Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ 12
Орнату туралы нұсқаулар _ _ _ _ _ _ _ 13
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар _ _ _ 17
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 18
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Өз қауіпсіздігіңіз үшін жəне құрылғы
дұрыс жұмыс істеуі үшін оны орнатып,
пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Осы нұсқаулықты
əрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да,
көшірсеңіз де, онымен бірге қалдырыңыз.
Пайдаланушылар құрылғының жұмысы
мен қауіпсіздік функцияларын толық білуге
тиіс.
Балалар мен дəрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Кембағал,
сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі
кем, құрылғыны қолдану тəжірибесі жоқ
немесе қолдана білмейтін адамдарға,
балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Құрылғыны қолдану барысында жə
не
қолданып болғаннан кейін суығанша
балаларды алыс ұстаңыз.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
• Құрылғыны бірінші рет пайдаланар
алдында барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін алыңыз.
• Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
• Күйіп қалу қаупі бар! Темірден жасалған,
мысалы ас үй құралдарын немесе
табаның қақпағын пештің үстіне
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Кардиостимуляторы бар науқастар
денесінің үстіңгі жағын іске қосылып
тұрған индукциялық алаңнан кем
дегенде 30 см жоғары ұстауы керек.
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
қаупі бар! Қатты қызған тоңмай мен
өсімдік майлары тез тұтануы мүмкін.
Дұрыс пайдалану
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
• Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы!
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының үстіне немесе жанына
жанғыш сұйықтықтар мен
материалдарды немесе балқығыш
(пластмассадан не алюминийден
жасалған) заттарды қоймаңыз жəне
сақтамаңыз.
• Құрылғыны жақын розеткаларға
жалғаған кезде абай болыңыз. Электр
сымдарын құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тигізбеңіз. Электр сымдарының
оратыл
уына жол бермеңіз.
Құрылғы ақаулығының алдын алу
жолдары.
• Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің
керамика бетіне құласа, оны бүлдіруі
мүмкін.
• Шойын, алюминийден жасалған, не
түбіне нұқсан келген ыдыстар шыныға
12