• Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті емес
физикалық құбылыс) байланысты
құрылғының ішінде кенет пайда
болатын сырт-сырт еткен дыбыс.
• Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі мүмкін.
Қуатты үнемдеуге арналған кеңестер
• Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
• Егер ортаның температурасы жоғары
болса және Температура тетігі төмен
температура мәніне қойылса және
құрылғының іші толып тұрса,
компрессор үздіксіз жұмыс істеп,
буландырғышқа қырау немесе мұз
қатуы мүмкін. Бұндай жағдайда,
автоматты түрде жібітуге мүмкіндік
беріп, электр қуатын үнемдеу үшін
Температура тетігін жылырақ
параметрге қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты
ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
• жылы тағамды немесе буы бұрқырап
тұрған сұйықтарды тоңазытқышқа
қоймаңыз
• әсіресе иісі күшті шығатын тағамдардың
бетін жабыңыз немесе орап қойыңыз
• тағамдарды ауа еркін айнала алатын
етіп орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңес:
• Ет (барлық түрі) : полиэтилен таспаға
орып, көкөніс тартпасының үстіңгі
жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
• Сақтық шарасын орындау үшін тағамды
осылайша бір немесе ең көбі екі күн
ғана сақтаңыз.
• Піскен тағамдар, салқын тағамдар,
т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып, кез
келген сөреге қоюға болады.
• Жемістер мен көкөністер: бұларды
әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға
салыңыз.
• Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін
арнайы сауыттарға салып немесе ауаны
мүмкіндігінше кіргізбеу үшін алюминий
жұқалтырға не полиэтилен қалтаға орап
салу керек.
• Шөлмектер: оларға қақпақ жауып, есіктің
шөлмек сөресіне немесе шөлмек
сөресіне (бар болса) сақтау керек.
• Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта сақтау
керек.
Мұздатуға қатысты ақыл кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы жүзеге
асыру үшін мына маңызды кеңестерді
ұсынамыз:
• 24 сағатта мұздатуға болатын тағамның
ең көп мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы кезде ешбір мұздатылатын
тағамды қосып салуға болмайды;
• жоғары сапалы, жаңа және әбден
тазаланған тағамдарды ғана
мұздатыңыз;
• тағамды жылдам және әбден мұздату
үшін, сондай-ақ кейін тағамды қажетті
мөлшерде ғана жібіту үшін аз мөлшерге
бөліп, жеке-жеке сақтаңыз.
• тағамды алюминий жұқалтырға немесе
полиэтилен орамға орап, тағам
орамдарының ауа өткізбейтініне көз
жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамның температурасы
жоғарылап кетпес үшін, жаңа,
мұздатылмаған тағамды мұздатылған
тағамға тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар, майлы тағамға
қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын қысқартады;
• мұзды мұздатқыш бөліктен ала сала
пайдаланса, теріні қарып жіберуі мүмкін;
• тағамды сақтау уақытын есепке алып
отыру үшін, әр орамның сыртына
мұздатылған ай-күнін жазып қою
ұсынылады.
Мұздатылған тағамды сақтау
бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына
көз жеткізіңіз;
www.zanussi.com 17