр түймешіктері мен индикаторлары
= Температура
= Айналдыру
=Алдын ала жуу
8 electrolux
= Қосымша шаю
= Кешіктіріп бастау
= Бастау/Үзіліс
= Бала қауіпсіздігі құлпы
+ / -
= Таймер түймешіктері
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Машинаның электр желісі мен су
жүйесіне орнату туралы
нұсқауларға сай қосылғандығын
тексеріңіз.
Барабан ішінен полистирол блогы
және басқа да материалдардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын барабан мен машинаны
өндіру барысында қалған
қалдықтардан тазарту үшін мақта
матаға арналған циклді максимум
температураға қойып, машина
ішіне еш кір салмастан орындап
шығыңыз. Негізгі жуу цикліне
арналған үлестіргіш қорапшаға 1/2
мөлшердегі жуғыш заттан
салыңыз да, машинаны іске
қосыңыз.
ЖЕКЕ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЛАЙЫҚТАУ
Дыбыстық сигналдар
Машина төмендегі жағдайларда
дыбыстық сигнал беретін құралмен
жабдықталған:
циклдың соңында
егер ақаулық болса.
Дыбыстық сигнал 5 және 6 түймешіктерін
шамамен 6 секунд қатар басқанда
ажырайды (ақаулық болған жағдайды
қоспағанда). Осы 2 түймешікті қайта басу
арқылы дыбыстық сигналды қайтадан
іске қосуға болады.
Бала қауіпсіздігі құлпы
Бұл құрал машинаны балалар
жарақаттанады не құрылғыға нұқсан
келтіреді деп алаңдамай, машинаны
қараусыз қалдыра беруге мүмкіндік
береді. Бұл функция сонымен қатар кір
жуғыш машина жұмыс істемей тұрған
кезде де қосулы тұрады.
Бұл параметрді орнатудың екі түрлі
тәсілі бар:
1. Мына 8 түймешікті баспай тұрып
машинаны іске қосу мүмкін емес.
2. Мына 8 түймешікті басқаннан кейін
басқа ешқандай бағдарламаны не
параметрді өзгерту мүмкін емес.
Осы функцияны қосу немесе ажырату
үшін шамамен 6 секунд 6 және 7
түймешіктерін
белгішесі бейнебеттен
көрінбей кеткенше басыңыз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Кірді салыңыз
Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа
қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға
бір-бірлеп, барынша сілки отырып
салыңыз. Есікті жабыңыз.
electrolux 9
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз
Үлестіргіш қорапшасын сыртқа қарай
тоқтағанынша тартып шығарыңыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп
алыңыз да, негізгі жуу цикліне арналған
қорапшаға
не таңдалған бағдарлама/
параметрге сай тиісті қорапшаға
салыңыз(қосымша ақпаратты "Жуғыш
зат үлестіргіші" тарауынан алыңыз).
Қажет болса, мата жұмсартқышты
таңбаламасы бар қорапшаға
құйыңыз(қорапшадағы "MAX" белгісінен
асырмаңыз). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
Қажетті бағдарламаны бағдарлама
таңдағыш түймеше(1) арқылы таңдаңыз.
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз. Кір
жуғыш машина температураны ұсынып,
таңдаған бағдарламаңыз үшін максимум
айналдыру жылдамдығын автоматты
түрде таңдайды. Бұл параметрлерді
тиісті түймешіктерді басу арқылы
өзгертуіңізге болады. 8 түймешігінің
жасыл сигнал шамы жыпылықтай
бастайды.
Таңдағыш түймешені сағат бағыты
бойынша не сағат бағытына қарсы
бұрауға болады. Бағдарламаны
бастапқы қалпына қайтару/машинаны
өшіру үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Машинаны сөндіру үшін бағдарламаның
соңында бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қою керек.
Сақтандыру туралы ескерту!
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарламаны таңдайтын
түймешені басқа бағдарламаға
әкеліп қойсаңыз, 8 түймешігінің
қызыл шамы 3 жыпылықтайды
да,бейнебетте Err жазуы пайда
болып, таңдаудың теріс екендігін
білдіреді. Машина жаңадан
таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
10 electrolux
Температураны 3 түймешігін басып
таңдаңыз.
