• Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
• Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза жəне кір
су құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кəсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
• Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кəсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
• Бұл
өнім сипатына өзгеріс енгізу не
өзгеріс енгізуге əрекеттену қатерлі
жағдайға ұшыратады.
• Жоғарғы температурада жуу жəне бу
бағдарламаларын пайдаланған
кезде, пеш есігінің шынысы қызып
кетуі ықтимал. Оған қол тигізбеңіз!
• Кішкене үй жануарларының
барабанға өрмелеп кіріп кетуіне жол
бермеңіз. Бұның алдын алу үшін
машинаны пайдаланбас бұрын
барабанның ішін тексеріп алыңыз.
• Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда
шеге
, тас не басқа да қатты, өткір
заттар шексіз зиян келтіретіндіктен
оларды машинаға салмау керек.
• Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты
тек көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Бұл заттарды
шамадан тыс көп мөлшерде
пайдалану матаға зиян келтіреді. Бұл
заттардың пайдаланылатын
мөлшерін анықтау үшін өндіруші
нұсқаулығын қараңыз.
• Шұлық, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға
арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы жəне ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
• Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
• Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң оны
əрқашан электр желісінен ағытып,
суды тоқтатып қойыңыз.
• Машинаны ешбір жағдайда
өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Əрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
• Құрылғы тұрмыстағы стандартты кір-
қоңды кептіру мен бумен күтім
көрсетуге арналған. Құрылғыны басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
• Тек ғана машинада жууға болатын
матадан жасалған заттарды
ғана
жуыңыз. Əр киімнің затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
• Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың
салынып тұрғандығын тексеріңіз.
Тозығы жеткен не жыртық заттарды
жумаңыз, сыр, сия, тот, шөп нілінен
қалған дақтарды алдын ала кетіріңіз.
Сым өткізілген төс тартқыштарды
машинада жууға БОЛМАЙДЫ
.
• Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
• Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; əрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
• Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі
жағы ашық қалған кір жуғыш
машинаны ешқашан
пайдаланбаңыз.
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой
кемістігі бар, немесе осы құрылғыны
қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамның (соның
ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін
electrolux 3