Кірді машинадан алыңыз да,
барабанның бос екенін мұқият
тексеріңіз. Енді кір жумайтын болсаңыз,
су құятын шүмекті жабыңыз. Зең мен
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті
ашық қалдырыңыз.
Күту режимі: бағдарлама аяқталғаннан
кейін бірнеше минут өткен соң, қуатты
үнемдейтін режим іске қосылады.
Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез
келген түймешікті басу арқылы
құрылғыны қуатты үнемдейтін
режимнен шығаруға болады.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нəзік мата, жүн тоқыма.
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ САЛМАС БҰРЫН
Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш ре
т
жуғанда бояуы шығуы мүмкін;
сондықтан да оларды алғашқыда жеке-
жеке жуу қажет.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Іл
гектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
ДАҚТАРДЫ КЕТІРУ
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен
жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды
кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні
бойы жібітіңіз де, содан соң сабынды
суға салып ысқылаң
ыз.
Майлы сырдан қалған дақ: дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
сіңіріп алыңыз; осыны бірнеше рет
қайталаңыз.
Кеуіп қалған май
дақтары:скипидармен жібітіңіз де,
киімді жұмсақ заттың үстіне қойып,
мақтадан жасалған матаны даққа
қойып, оны саусағыңыздың ұшымен
басып сіңіріп алыңыз.
Тот:ыстық суға ер
ітілген қымыздық
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:ағартқышпен сүртіңіз де
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап
ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез
шығатын түсті ки
імдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның
үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарыда көрсетілгендей
ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген
қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Қызыл шарап:жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай
а
лдымен
матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
electrolux 15