Бағдарлама таңдалған кезде машина
автоматты түрде әдетте ұсынылатын
температураны ұсынады.
Егер кірді ұсынылған температурадан
басқа температурада жуғыңыз келсе,
осы түймешікті қайта-қайта басып
температураны жоғарлатыңыз не
төмендетіңіз.
Айналдыру жылдамдығын 4 түймешігін
басу арқылы азайтыңыз
Бағдарламаны таңдаған кезде машина
осы бағдарлама үшін тағайындалған
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта
айналдырып жуғыңыз келсе, 4
түймешігін қайта-қайта басып
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз.
Бар функцияларды 4, 5, және 6
түймешіктерін басып таңдаңыз
Бағдарлама түріне қарай әртүрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұны қажетті бағдарламаны
таңдап алған соң, келесі түймешікті
баспай тұрып таңдау қажет: 8 .
Бұл түймешіктер басылған кезде
бейнебетте тиісті белгішелер пайда
болады. Оларды қайта басқан кезде
белгішелер көрінбей кетеді. Егер теріс
бағдарлама таңдалса, 8 түймешігінің
қызыл шамы 3 рет жыпылықтайды да,
Err жазуы бейнебетте бірнеше секунд
көрсетіліп тұрады.
Жуу бағдарламалары мен
параметрлердің өзара үйлесімділігі
туралы ақпаратты «Жуу
бағдарламалары» тарауынан
алыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын 7
түймешігін басып таңдаңыз
Бағдарламаны бастардың алдында,
кешіктіріп бастау функциясын
орындағыңыз келсе, қажетті кешіктіріп
бастау мәнін таңдау үшін 7 түймешігін
қайта-қайта басыңыз. Бейнебеттің
үстіңгі жағында 2.6 тиісті белгіше пайда
болады.
Кешіктіріп бастау уақытының мәні (ең
көбі 20 сағатқа дейін) бейнебетте
бірнеше секунд көрсетіліп тұрады да,
содан соң бағдарламаның ұзақтығы
қайта пайда болады.
Бұл параметрді бағдарламаны орнатып
болып, келесі түймешікті баспай тұрып
таңдаңыз: 8 .
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, келесі түймешікті баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады:
8 .
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
функцияларды таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын мына
түймешікті басып таңдаңыз 7 .
3. Машина 8 :
түймешігін басқан кезде, сағат
сайын кеміп отыратын кері санақты
бастайды.
Кешіктіріп бастау уақыты аяқталған
соң бағдарлама басталады.
Келесі түймешікті басқаннан кейін
кешіктіріп бастауды болдырмау 8 :
1. Кір жуғыш машинаны келесі
түймешікті басып ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз
8 .
2.
Бейнебетте 7 түймешігін бір рет
белгішесі көрсетілгенше басыңыз
3. Бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын, тек жуу бағдарламасын
қайта таңдағаннан кейін ғана өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын СУ ТӨГУ
бағдарламасымен бірге таңдауға
болмайды .
Бағдарламаны 8 түймешігін басып
бастаңыз
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін басыңыз, 8 түймешігінің
жасыл индикаторы жыпылықтағанын
қояды. Бейнебетте 2.8 пайда болып,
құрылғының жұмыс жасай бастағанын
және есіктің құлыпталғандығын
білдіреді.
Орындалып тұрған бағдарламаны
үзіліске қою үшін 8 түймешігін басыңыз:
electrolux 11
жасыл сигнал шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен әрі қарай
жалғастыру үшін қайта 8 түймешігін
басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы
таңдалған жағдайда машина кері
санақты бастайды.
Егер теріс функция таңдалса, 8
түймешігінің қызыл индикаторы 3 рет
жыпылықтайды да, Err жазуы бірнеше
секунд көрсетіледі.
