Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы
ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін
өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте
қарау үшін сақтап қойыңыз.
Адаптор суланбағандығына көңіл бөліңіз.
Адапторда трансформер бар. Адапторды кесіп
алып тастап, оның орнына басқа шанышқы қоюға
болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген
вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін волтажбен
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
Бұл құрылғы физикалық, сезімталдық немесе ақыл-
ой қабілеттері төмен адамдардың (оның ішінде
балалар), тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың
қолдануына арналмаған, олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп,
құрылғы қалай қолданылатынын түсіндіруі тиіс.
Балаларды бақылап, олардың құрылғымен
ойнамауы қадағалынуы керек.
Құралды тек 15°C және 35°C температурасы
аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және
сақтауға болады.
Тек осыған қосымша берілген адапторды ғана
қолданыңыз.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
болмайды, және оны ағын судың астында да
шаюға болмайды.
Егер адаптор зақымдалған болса, қауіпті жағдай
туғызбас үшін, оны түпнұсқалық түрімен ғана
ауыстырған жөн.
Бұл құрал тек адамның сақалын күзеуге арналған.
Құралды басқа мақсатта қолдануға болмайды.
Құралдың өзі немесе оның қосымша
саймандарының біреуі сынған немесе зақымдалған
болса, оны қолдануға болмайды, себебі бұл
жарақатқа соғуы мүмкін.
Шу деңгейі: Lc = 64 dB [A]
Philips компаниясының бұл құрылғысы электрмагниттік
өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай
келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі кезде белгілі
ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құрылғыны
қолдану қауіпсіз деуге болады.
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, оны
толығымен зарядтап алыңыз.
Құралды толығымен зарядтау шамамен 10 сағат алады.
Толығымен зарядталған құрал тоқ сымысыз 35
минутқа дейін жұмыс жасайды.
Ескертпе: Құрал тоққа қосылып тұрған кезде жұмыс
істемейді Егер батарея таусылса, оны жоғарыда
айтылғандай зарядтаңыз.
1 Құралды міндетті түрде өшіру керек (Cурет 1)
2 Тоқ сымын тікелей құралға қосыңыз (Cурет 2).
3 Адапторды қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.
Құрал зарядталып жатқанда оның зарядталып
жатқандығын көрсететін жасыл жарық
жанады. (Cурет 3)
Құралды 24 сағаттан көп уақыт бойы зарядтауға
болмайды.
Құралды алғашқы рет зарядтағаннан соң, оны
батареясы толығымен таусылғанша қолданыңыз.
Құралды сақалды қырқып жатқанда зарядтамаңыз.
Құралды жұмыс барысында, моторы толығымен дерлік
тоқтағанша қолданыңыз. Содан соң батареяны қайта
зарядтаңыз. Бұл процедураны кем дегенде жылына екі
рет қайталаңыз.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
,
Сақалыңызды алатынның алдында, әрдайым
сақалыңызды жәй тарақпен тарап алыңыз.
Егер сіз сақалыңызды алғашқы рет күзеп
тұрған болсаңыз, абайлаңыз. Триммерді өте тез
жылжытпаңыз. Жай және бірқалыпты қозғалтыңыз.
1 Дәлме дәлдікті бекітетін зуммерді ` керекті
шаш ұзындық реттеуіне қойыңыз (кестені
қараңыз). (Cурет 4)
Ұзындықты реттеу мен оған сәйкес келетін шаш
ұзындығын төмендегі кестеден қараңыз.
Нұсқау Нәтижесінде алатын шаш
ұзындығы
1 1,5 мм
2 2.5 мм
3 4mm
4 5,5 мм
5 7,5 мм
6 9.5 мм
7 12 мм
8 15 мм
9 19 мм
Таңдаған реттеулер Дәлме дәлдікті бекітетін
зуммердің ` астындағы терезеде пайда болады.
Ескертпе: Алғаш рет кескенде, құралға үйренгенше, ең
жоғарғы бағдарламадан бастаңыз (9).
2 Құралды қосыңыз.
3 Сақалыңызды ең тиімді жолмен кесу үшін,
кесетін қайшыны шаштың өсу бағытына қарсы
жылжытыңыз. Тарақ беті сіздің теріңізбен толық
байланыста болуы тиіс (Cурет 5).
