немесе электр қатеріне ұшырап қалу қаупі
бар.
Назарыңызда болсын! Электр
бөлшектерінің кез келгенін (қорек сымы,
аша, компрессор) тек ғана уәкілетті қызмет
көрсету маманы немесе білікті маман
ауыстыруға тиіс.
1. Қорек сымын ұзартуға болмайды.
2. Розеткаға жалғанатын ашаның, құрылғы
артында жаншылып немесе бүлініп
қалмағанын тексеріңіз. Жаншылып
немесе бүлініп қалған аша қатты қызып
кетіп, өрт қатерін тудыруы мүмкін.
3. Құрылғы ашасының қол жетерлік жерде
болуын қамтамасыз етіңіз.
4. Қорек сымын тартпаңыз.
5. Егер аша сұғылатын розетка босап
қалса, оған ашаны сұқпаңыз. Электр
қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі
бар.
6. Шамның қақпағы орнында болмаса,
құрылғыны іске қосуға болмайды
5)
қақпағы бар болса.
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Құрылғыны
жылжытқанда абай болу керек.
• Қолыңыз дым/су болса, тоңазытқыш
камерасында тұрған заттарды алмаңыз,
бұл терінің үсіп немесе зақымданып
қалуына әкеліп соғады.
• Күн сәулесінің құрылғыға ұзақ уақыт тікелей
түсуіне жол бермеңіз.
Күнделікті қолдану
• Құрылғының пластик бөліктеріне ыстық
кәстрөл қоймаңыз.
• Тұтанғыш газ бен сұйықтарды тоңазытқыш
ішінде ұстамаңыз, себебі олар жарылып
кетуі мүмкін.
• Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығаратын саңылауға тура қарама-қарсы
орналастырмаңыз.
6)
• Мұздап тұрған тағамды бірден жібітіп
алғаннан кейін қайта мұздатуға болмайды.
• Орамы бар мұздатылған тағамды, аталмыш
өнімнің өндірушісінің нұсқауларына сай
сақтаңыз.
• Құрылғы өндірушісінің тағам сақтауға
қатысты нұсқауларын мұқият орындау
қажет.
• Газдалған сусындарды тоңазытқыш
камераға салмаңыз, себебі сусын сауытына
қысым түсіп жарылып кетуі, нәтижесінде
құрылғыға зиян келуі мүмкін.
• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте
жесе, тілді қарып кетуі мүмкін.
Күтім көрсету және тазалау
• Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе,
электр қуатын өшіріп қойыңыз.
• Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
іші мен барлық ішкі керек-жарақтарын,
аздап нейтрал сабын қосылған жылы сумен
жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін
иісті кетіріңіз, содан кейін мұқият
құрғатыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
• Құрылғы мұзын жылдам еріту үшін ешқашан
шаш кептіргіш немесе басқа қыздырғыш
құрылғыларды қолданбаңыз. Артық қызу
құрылғының ішкі пластик бөлшектерін
бүлдіруі мүмкін, және электр жүйесіне
ылғал кіріп, оның бойына тоқ жүгіруіне
себеп болуы мүмкін.
• Тоңазытқыштағы еріген суды ағызуға
арналған саңылауларды мезгіл-мезгіл
тексеріп отырыңыз. Қажет болса, тазалап
отырыңыз. Су ағатын саңылау бітелсе,
еріген су құрылғының астына жиналады.
Орнату
Өте маңызды! Электр желісіне қосарда,
арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
сатып алған жерге дереу хабарлаңыз.
Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде
айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету
жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын
бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп
қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын
әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына
жақын орналастыруға болмайды.
• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының
қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз
етіңіз.
5) Егер ішкі жарықтама шамының
6) Құрылғыға қырау тұрмаса
10 electrolux