Таймерді 9 түймешігін басып таңдаңыз
Осы түймешіктерді қайта-қайта басу
арқылы жуу циклінің ұзақтығын созып не
азайтуға болады. Бейнебетте 2.10
белгішесі пайда болады да, кірдің
таңдалған деңгейін көрсетеді. Бұл
функция тек Мақта мата , Синтетика
және Нәзік мата бағдарламаларында
ғана жұмыс істейді.
Кірдің
деңгейі
Белгіш
е
Матаның түрі
Қарқынды Қатты кірлеген
заттар үшін
Қалыпты Қалыпты кірлеген
заттар үшін
Күнделікті Күнделікті
кірлейтін заттар
үшін
Шам Жеңіл-желпі
кірлеген заттар
үшін
Жылдам Шамалы кірлеген
заттар үшін
Аса жылдам
1)
Аз ғана уақыт
киілген не ұсталған
заттар үшін
Жаңарту
1)
2)
Заттарды жаңарту
үшін ғана
Қатты
жаңарту
1)
2)
Аз ғана затты
жаңарту үшін
қолданылады
1) Машинаға салынатын кірдің мөлшерін азайтуды
ұсынамыз («Жуу бағдарламалары кестесін»
қараңыз).
2) Осы бағдарламаны таңдаған кезде, тиісті белгіше
көрсетіледі де, дереу көрінбей кетеді.
Параметрге не орындалып тұрған
бағдарламаға өзгеріс енгізу
Бағдарлама кейбір параметрлерді
орындамай тұрып оларды өзгертуге
болады.
Қандай да бір өзгертуді енгізбес бұрын
кір жуғыш машинаны міндетті түрде 8
түймешігін басып ҮЗІЛІСКЕ қою
керек(егер Таймер параметрін
өзгерткіңіз келсе, орындалып тұрған
бағдарламаны біржола тоқтатып,
параметрді қайта таңдауыңыз қажет).
Орындалып тұрған бағдарламаны тек
бастапқы қалыпқа әкелген соң ғана
өзгертуге болады. Бағдарламаны
таңдайтын түймешені
қалпына
әкеліңіз де, содан кейін оны жаңа
бағдарламаға қойыңыз. 8 түймешігін
қайта басып жаңа бағдарламаны
бастаңыз. Машина ішіндегі кір жуылатын
су сарқылмайды.
Бағдарламаны үзу
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірте тұру үшін 8 түймешігін басыңыз,
тиісті жасыл шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны қайта бастау үшін
түймешікті қайта басыңыз.
Бағдарламаны болдырмау
Орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға
болады.
Есікті ашу
Бағдарлама басталған соң (не кешіктіріп
бастау функциясы кезінде) есік
құлыпталып тұрады, оны ашқыңыз келсе
алдымен машинаны келесі түймешікті
басып ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз 8 .
Бірнеше минуттан кейін 2.8 көрінбей
қалса, есікті ашуға болады.
Егер 2.8 белгішесі өшпесе, онда бұл
машинаның әлдеқашан суды қыздыра
бастағанын не су деңгейінің тым жоғары
екендігін білдіреді. Есікті күшпен ашуға
тырыспаңыз!
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны міндетті
түрде ашу қажет болса, тетікті
қалпына қою арқылы машинаны біржола
сөндіру керек. Бірнеше минуттан соң
есікті ашуға болады. (судың деңгейі мен
температурасына назар аударыңыз!) .
Есікті жапқаннан кейін, бағдарлама мен
функцияларды келесі түймешікті басып
қайта таңдау қажет 8 .
12 electrolux
Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды.
Бейнебетте үш нөл (
)
жыпылықтайды да 8 индикаторы сөнеді.
Дыбысты сигнал бірнеше минут беріліп
тұрады.
Суы төгілмей аяқталатын бағдарлама не
функция таңдалса, 2.8 белгішесі жанған
қалпы қалып, машина ішіндегі суды есікті
ашпай тұрып төгу қажет екендігін
ескертеді.
Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
1. Бағдарлама таңдау тетігін мына
орынға қойыңыз
.
2. Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
3. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті
басып азайтыңыз.
4. Мына түймешікті басыңыз: 8 .
Бағдарламаның соңында 2.8 көрінбей
қалады да, есікті аша беруге болады.