4 Егер тараққа көп шаш тұрып қалып жатса,
тарақты шығарып алып, шашты үрлеп немесе
сілкіп түсіріп тастаңыз. Бұл жағдайда таңдаған
ұзындықты реттеу өзгермейді (Cурет 6).
1 «Қылшықты түр» алу үшін, қосымша бөлшек
ретінде келетін сақал кесетін тарақты 1 шаш
ұзындық бағдарламасына орнатыңыз (Cурет 7).
Құралды тарақсыз сақалды толығымен және жеке
шаштарды күзеу үшін қолдануға болады.
1 Тарақты алу үшін оны құралдан
тартыңыз (Cурет 8).
Тарақтың қозғалмалы ұшынан тартуға болмайды.
Әрдайым оның төменгі бөлігінен ұстап тартыңыз.
2 Құралды қосыңыз.
3 Жақсы бақыланған қозғалыстар жасап, ұстараны
шаштарға жеңіл тигізіңіз (Cурет 9).
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды,
немесе жанар май, немесе ацетон тәріздес агрессивті
сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға
болмайды.
1 Құралды тазалар алдында оның сөндірілгенін
және тоқтан алынып тасталғандығын тексеріңіз.
2 Триммердің тарағын алыңыз.
3 Шаш қырқатын бөлікті ашыңыз (Cурет 10).
4 Қосымша берілген щеткамен шаш қырқатын
бөлікті және құралдың ішін тазалаңыз (Cурет 11).
5 Шаш қырқатын бөлікті жабу үшін оны итеріңіз
(«сырт» ете түседі) (Cурет 12).
Ескертпе: Бұл құралды майлаудың қажеті жоқ.
Ескірген немесе зақымдалған шаш қырқатын бөлікті
тек Philips берген қызмет орталықтарында табуға
болатын Philips түпнұсқалық шаш қырқатын бөлікпен
ғана ауыстыру керек.
1 Шаш қырқатын бөлікті ашыңыз.
2 Ескі шаш қырқатын бөлікті алу үшін оны алға
тартыңыз (Cурет 13).
3 Жаңа шаш қырқатын бөліктің екі ілмегін
бағыттауыш тесікшелерге салыңыз (Cурет 14).
4 Шаш қырқатын бөлікті құралға қайтадан итеріңіз
(«сырт» ете түседі) (Cурет 12).
Қызмет мерзімі аяқталғанда, құрылғыны кәдімгі
қоқыспен бірге тастамаңыз, оның орнына
ресми жинау орнына тапсырыңыз.
Осылайша, сіз қоршаған ортаны сақтауға
көмектесесіз (Cурет 15).
Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын
батарея құрамында қоршаған айналаға тигізер
зиянды заттар бар. Құралды тастар немесе арнайы
жинап алатын орынға берер алдында батареяны
алып тастаңыз. Батареяны арнайы батареялар
жинайтын орынға өткізіңіз. Егер сіз батареяны
шағару сіздің қолыңыздан келмесе, құралды Philips
қызмет орталығына апаруыңызға болады, ондағы
адамдар батареяны сіз үшін алып, оны қоршаған
айналаға зияны тимейтін жағдайда оның көзін
жояды.
1 Құралды тоқтан суырып, моторы тоқтағанша
жұмыс жасатыңыз.
2 Кесетін қайшы орнындағы бұрауыштарды
босатыңыз (Cурет 16).
3 Екі орын бөліктерін бұрағышпен
ажыратыңыз (Cурет 17).
4 Жебемен белгіленген басылған монтажды
платада орналасқан кішкене тесікшеге
бұрауышты тығыңыз. Бұрауышты төмен
қарай басылған монтажды плата бөлінгенше
итеріңіз (Cурет 18).
5 Батерея ұстағышын, батареясымен қоса құралдан
алыңыз (Cурет 19).
6 Қайта зарядталатын батареяны, батарея
ұстағышынан ажыратыңыз (Cурет 20).
Құралды ашқаннан кейін, кұралды қайтадан тоққа
қосуға болмайды.
Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде
шешілмеген мәселе болса, Philips’тің интернет
бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе
өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына
телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз дүние жүзі
бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз).
Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы
жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips
дилеріне арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге арналған
құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV
бөліміне арзызданыңыз.
-
-