Машинаны сөндіру үшін бағдарлама
таңдау тетігін
қалпына қою керек.
Кірді машинадан еппен алыңыз да,
барабанның бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Тағы да кір жуғыңыз келмесе су құятын
кранды жабыңыз. Зең мен жағымсыз иіс
пайда болмас үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
Күту режимі : бағдарлама аяқталғаннан
кейін бірнеше минут өткен соң, қуатты
үнемдейтін режим іске қосылады.
Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез
келген түймешікті басу арқылы
құрылғыны қуатты үнемдейтін режимнен
шығаруға болады.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Жуылатын кірді сұрыптау
Әрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік мата, жүн тоқыма.
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ және түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін; сондықтан
да оларды алғашқыда жеке-жеке жуу
қажет.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
Дақтарды кетіру
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен
жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды
кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні
бойы жібітіңіз де, содан соң сабынды
суға салып ысқылаңыз.
Майлы сырдан қалған дақ: дақ кетіргіш
бензинмен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз; осыны бірнеше рет қайталаңыз.
Кеуіп қалған май дақтары: скипидармен
жібітіңіз де, киімді жұмсақ заттың үстіне
қойып, мақтадан жасалған матаны даққа
қойып, оны саусағыңыздың ұшымен
басып сіңіріп алыңыз.
Тот: ыстық суға ерітілген қымыздық
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына әлдеқашан нұқсан
electrolux 13
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары: ағартқышпен сүртіңіз де
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап
ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның үстіне
қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарыда көрсетілгендей
ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген қалып
қойған дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап: жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон қышқылымен
сүртіңіз, содан соң шайыңыз. Кез келген
қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып
қойған кез келген дақты ағартқышпен
сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ кетіргіш,
этил спирті не бензинмен сүртіңіз, содан
соң жуғыш қоймалжыңмен ысқылаңыз.
Жуғыш заттар мен қоспалар
Жуған кезде жақсы нәтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай және
қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның
түріне(нәзік мата, жүн тоқыма, мақта
мата т.б.),түсіне, жуу температурасына
және қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Әдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы машинада қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
нәзік мата(макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
матаның барлық түрлеріне не әсіресе,
жүн заттарға ғана арналған төменгі
температурада жуатын
бағдарламаларға(макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер
қорапшасына салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз .
Жуғыш заттың пайдаланылатын
мөлшері
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері киім матасының түрі, салынған
мөлшері, қаншалықты кірленгендігі мен
пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Заттың пайдаланылатын мөлшерін
өндіруші нұсқауларына сай анықтап
пайдаланыңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты аз
мөлшерде жұмсаңыз:
аз ғана кір жусаңыз,
заттар тек жеңіл-желпі кірлесе,
жуған кезде көбік көп болса.
Су кермектігінің деңгейі
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компания не жергілікті әкімшілік
мекемеден алуға болады. Судың
кермектігі орташа не жоғары болса,
өндіруші нұсқауларын әрқашан орындай
отырып су жұмсартқыштан қосыңыз. Су
жұмсақ болса жуғыш заттың қосылатын
мөлшерін қайта баптаңыз.
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
14 electrolux
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
БУ функциясы
Мата түріне қарай, бу жуылған кірдің
қыртыстануын азайтып, иісін кетіреді.
Салынатын кірдің ең үлкен мөлшері: 1 кг
кепкен кір.
Әр бу циклі аяқталған сайын, кір дымқыл
тәрізді болатындықтан, киімді кептіру
үшін 10 минут ауада ұстап тұрған дұрыс.
Кірді барабаннан неғұрлым тез алу
керек.
Бу циклі аяқталғаннан кейін, кірді бәрібір
үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл үтіктеледі!
Бағдарлама – Максимум және минимум
температура – Цикл сипаттамасы – Максимум
айналдыру жылдамдығы – Жүктің максимум
мөлшері – Кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
қорапшасы
Мақта мата
90°- Суық
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен жылдамдықта айналдыру
Ең үлкен салмақ 7 кг – Азайтылған салмақ 3.5 кг
Ақ және түрлі-түсті мақта мата (қалыпты кірлеген
заттар).
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
ТАЙМЕР
2)
Синтетика
60°- Суық
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы минутына 900
айналым
Ең үлкен салмақ 3.5 кг – Азайтылған салмақ 2 кг
Синтетика не аралас мата: іш киім, түрлі-түсті киім-
кешек, отырып қалмайтын жейделер, кеудешелер.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
ТАЙМЕР
2)
Нәзік мата
40°- Суық
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы минутына 700
айналым
Ең үлкен салмақ, кг 3.5 - Азайтылған салмақ, кг 2
Нәзік маталар: акрил, вискоза, полиэстер.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
ТАЙМЕР
2)
Жүн мата/Қолмен жуу
40°- Суық
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы минутына 1000
айналым
Ең үлкен салмақ 2 кг
Машинада жууға болатын жүн мата мен қолмен
жуылатын жүн тоқыма, сондай-ақ «қолмен
жуылады» деген затбелгісі бар нәзік маталарға
арналған жуу бағдарламасы.
Ескерім : Бір ғана бұйым не ауыр бұйым тепе-
теңдікті бұзуы мүмкін. Егер құрылғы соңғы
айналдыру циклін орындамаса, кірді көбірек қосып
салып, оларды қолмен таратыңыз да, содан соң
айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
electrolux 15
Бағдарлама – Максимум және минимум
температура – Цикл сипаттамасы – Максимум
айналдыру жылдамдығы – Жүктің максимум
мөлшері – Кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
қорапшасы
Шаю циклы
Шаю – Ұзақ айналдыру
Ең үлкен жылдамдықта айналдыру
Ең үлкен салмақ 7 кг
Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақта
матадан жасалған киім-кешектерді шаюға және
айналдыруға болады. Шаю қарқынын үдету үшін
ҚОСЫМША ШАЮ бағдарламасын таңдаңыз.
Құрылғы бірнеше шаю циклын қосады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ҚОСЫМША ШАЮ
Суды төгу
Суды төгу
Ең үлкен салмақ 7 кг
Суы төгілмей аяқталатын функциясы бар
бағдарламалардың соңғы шаю циклінің суын
төгуге арналған.
Айналдыру
Суды төгу және ұзақ айналдыру
Ең үлкен жылдамдықта айналдыру
Ең үлкен салмақ 7 кг
Қолмен жуылған киім және суы төгілмей
аяқталатын функциясы бар бағдарламалардан
кейін қолданылатын бөлек айналдыру. Тиісті
түймешікті басып, айналдырылатын матаға сай
келетін айналдыру жылдамдығын таңдап алуға
болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
Мақта мата, үнемді
90° - 40°
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен жылдамдықта айналдыру
Ең үлкен салмақ 7 кг
Ақ және бояу берік мақта мата .
Бұл бағдарламаны шамалы не қалыпты кірлеген
мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға
болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты
ұзарады. Бұл қуатты осылай үнемдей отырып, жуу
нәтижесін жақсартуға көмектеседі.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
ТҮНГІ ЦИКЛ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
Көрпе
40° - 30°
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы минутына 700
айналым
Ең үлкен салмақ 2,5 кг
Бір рет жуылатын синтетика көрпе не көрпе
жапқышқа арналған.
5 жейде
30°
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы минутына 900
айналым
Ең үлкен салмақ 1 кг
Шамалы кірлеген жейделерді жууға арналған жуу
бағдарламасы.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
16 electrolux
Бағдарлама – Максимум және минимум
температура – Цикл сипаттамасы – Максимум
айналдыру жылдамдығы – Жүктің максимум
мөлшері – Кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
қорапшасы
Жеңіл үтіктеу
60°- Суық
Негізгі жуу – Шаю циклдары
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы минутына 900
айналым
Ең үлкен салмақ 1 кг
Бұл бағдарламаны таңдаған кезде кір баппен
жуылып, құрысып қалмас үшін ақырын
айналдырылады. Осылай жуғанда үтіктеу оңайға
соғады. Машина бұдан соң қосымша шаю
кезеңдерін орындайды.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЙНАЛДЫРМАУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
O = OFF
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола
тоқтатуға не машинаны өшіруге арналған.
1) Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда, АЛДЫН АЛА ЖУУ функциясы жоқ бағдарламаны таңдау қажет.
2) Егер Аса Жылдам функциясын 9 түймешігін басу арқылы таңдасаңыз, ең үлкен салмақты осы кестеде
көрсетілгендей азайтуды ұсынамыз. Машинаға кірді толтыра салуға болады, бірақ кір жуу нәтижесі аздап
төмендейді. "Кірді жаңарту" немесе "Қатты жаңарту" параметрін таңдасаңыз, салмақты одан да азайтуды
ұсынамыз.
Кептірілген киімдерге арналған БУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
1)
Цикл сипаттамасы
Ұзақтығы Салмақ
Мақта матаны бумен өңдеу
Бұл цикл мақта мата немесе зығырдан жасалған
1-4 жейденің (100% мақта талшықтары), екі
джинсы шалбардың қыртыстануы мен
қатпарларын жазады.
30 минут 1 кг-ға дейін
Синтетиканы бумен өңдеу
Бұл цикл 1-5 синтетика жейде немесе 1 кг аралас
матаның (талшықтарының мөлшері әр түрлі пайыз
бойынша) және 1 кг-ға дейін 100% синтетика
матаның қыртысын жазады. Жібек мата немесе
жүн матаны да салуға болады.
20 минут 1 кг-ға дейін
Бумен жаңарту
Бұл цикл мақта мата және синтетика киімдердің
иісін кетіреді
2)
. Бу киімнен шығатын аңның иісін
кетірмейді.
25 минут 1 кг-ға дейін
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, киімді жеке жуу немесе дақ түскен
жерін тазарту арқылы дағын кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсызданыру циклін орындамайды.
1) Пайдалануға қатысты ақпараттардың барлығы тек жалпылама нұсқаулық ретінде ғана берілген. Кірдің
қыртысын жазу, таңдалған бағдарлама мен текстиль сапасы мен ішіне қандай зат салынғанына
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қажет жағдайда, нәтижені басқа бағдарламаны қолдану не бу
мөлшерін арттыру арқылы жақсартуға болады.
2) Төмендегі киімдерді Бу циклі бойынша жаңартуға болмайды:
Затбелгісінде "Кептіргіш машинада кептіруге болады" деген жазуы жоқ
темір, ағаш немесе сол сияқты заттар тағылған киімдердің барлығын.
electrolux 17
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Тазалау не
жөндеу жұмыстарын жүргізбес
бұрын құрылғыны міндетті түрде
электр желісінен ажыратуыңыз
қажет.
Қақ тазалау
Біз пайдаланатын судың құрамында
әдетте әк болады. Су жұмсартқыш
ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл
пайдаланып отырған дұрыс. Бұны кір
жумай тұрған кезде, жұмсартқыш
ұнтақты өндірушінің нұсқауларына сай
орындаңыз. Бұл әк қағының жиналып
қалуынан сақтайды.
Әрбір жуу циклі аяқталған соң
Есікті біраз уақыт ашып қойыңыз. Бұл
құрылғының ішінде зең пайда болып не
борсық иіс тұрып қалудың алдын алуға
көмектеседі. Әрбір жуу циклі аяқталған
соң құрылғының есігін ашық қалдыру,
есіктің тығыздағышын қалыпты күйде
сақтауға көмектеседі.
Тазалау үшін жуу
Төмен температурадағы
бағдарламаларды пайдаланған кезде
барабанның ішіне қалдық жиналып
қалуы мүмкін.
Машинаны тазалау мақсатында жуу
бағдарламасын мезгіл-мезгіл орындап
отыруды ұсынамыз.
Жуу бағдарламасын машинаны тазалау
мақсатында орындау үшін:
Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
Мақта матаны жууға арналған
бағдарламаны ең жоғарғы
температураға қойып таңдаңыз.
Жуғыш затты қалыпты мөлшерде
пайдаланыңыз, ол биологиялық
қасиеті бар ұнтақ зат болуға тиіс.
Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды сумен
жуыңыз да, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны жуу үшін
метил спирті, еріткіштер не сол сияқты
заттарды пайдалануға болмайды.
Үлестіргіш қорапшасын тазалау
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің
қорапшасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет.
Қорапшаның ұстағышын төмен басып
тұрып сыртқа тартып шығарыңыз.
Оны су шүмегінің астына қойып тұрып,
ұнтақтың қандай да бір жиналып қалған
қалдығы болса оны шайып кетіріңіз.
Тазалық жасау оңай болу үшін қоспа
салынатын қорапшаның үстіңгі жағын
алып қою қажет. Барлығын суға салып
жуыңыз.
Үлестіргіш суырма тұратын камераны
шөткемен тазалаңыз.
18 electrolux
Жуғыш барабан
Жуатын судың құрамындағы тот пайда
болдыратын заттар мен құрамында
темірі су құбырының суы, барабан ішінің
тот басуына себеп болуы мүмкін.
Өте маңызды! Барабанды құрамында
қышқылы бар қақ кетіргіштермен, хлоры
бар жеміргіш заттармен, немесе темір не
болат жөкемен тазаламаңыз.
1. Барабандағы тотты тот баспайтын
болатқа арналған тазалағышпен
тазартыңыз.
2. Тазалағыш заттың қалдығын арылту
үшін жуу циклін ешбір зат салмастан
орындап шығыңыз.
Бағдарлама: Мақта матаға арналған
қысқа бағдарламаны максимум
температураға қойып, шамамен
мөлшерлегіш ыдыстың 1/4 бөлігіне
салынған жуғыш заттан салыңыз.
Есік тығыздағышы
Есіктің тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тексеріп, оның қатпарларының арасына
тұрып қалуы мүмкін заттарды алып
қойыңыз.
Су сорғыш
Су сорғышты уақытылы тексеріңіз,
әсіресе:
машина суы сарқылмаса және/не ол
айналмаса;
суды төккен кезде түйреуіш, тиын т.б.
заттар сорғышты бітеп тастаса,
машинадан өзіне тән емес шуыл
шығады.
су төгуге қатысты ақаулық орын алды
(қосымша ақпаратты “Келесі жағдайда
не істеу керек...” тарауынан алыңыз).
Назарыңызда болсын! Сорғыштың
есігін ашардың алдында құрылғыны
сөндіріп, ашасын розеткадан
алыңыз.
Келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Құрылғыны ажыратыңыз.
2. Қажет болса су суығанша күтіңіз.
3. Сорғыш есігін оның кертігіне тиын
салып тұрып көтеру арқылы (не
нұсқаулық кітапша салынған қалтада
болуы мүмкін арнайы құралды
пайдаланыңыз, құралдың түрі
машина үлгісіне байланысты)
ашыңыз.
electrolux 19
1
2
4. Жалпақ шыныаяқты су төгілсе құйып
алу үшін сорғышқа жақын қойыңыз.
5. Тістеуікті пайдалана отырып суды
тосын жағдайда төгуге арналған
тығынды сүзгі қақпағынан алыңыз.
6. Су ағуын тоқтатқан кезде сорғыштың
қақпағын сағат бағытына қарсы
тістеуікпен бұрап ағытыңыз да,
сүзгіні алыңыз. Қақпақты алғанда су
ағып кетсе сүртіп алу үшін шүберек
әрқашан дайын тұрсын.
Сүзгіні ағып тұрған сумен жуып,
мамық тұрып қалса оны алыңыз.
1
2
7. Сорғыш тағаны мен импеллеріндегі
бөгде заттар мен мамықты алыңыз.
8. Сорғыш импеллерінің айналатын-
айналмайтындығын тексеріңіз (ол
кенет айналады). Айналмаса қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
9. Сүзгіні сорғыштағы орнына, тиісті
бағыттағыштарға дәл келтіре
отырып салыңыз. Сорғыш қақпағын
сағат бағыты бойынша бұрап,
мықтап жабыңыз.
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60

Electrolux EWF127570W Používateľská príručka

Typ
Používateľská príručka